өледі . Кейде оларда гепато-реналдық синдром дамиды.
А ЛКОГОЛЬДІК ГЕПАТИТ Алкогольдік гепатит — алкогольдің бауырға уытты әсерінен дамитын ауру;
ол жедел және созылмалы ағымды болады.
Этиологиясы мен патогенезі . Алкоголь (этанол) — гепатоциттерге тікелей
уытты әсері бар у; ол белгілі мөлшерден асса, бауыр жасушаларын жояды.
Этанол зақымды бауырдың жасушаларына (майлы гепатоз, созылмалы гепатит,
цирроз кезінде) тезірек және ауырлау әсер етеді. Алкогольдік жедел гепатит
қайталана берсе, созылмалы үздіксіз гепатитке ұласады, егер алкогольді ішу
мүлде тоқтатылса, оның ағымы қатерсіз бейне алады. Ал алкогольді ішу одан
әрі созылса, қайталамалы жедел алкогольдік гепатит созылмалы үздіксіз
гепатитке айналып, кейін порталық циррозға жалғасады. Кейде алкогольдік
созылмалы белсенді гепатит дамып, ол постнекроздық циррозбен аяқталады.
Этанол бауырдың регенерациялық мүміндіктерін тежейді; бұл да алкогольдік
гепатиттің бір себебі. Бұл аурудың дамуына аутоиммундық механизмнің
қатысы бар дейтін жорамал да айтылып жүр; олай болса, аутоантигендік әсер
алкоголь гиалинімен байланысты болуы мүмкін.
Патологиялық анатомиясы. Алкогольдік жедел және созылмалы гепатиттің
морфологиялық бейнесінде айырмашылық бар.
Алкогольдік жедел гепатит өзіндік макробейне (лапароскопияда) және
микробейне (бауыр биоптатында) байқалтады. Тығыз, ақшылдау бауырдың кей
жерлері қызғылт түсті болса, тыртық жайлаған жерлері ойыстау келеді.
Микроскоппен зерттегенде гепатоциттері жойылған аймақтармен қатар, сол
аймақтар мен порталық жолдардың бойына шоғырланған нейтрофилдерді және
гепатоциттердің цитоплазмасы мен сыртына жиналған
алкогольдік гиалиннің түйіршіктерін (
Маллори денешіктерін ) көреміз (217-сурет). Алкогольдік гиалин
— этанолдың әсерінен гепатоциттерде түзілетін фибриллалы (талшықты) белок
ішінде алкогольдік гиалин пайда болса (217-суретті қара), гепатоциттер
жойылады.