Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет182/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиялық факторлардың
ішінде 
созылмалы вирустық инфекциялар

радиация
мен 
генетикалық
ауытқудың
маңызы ерекше аталады. Этиологиясы 
мен 
патогенезі
тығыз сабақтас. Аутоиммундық аурулардың патогенізінің 
алдыңғы, түрткі және желеу факторлар тобы бар. 
Алдыңғы факторлар
тобына 
HLA жүйенің иммундық жауабының белгілі бір гендерге қатысты жеке 
тұлғалық ерекшеліктері; гормондық жүйенің, әсіресе жыныстық ерекшелігі 
(ерлерге қарағанда, әйелдерде аутоиммундық аурулар 5-9 есе жиі), нысана-
жасушалардың иммундық үдеріске қатысты тектік негіздегі ерекшеліктері 
жатады. Бұл факторлар сабақтастығы қолайсыз болса, аурудың даму қаупі 50%. 
Түрткі факторлар
ретінде вирустық және бактериялық аурулардың, иммундық 
жүйенің мүшелері мен нысана-мүшелерге физикалық және химиялық әсерін 
атауға болады. Аутоиммундануға 
желеу факторлар
қатарына иммундық 
жүйенің 
дисфункциясы, 
Т-лимфоциттердің 
және 
антиидиопатиялық 
антиденелердің супрессорлық әрекетінің құлдырауы жатады. 
Аутоиммундық
аурулардың
негізі 
— 
аутоиммундану; 
олар 
аутоантидененің, қанайналымындағы аутоантигенді иммундық кешеннің және 
иммундық эффектор-жасушаның (лимфоцит-киллер) организмнің өз тінінің 
антигеніне қарсы әсерінен, яғни аутоагрессиядан дамиды. Сондықтан бұл 
аурулар 
аутоагрессиялық аурулар
деп аталады. 
Аутоиммундану 
механизмі
негізінде аутоиммундық аурулар екі топқа 
бөлінеді. 
Бірінші топқа
органспецификалы аурулар жатады. Иммунологиялық 
әсерден шектелген мүшелердің физиологиялық бөгендері зақымдалғанда 
дамыйтын бұл аурулардың барысында иммундық жүйе организмнің өз 
антигеніне қарсы аутоантиденелер мен сенсибилизациялы лимфоциттер түзу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет