ұзаққа созылса, паренхималық элементерде атрофия дамиды және фибробластылардың
белсенділігі артып, коллаген көп түзіліп, склероз өрістейді.
Даму
себептері мен
жағдайларына қарай, қаназдық: ангиоспазмдық
(рефлекторлық), обтурациялық, компрессиялық, қан мүшелер арасында
алмасатын түрлерге бөлінеді.
Ангиоспазмдық (
рефлекторлық )
қаназдық – әртүрлі тітіркендіргіштердің
әсерінен артериялар жиырылып, тарылған (спазм) кезде дамиды. Мысалы,
ауыртатын тітіркендіргіштің әсерінен артерияның қабырғасы жиырылып
тарылады, сондықтан дененің сол жеріне қан аз келеді. Қан тамырын
тарылтатын дәрілер (адреналин) тап осындай әсер етеді. Кері әсерлі эмоция
кезінде байқалатын қаназдық та – ангиоспазмдық ишемияның бір көрінісі
(«жауапсыз эмоциялық ангиоспазм»).
Обтурациялық қаназдық артерияның саңылауы тромбымен, эмболмен немесе
қабырғасы қабынған қан тамырын дәнекер тін жайлап (облитерациялы
эндартериит) бітегенде, артерияны атеросклероз түйнегі күрт тарылтқанда
дамиды. Тромбоздан дамыған обтурациялық ишемияға кейде ангиоспазм
жалғасса, енді бірде, артерияны тромб немесе эмбол бітегенде ангиоспазм
қосарланады.
Компрессиялық қаназдық артерияны ісік, жиналған экссудат, серіппелі бау,
байлаған жіп қысқан кезде байқалады.
Қанның мүшелер арасында алмасуы анемиядан кейінгі гиперемияға тән.
Мысалы, құрсақтағы сарысуды тым тез шығарған кезде қысым азайған жерде
қан ағысы күрт үдеп, мида күрт азайғандықтан, керісінше, ишемия дамиды.
(«
Артериялық толыққандылықты» қара
).
Қаназдықтың
маңызы мен
зардабы даму
себептері мен мерзіміне
байланысты. Мысалы, артерияның қысқа мерзімді спазмы, әдетте айтарлықтай
өзгеріс дамыта қоймайды. Ал, спазм ұзақ болса, дистрофиялық үдерістер, тіпті
ишемиялық некроз (инфаркт) дамиды. Обтурациялық жедел қаназдықтың қаупі
ерекше, өйткені инфаркт жиі байқалады. Егер артерияның саңылауы біртіндеп
баяу бітелсе, қанайналымы коллатеральдар арқылы қалпына келіп үлгереді де,
зардабы шамалы болуы мүмкін. Дегенмен, ұзақ мерзімді қаназдық ертелі-кеш
паренхималық элементтерде атрофия дамытып, склероз өрістеді.