Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет326/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы.
Гипертония ауруының морфологиялық бейнесі 
оның ағымы мен сипатына байланысты, сондықтан алуан түрлі. 
Клиникалық ағымы тұрғысынан бұл ауру қатерлі (қатерлі гипертензия) және 
қатерсіз (қатерсіз гипертензия) деп бөлінеді. 
Қатерлі гипертензия
кезінде артериолалардың іргесі жиырылып, саңылауы 
тарылып, қанның қысымы көтеріледі де, гипертониялық криздің бейнесі 
басымырақ көрініс береді. Криздің өзіндік морфологиялық бейнесі бар: 
артериолалардың қабырғасы жиырылып, 
саңылауы тарылатындықтан 
(151-
сурет), эндотелийлер қада тәріздене тіке жайғасып, олардың базал мембранасы 
кеңірдектене бүктеледі (гофрированность)

плазма сіңіп, фибриноидты некроз
өрістейді (152-сурет), 
тромбылар
түзіледі. Сөйтіп, инфарктілер дамиды, қанды 
дақтар пайда болады. Қазір қатерлі гипертония сирек кездесіп, баяу ағымды 
қатерсіз гипертония ауруы жиірек байқалады.
 Қатерсіз гипертензия
даму мерзімі мен морфологиялық айырмашылықтары 
тұрғысынан: 1) клиникалық бейнеге дейінгі кезеңге; 2) артериялық өзгерістер 
жайлаған кезеңге; 3) артериялық өзгерістерден мүшелер қанайналымы 
бұзылып, мүшелік өзгерістер дамыған кезеңге жіктеледі. Дегенмен, қатерсіз 


Нуржігіт Алтынбеков 
277
гипертензияның бұл үш кезеңінің әрқайсысында да 
гипертониялық криз
дамып, оған тән морфологиялық бейне орын алатынын ескерген жөн. 
151-сурет. Гипертония ауруы. Артериолалар спазмы
. Қан тамырының саңылауы (ҚС) жиырылып 
тарылған. Эндотелийлік жасушалар (Эн) тығыз жабысып, эндотелийаралық кеңістік көрінбейді; 
базал мембрана (БМ) кеңіректене бүктелген және ыдыраған, ішкі эластикалық мембрана (ЭМ) 
бөлшектенген. БСЖ — бірыңғай салалы бұлшықеттік жасуша. Электронграмма. 16 000 (Спиро 
ж.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет