Нуржігіт Алтынбеков 275
қан тамырларының аурулары: қолқа доғасының атеросклерозы және оның түрлі
бөлімдерінің коарктациясы, ірі артериялардың (бұғанаасты, ұйқы) тарылуы, жүйелік
васкулит; тарылған немесе аномалиялы бүйрек артериялары (реноваскулалық
гипертензия).
Этиологиясы. Гипертония ауруы шектен тыс психикалық-эмоциялық
әсерден жоғары жүйке жүйесі зорығып, невроз тектес ауру өрістеп, қан
тамырларының тонусы дұрыс реттелмегендіктен дамиды (Ланг Г.Ф.,1922;
Мясников А.Л.,1954). Тұқымқуалайтын факторлар мен ас тұзын тым көп
пайдаланудың әсәріне де зор мән беріледі.
Патогенезі. Гипертония ауруының даму механизміне: 1) жүйкелік, 2)
рефлекторлық, 3) гормондық, 4) бүйректік және 5) тұқымқуалайтын факторлар
қатысты.
Шетен психикалық-эмоциялық әрекеттен ( жүйкелік фактор ) рефлекторлық пен гуморальдық механизмдер және қан тамырлары қызметін
реттейтін орталық зорығады.
Рефлекторлық факторлар каротидтық синус пен
қолқа доғасының депрессорлық әсерінің тежелуіне, сондай-ақ симпатикалық
жүйке жүйесінің жандануына негізделген. Ал
гормондық факторлар қатарында
гипофиз-диэнцефалдық аймақтың (гипофиздің алдыңғы және артқы бөліміндегі
жасушалар көбейгенде) прессорлық әсері, катехоламиндердің тым көп түзілуі
(бүйрекүсті безінің милық қабаты ұлғайғанда) және бүйректе қан ағысы кеміп,
ренин-ангиотензин жүйесінің жандануы (бүйректің юкстагломерулалық
құрылымындағы жасушалар ұлғайып, секретті түйіршіктер көбейіп, милық
қабаты интерстицийіндегі жасушалар семгенде) аталады.
Гипертонияның патогенезінде
бүйректік факторлардың орны ерекше.
Өйткені бүйректің натрий мен суды сыртқа бөліп шығаратын және ренин,
кининдер мен простагландиндер түзетін қызметі — артериялық қысымды
реттейтін басты механизмдердің бірі.
Қанайналымы жүйесін реттейтін механизмдер қатарында бүйректің өзіндік орны бар.
Ол артериялардағы систолалық қысымның ұзақ уақыт бір деңгейде тұруын кері
байланыс механизмі негізінде қамтамасыз етеді (
бүйректің баростатикалық қызметі ).
Бұл жүйедегі кері байланысты артериялық қысымды реттеуге қатысты мынадай
жүйкелік және эндокриндік механизмдер жүзеге асырады: баро- және хеморецепторлық
дербес жүйкелік жүйе мен ми бағанындағы тамырлардың қызметін реттейтін орталық
ренин-ангиотензин жүйесі; нерв-эндокриндік жүйе (вазопрессин, окситоцин),
кортикостероидтар, натрий-зәр шығару гормоны және жүрекшедегі натрий-зәр шығару
факторы. Сондықтан да созылмалы артериялық гипертензия даму үшін бүйректің
зәршығару қызметінің артериялардың систолалық қысымымен байланыстылығын
бейнелейтін көрсеткіш міндетті түрде жоғарылай түсуі қажет. Бұл феномен «бүйрек
жұмысының басқа қалыпқа көшуі» деп аталады (Гайтон А., 1980). Оның даму
барысында қан әкелетін артериялар тарылып, бүйректің кері ағысты көбейтетін
жүйесінің жұмысы тежеледі, өзекшелердің соңғы бөлімінде судың қайта сорылуы
(реабсорбция) үдейді.