Нуржігіт Алтынбеков
382
Бауыр циррозын
клиника-функциялық
тұрғыдан сипаттау үшін: 1)
бауыр
жасушаларының қызметі жеткіліксіздігінің дәрежесі (оны бейнелейтін холемия
мен холалемия, гипоальбуминемия мен гипопротромбинемия, тамырларды
тарылтатын
заттардың мөлшері, гипоонкия, гипотония, қанды ошақтар,
бауырлық кома сияқты үдерістер), 2) порталық гипертензияның даму дәрежесі
(оның асцит, өңеш пен асқазаннан қан кету тәрізді нышандары), 3) үдерістің
қаншалықты белсенділігі (белсенді, орташа белсенді және бейбелсенді); 4)
аурудың ағымының сипаты (өршімелі, стабильді, регрессиялы) ескерілген.
Бауыр-жасушалық қызмет жеткіліксіздігінің
дәрежесі мен порталық
гипертензияның даму дәрежесіне қарай, бауыр
циррозы компенсациялы
және
декомпенсациялы
нысандарға бөлінеді. Цирроздың
белсенділігі жайлы
тұжырымды бауыр биоптатын гистологиялық және гистохимиялық тәсілдермен
зерттеп, оның клиникалық нышандары мен биохимиялық бейнесін анықтап
алғаннан кейін ғана жасауға болады. Қайта жанданған (белсенді) цирроз көбіне
бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне (декомпенсация) ұшыратады.
Достарыңызбен бөлісу: