Орталық оклюзия жағдайында тіс қатарларының түйісуі тістем деп аталады.
Тістем екі топқа бөлінеді.
Физиологиялық тістем
-шайнау сөлеу қызметін толық қамтамасыз ететін және эстетикалық жағынан алғанда адамның бет әлпетінің пішінін бұзбайтын ,өзгертпейтін тістем жатады.
Патологияық тісем
-шайнау ,сқһөйлеу қызметтерімен қатар адамның бет пішіні өзгереді.
Тістемдердің физиологиялық және патологиялық деп бөлінуі шартты.Кейбір жағдайларда,мысалы пародонт ауруларында немесе олардың ығысуында физиологиялық тістем патологиялық тістемге өтуі мүмкін.
Физиологиялық тістем түрлері.
Ортогнатиялық
Тік тістем
Физиологиялық прогнатия
Опстогнатикалықтістем
Патологиялық тістем түрлері.
Прогнатиялық тістем.
Прогениялық тістем.
Терең тістем.
Ашық тітем.
Қисық немесе қайшы тістем.
Ортогнатиялық тістем- ең көп таралған тістем.Тістем түрін зерттеуді үш бағытта қарастыру керек.
Вертикалды
Сагиталды
Трансверзалды
Ортогнатиялық тістемнің белгілері барлық тістерге қатысты болса, ал басқа тістемнің түрлері тек алдыңғы немесе шайнау тістеріне қатысты болуымен сипатталады.
Ортогнатиялық тістем белгілері. Әрбір тіс екі қарсы (антагонист) негізгі және жанама тістермен түйіседі. Жоғарғы жақ сүйегінің ақыл тістері мен төменгі жақ сүйегінің орталық крек тістерінің бір бірден ғана антогонистері бар.Әр бір жоғарғы тіс өзі аттас төменгі және өзінен кейін тұрған тістермен,ал әбір төменгі тіс өзі аттас жоғарғы және өзінің алдында орналасқан тісермен тұйіседі.Төменгі және жоғарғы тістердің осылайша өзара байланыстылығының ерекшелігі жоғары орталық күрек тістердің анағұрлым жалпақ болуымен түсіндіріледі.Осыған байланысты жоғарғы тістер төменгі тістерге қаағанда дисталды бағытта ығысады.Жоғарғы ақыл тіс төменгі ақыл тіске қарағанда енсіздеу,сондықтан жоғарғы тіс қатарының диталды ығысуы ақыл тістердің тқсында теңеледі жне олардың артқы беттері бір жазықтықта жатады.