Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


гистогенезі ортақ. Ісіктің  ортақ



Pdf көрінісі
бет425/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   832
Байланысты:
струков патан

гистогенезі
ортақ. Ісіктің 
ортақ
көзі
— дисплазиялы және дисплазиясыз 
жерлердегі камбийлік және ізашар жасушалар. 
Классификациясы

Асқазан 
карциномасын 
клиника-морфологиялық 
тұрғыдан классификациялағанда оның дамыған жері, өсу сипаты, 
макроскопиялық бейнесі мен гистологиялық типі ескерілген. 
Дамыған жеріне
, яғни асқазанның қай бөлімінде қалыптасқанына қарай, ол: 
пилорустық
(50%), 
қабырғаны қамтыған кіші иілімдік
(27%), 
кардиумдық
(15%), 
үлкен
иілімдік
(3%), 
фундустық
(2%

және 
тотал
(3%) 
карцинома
деп 6 
нысанға жіктеледі. Карцинома асқазанда мультицентрлі болып сирек дамиды. 
Сонымен, карциноманың 3\4-і асқазан қалтқысы мен кіші иілімде дамиды. Бұл 
деректің осы кеселді дер кезінде айқындау үшін үлкен мәні бар. 
Өсу сипаты
тұрғысынан, асқазан карциномасы төмендегідей клиника-
морфологиялық нысандарға жіктелген (Серов В.В.,1970). 
Экзофитті экспансиялы өсуі басым карциномалар: 1) түйнек тәрізді 
карцинома; 2) полипті карцинома (оның ішінде асқазанның аденомалы 
полипінен туындаған); 3) фунгустық (саңырауқұлақтәрізді) карцинома; 
4) ойық жаралы карцинома (қатерлі ойық жара); а) асқазанның біріншілік 
ойық жаралы карциномасы; б) табақша тәрізді карцинома (карциномалық 
ойық жара); в) созылмалы ойық жарадан туындаған карцинома (ойық 
жаралық карцинома). 
Эндофитті инфильтрациялы өсуі басым карциномалар: 1) инфильтрациялы-
ойық жаралы карцинома; 2) диффузды карцинома (асқазанды шектеулі немесе 
тотал зақымдаған карцинома). 
Өсуі экзо-эндофитті, яғни аралас карцинома: өтпелі нысандар. 
Карциноманың бұл классификациясында аталған нысандары, оның даму 
фазалары да болып табылады. Сондықтан экзофитті немесе эндофитті өсу 
нысанының басымдығына сүйеніп, карциноманың қай нысаны (фазасы) қандай 
вариантқа ұласатынын болжау әбден мүмкін. 
Микробейнелік
құрылысының 
ерекшеліктері 
тұрғысынан, 
асқазан 
карциномасы: 
аденокарцинома
(түтікті, бүртікті, муцинді), 
толыспаған
(тығыз, 
яғни 
солидті, 
скирр, 
жүзікжасушалы), 
жайпақжасушалы

безді
-
жайпақжасушалы
және 
жіктелмейтін
карцинома
деп аталатын гистологиялық 
нысандарға бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет