Нуржігіт Алтынбеков
121
гранулаларынан серотонин мен тромб түзетін табақшалық фактор бөлініп,
тромбопластин жанданып, қанның келесі ұю фазасына түрткі болады.
59-сурет. Тромб түзілуінің морфогенезі:
а — тромб түзілуінің бірінші кезеңі. Зақымдалған эндотелийдің
(Эн) маңында шоғырланған тромбоциттер (Тр). 14000 (Ашфорд пен Фрименнен); б — тромб түзілуінің
екінші кезеңі. Эндотелийі қираған жерде шоғырланған тромбоциттер (Тр1) мен фибрин (Ф); Тр2 —
зақымдалмаған тромбоцит.
7500 (Ашфорд пен Фрименнен); в — фибриннен, лейкоциттер мен
агглютинациялы эритроциттерден құрылған тромбылық жентек.
Фибриногеннің коагуляциясы
мен
фибриннің түзілуі
(59-суретті
қ
ара) –
ферменттік реакция (тромбопластин → тромбин → фибриноген → фибрин).
Сондықтан ретракциялайтын ферменті бар табақшаның (табақшалық
ретрактозим) «жалаңаш» орталығы (грануломер) фибриннің қалыбына
айналады. Табақшалар ыдырағанда шыққан қан тамырларын, серотонин сияқты,
тарылтатын ретрактозимнің белсенді әсерінен «сығымдалған» фибрин
жентегінің құрамына
лейкоциттер
,
агглютинацияланған эритроциттер
мен
қан
плазмасының преципитациялайтын белоктары
кіреді (59-суретті
қара).
Достарыңызбен бөлісу: