Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет422/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   832
Байланысты:
струков патан

 
де
 (
перфорация
)
ойық жаралы ауру асқынған кезде байқалады. Көбіне 
асқазан қалтқысы мен ұлтабар буылтығының алдыңғы іргесіндегі ойық жаралар 
тесіледі. Тесілген жара 
перитонитке
ұшыратады. Тесілген жердің төңірегінде 
алдымен фибринді қабыну дамып, кейін ол жан-жағына жайылып, фибринді-
іріңді қабынуға ұласады. Ол жерде бірікпелер болса, перитонит шектелуі де 
мүмкін. Перитониттің созылмалы нысаны сирек байқалады. Ондай жағдайда 
асқазаннан шыққан заттар дәнекер тінді қабықпен қоршалып, шарбыда 
бөгде 
денелік гранулемалар
пайда болады. Кейде тесік бауырмен, шарбымен, ұйқы 
безі немесе тез қалыптасқан фибринді қабыршықпен жабылып қалады 
(бүркелген тесік). 
Пенетрация
дегеніміз — ойық жараның асқазанды немесе ұлтабарды тесіп, 
өзімен тұстас мүшеге біртіндеп жайылуы. Әдетте, асқазанның немесе ұлтабар 
буылтығының артқы іргесіндегі ойық жара тесіліп, үдеріс көбіне кіші шарбыға, 
ұйқы безінің басына немесе денесіне (198-суретті қара), бауыр-ұлтабараралық 
байламға, ал кейде бауырға, тоқ ішектің көлденең бөлігіне, өт қалтасына 
жайылады. Асқазан ойық жарасы жайылған мүшенің біразы (мысалы, ұйқы 
безі) жидіп кетеді. 
Ойық 
жараның қабынулық зардаптар
тобына 
периульцероздық
(ойық жара 
төңірегіндегі) 
гастрит
пен 
дуоденит

перигастрит
пен 
перидуоденит
жатады. 
Бұл үдерістерден ойық жара мен оның төңірегіндегі мүшелер арасында 
бірікпелер
қалыптасады. Ойық жараның кейбіреуі 
флегмонамен
асқынады. 
Ойық жараның ауыр зардаптарының бірқатары асқазан 
қалтқысы
тыртықтанып
тарылғандықтан
дамиды. Қалтқысы тыртықтанған асқазан 
кеңіп, ондағы ас ұзақ уақыт жылжытылмай, науқас қайта-қайта құса береді, 
организмінде су мен хлоридтер азайып, 
хлоргидропениялық
уремия
(асқазандық 
тетания) байқалады. Кейде асқазанның ортаңғы бөлігі тыртықпен бунақталып, 
екі бөліп, кескіні құмды сағат тәрізді болады. Ал ұлтабар буылтығының артқы 
іргесінде жайғасқан жара тыртықтанған кезде ғана тарылады, қалыпты сиқынан 
таяды. 
Асқазандағы созылмалы ойық жараның 3—5%-ы 
малигнизацияланады
, яғни 
қатерлі ісікке айналады. Ұлтабардағы созылмалы ойық жара өте сирек 
қатерліленеді. Ойық жараның 
құрамдас зардаптарының
ең жиісі — тесіліп, қан 
кету және тұстас мүшеге жайылуы (
пенетрация
). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет