Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет285/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   832
Байланысты:
струков патан

Промиелоцитті жедел лейкоз
бірсыдырғы қатерлілеу және жеделдеу 
ағымымен, 
айқын 
бейнелі 
геморрагиялық 
синдромымен 
ерекше 
(тромбоцитпения мен гипофибрингенемия орын алады). Мүшелер мен тіндерде 
шоғырланатын лейкоздық жасушаларға мына нышандар тән: жасушаның 
ядросы мен жалпы пішіні полиморфизмді болып, цитоплазмасында 
псевдоподийлер мен гликозамингликан түйіршіктері түзіледі (11-
кестені қара
). 
Жедел лейкоздың бұл түрімен сырқаттардың басым көпшілігі миына қан 
құйылып немесе асқазаны мен ішегінен қан кетіп өледі. 
Лимфобластты жедел лейкозға
үлкендерден гөрі балалар жиі шалдығады 
(80%-ы
 
балаларда байқалады). Лейкоздық жасушалар сүйек кемігінде, талақта, 
лимфалық түйіндерде асқазан мен ішектің лимфалық құрылымдарында, бүйрек 
пен айыршық безде көбірек топтасады. Кемікті сүйектер мен жіліктердің кемігі 
қошқыл қызыл түсті, шырынды келеді. Талақ күрт ұлғайып, оның кесіндісінің 
беткейі де қызыл түсті, шырынды болады, құрамдас бөліктерінің бейнесі 
көмескі тартады. Лимфалық түйіндер де (көкірек қуысындағы, шажырқайдағы) 
едәуір ұлғайып, тіні қызғылт түсті, шырынды болады. Айыршық без кейде тым 
ұлғайып, оның тіні де лимфалық түйіндердегідей реңге ауысады. Науқастардың 
біразында лейкоздық жасушалар айыршық без (132-сурет) бен көкірек 
қуысындағы тіндерде тым көбейіп, кеуде қуысындағы мүшелерді қысып 
тастайды. 
132-сурет. Лимфобластты жедел лейкоз. 
Айыршық
 
бездің айналасын жайлаған ісік.
 
Лейкоздың бұл түрінде лимфобластылар көбейеді; олардың цитохимиялық 
ерекшелігі — ядросының төңірегіне гликоген түйіршіктері шоғырланады (11-
кестені 
қара). Лимфобластылар лимфопоэздің Т-жүйесіне жатады, сондықтан 
олар лимфалық түйіндер мен талақтың Т-тәуелді аймақтарын ғана тез жайлап, 
ұлғайтып қана қоймай, сүйек кемігіне де жайылады. Егер лимфобластылар 
лимфалық түйіндерден басқа да құрылымдарда көбейіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет