Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет261/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
225
бөлімдерінде туындай алады. Диаметрі 5-10 см жетіп, жиегі үнемі айқын 
шектеле қоймайды. Реңі біркелкі кесіндісінде, кейде киста болады; құрамында 
қан тамырлары аз. Бұл ісік баяу өседі. 
Астроцитоманың үш варианты бар: фибриллалы, протоплазмалы және 
фибриллалы–протоплазмалы (аралас). 
Фибриллалы астроцитомада
параллель 
қосарласа жайғасқан глиялық талшықтардың будалары мол, ал астроцит тектес 
жасушалар аз (123-сурет). 
Протоплазмалы астроцитома
көлемі әртүрлі 
өсінділері көп, астроцит тектес жасушалардан құрылады. Көршілес 
жасушалардың өсінділері торлана өріліп, өрмелер түзеді. 
Фибриллалы-
протоплазмалы (аралас) 
астроцитома құрамындағы астроциттер мен 
жасушалардың глиялық өсінділерінің үлесі бір мөлшерде болып қалыптасады. 
Астробластома (қатерлі астроцитома)
– сирек кездесетін ісік; оған 
құрамындағы жасушаларының полиморфизмі, жылдам өсіп, ми сұйықтығы 
жүретін жолдар арқылы метастаздану әрі некроз ошақтарын қалыптастыру тән. 
123-сурет. Астроцитома.
Олигодендроглиялық ісіктер 
Олигодендроглиялық ісіктерге
қатерсіз – 
олигодендроглиома
мен қатерлі – 
олигодендроглиобластома
жатады.
 
Олигодендроглиома 
– тіні біртекті 
бозғылттау қызғылт түсті, ұсақтау жұмыр немесе сопақша жасушалардан 
құрылатын қатерсіз ісік; оған ұсақ кисталар мен ізбес шөгінділері тән. 
Олигодендроглиобластома –
жасушалары полиморфизмді, патологиялық митоз 
мол, некрозды ошақтары бар 
қатерлі олигодендроглиома

 Эпендималық ісіктер және хориоидтық эпителийдің ісіктері 
Бұл топтың қатерсіз ісіктеріне эпендимома, ал қатерлі ісіктеріне – 
эпендимобластома мен хориоидкарцинома жатады. 
Эпендимома

ми қарыншаларынаң эпендимасынан дамитын қатерсіз ісік. Ол 
біразында кисталар мен некроз ошақтары бар интравентрикулалық немесе 
экстравентрикулалық түйін түрінде қалыптасады; қан тамырларын қоршай 
жайғасқан уни- немесе биполярлы жасушалар шоғыры (псевдорозетка) мен 
эпителиймен астарланған қуыстар (шынайы розетка) тән. 
Эпендимабластома
– эпендимоманың қатерлі ағымды варианты (
қатерлі 
эпендимома
). Ересектерде ол глиобластомаға ұқсап, балаларда дамыса, 
медуллобластома тәрізді болады. Ісік жылдам әрі төңірегіндегі тіндерді 
инфильтрациялап өседі де, ми сұйықтығы жүретін жүйені қуалай метастаз 
жаяды. 
Хориоидтық папиллома (хариоидпапиллома

– 
ми қан тамырлары өрімдерінің 
эпителийінен дамитын папиллома. Ми қарыншаларында туындайды (124-
сурет). Ол – үстіңгі бетінде текше немесе призмалық эпителий жасушаларынан 
түзілген бүрлері көп түйін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет