Нуржігіт Алтынбеков 225
бөлімдерінде туындай алады. Диаметрі 5-10 см жетіп, жиегі үнемі айқын
шектеле қоймайды. Реңі біркелкі кесіндісінде, кейде киста болады; құрамында
қан тамырлары аз. Бұл ісік баяу өседі.
Астроцитоманың үш варианты бар: фибриллалы, протоплазмалы және
фибриллалы–протоплазмалы (аралас).
Фибриллалы астроцитомада параллель
қосарласа жайғасқан глиялық талшықтардың будалары мол, ал астроцит тектес
жасушалар аз (123-сурет).
Протоплазмалы астроцитома көлемі әртүрлі
өсінділері көп, астроцит тектес жасушалардан құрылады. Көршілес
жасушалардың өсінділері торлана өріліп, өрмелер түзеді.
Фибриллалы- протоплазмалы (аралас) астроцитома құрамындағы астроциттер мен
жасушалардың глиялық өсінділерінің үлесі бір мөлшерде болып қалыптасады.
Астробластома (қатерлі астроцитома) – сирек кездесетін ісік; оған
құрамындағы жасушаларының полиморфизмі, жылдам өсіп, ми сұйықтығы
жүретін жолдар арқылы метастаздану әрі некроз ошақтарын қалыптастыру тән.
123-сурет. Астроцитома. Олигодендроглиялық ісіктер Олигодендроглиялық ісіктерге қатерсіз –
олигодендроглиома мен қатерлі –
олигодендроглиобластома жатады.
Олигодендроглиома – тіні біртекті
бозғылттау қызғылт түсті, ұсақтау жұмыр немесе сопақша жасушалардан
құрылатын қатерсіз ісік; оған ұсақ кисталар мен ізбес шөгінділері тән.
Олигодендроглиобластома – жасушалары полиморфизмді, патологиялық митоз
мол, некрозды ошақтары бар
қатерлі олигодендроглиома .
Эпендималық ісіктер және хориоидтық эпителийдің ісіктері Бұл топтың қатерсіз ісіктеріне эпендимома, ал қатерлі ісіктеріне –
эпендимобластома мен хориоидкарцинома жатады.
Эпендимома –
ми қарыншаларынаң эпендимасынан дамитын қатерсіз ісік. Ол
біразында кисталар мен некроз ошақтары бар интравентрикулалық немесе
экстравентрикулалық түйін түрінде қалыптасады; қан тамырларын қоршай
жайғасқан уни- немесе биполярлы жасушалар шоғыры (псевдорозетка) мен
эпителиймен астарланған қуыстар (шынайы розетка) тән.
Эпендимабластома – эпендимоманың қатерлі ағымды варианты (
қатерлі эпендимома ). Ересектерде ол глиобластомаға ұқсап, балаларда дамыса,
медуллобластома тәрізді болады. Ісік жылдам әрі төңірегіндегі тіндерді
инфильтрациялап өседі де, ми сұйықтығы жүретін жүйені қуалай метастаз
жаяды.
Хориоидтық папиллома (хариоидпапиллома )
–
ми қан тамырлары өрімдерінің
эпителийінен дамитын папиллома. Ми қарыншаларында туындайды (124-
сурет). Ол – үстіңгі бетінде текше немесе призмалық эпителий жасушаларынан
түзілген бүрлері көп түйін.