Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Лимфоцит текті созылмалы лейкоздар



Pdf көрінісі
бет290/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   832
Байланысты:
струков патан

Лимфоцит текті созылмалы лейкоздар 
Бұл лейкоздар екі топқа бөлінген: біріншісін созылмалы лимфолейкоз бен 
оған ұқсайтын лимфоматоз (Сезари ауруы) құраса, екінші топқа 
парапротеинемиялы лейкоздар жатады. 
Созылмалы лимфолейкоз
, әдетте орта жастағы немесе егде тартқан 
адамдарда кездесіп, бірен-саран отбасына да тән. В-лимфоциттерден өрбіп, 
ағымы ұзақ мерзімді әрі қатерсіз келеді. Қанда лейкоциттер күрт (100x10
9
/л 
дейін) көбейіп, лимфоциттер басым болады. Сүйек кемігі, лимфалық түйіндер, 
талақ, бауыр сияқты мүшелерді ісіктік лимфоциттер жайлап, ұлғайтады. Ісіктік 
В-лимфоциттер иммундық глобулиндерді өте аз түзеді, сондықтан гуморальдық 
иммунитет тежеліп, созылмалы лимфолейкоз көбіне инфекциялық аурулармен 
асқынады. Лейкоздың бұл түріне организмнің 
аутоиммундық жауабы
, әсіресе 
аутоиммундық гемолизді және тромбопениялы ахуал тән. 
Созылмалы миелолейкоздың ағымы қатерсіз болғанмен, кейде 
бластлық 
криз
қосарланып, науқас адам ауруы организмді түгел жайлағандықтан 
(генерализация) қайтыс болады. Дегенмен, науқастар, әдетте инфекциялық 
немесе аутоиммундық үдерістерден өледі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
249
Мәйітті зерттегенде
басты өзгерістер сүйек кемігінде, лимфалық 
түйіндерде, талақта, бауырда және бүйректе өрістегені байқалады. 
Жалпақ сүйектер мен жіліктердің 
сүйек
кемігі
миелоидтық лейкоздағыдай 
қызыл түсті болады, бірақ жілік майы ондағыдай толық жойылмайды, сары 
түсті майлы ошақ сияқтанып диафиздерде сақталып қалады. Гистологиялық 
тәсілмен зерттеп, сүйек тінінен ісіктік жасушалардан (134-сурет) түзілген 
ошақтарды көреміз. Ауру меңдесе, сүйек кемігіндегі миелоидтық тінді 
лейкоздық лимфоцитті шоғырлар ығыстырып, кішігірім қан жасайтын 
миелоидтық ұялар ғана қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет