Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет34/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
38
Табақша кешеннің әрекеті мен секрет түзуінің өзгеруіне сәйкес келетін екі түрлі 
негізгі морфологиялық бейнесі

гипертрофия және атрофия. 
Гипертрофия

мембраналары, түзінді гранулалары, везикулалар мен 
вакуольдері көбейіп, табақша кешеннің ұлғаюы

ол синтездің және белоктар
гликолипидтер мен полисахаридтер түзілуінің жанданғанын көрсетеді (15-
сурет). Әдетте, эндоплазмалық тордың гиперлазиясы табақша кешеннің 
ұлғаюымен сабақтаса дамып, табақша кешеннің сыртында және цитоплазмада 
түзінді түйіршіктер мен везикулалар көбейеді. Кейде түрлі заттардың 
түзілуінен, бөлініп шығарылуы бәсең болып, тек қана ұлғайған табақша 
кешенге жиналып, оны зақымдауы мүмкін. Мысалы, іркілген өт (холестаз) 
табақша кешенге жиналады. 
 
15-сурет. Подоцит. Табақша кешендік мембаранасының гиперплазиясы
. 20 500.
 
Атрофия

құрамдас бөліктері кеміп (редукция), түзінді түйіршіктер мен 
вакуольдері азайып, табақша кешеннің кішіреюі

ол осы кешеннің әрекетінің 
бәсеңдегенін көрсетеді. Бұның бір себебі 

организмде белок қорының 
жеткіліксіздігі (ашыққанда); ондайда цитоплазмада түзінді түйіршіктер азайып, 
эндоплазмалық тор да семеді. Табақша кешен әрекеті бәсеңдеуінің тағы бір 
себебі 

табақша кешен мен эндоплазмалық тордың әрекеттестігі бұзылып
жасушалық конвейердің «зақымы». Бұл жағдайда эндоплазмалық тор көбейіп, 
әрекеті жанданып цитоплазманы түзінді түйіршіктер мен вакуольдер жайлайды.
Митохондриялар
Митохондриялар жасушадағы ең тұрақсыз құрылым. Әрекеті артқан немесе 
зақымдалған жасушада алдымен осы митохондриялар өзгереді. Түрлі 
патологиялық үдерістер мен аурулардың зардабынан митохондрияларда 
дамитын өзгерістер, әдетте біртекті. Дегенмен, кейбір патологиялық 
жағдайларда митохондрияларға тән өзгерістер нышаны да ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет