мойнының карциномасы жатыр денесінің карциномасынан жиірек.
Бұл ісік эндоцервикоз, жатыр мойнының қынаптық бөлігіндегі эпителийдің
дисплазиясы сияқты
ракалдылық үдерістерден өрістейтіні белгілі. Жатыр
мойны карциномасының
бейинвазиялық (
cancer іn situ ) және
инвазиялы нысандары бар. Ол жатыр мойнының қынаптық бөлімінің және саңылауының
карциномасына жіктеледі.
Қынаптық бөлімнің карциномасы қынаптың
қуысына қарай экзофитті өсіп, үсті тез жараланады (237-сурет). Оның бірен-
сараны ғана жатыр мойнының іргесін жайлап, төңірегіне жайылады.
Жатыр мойны саңылауының карциномасы, әдетте эндофитті өседі. Ол жатырдың
мойнын жайлап, төңірегіндегі клетчаткаға және қуық пен көтен ішекке де
жайылады. Ісіктің үсті жараланса, қынап пен қуықтың, қынап пен көтен ішектің
арасында қос сағалы жыланкөз қалыптасады.
237-сурет. Жатыр мойнының қынаптық бөлімінің карциномасы. Гистологиялық құрылысы тұрғысынан, жатыр мойнының карциномасы
жайпақжасушалы ,
безді (
аденогенді
және
безді-жайпақжасушалы болып,
толысу деңгейі әртүрлі келеді. Ол
эпидермоидтық аденокарцинома нысанында
да өсуі де мүмкін.
Жатыр мойнының карциномасы
метастаздарын алдымен лимфогендік
жолмен кіші жамбас қуысындағы, шаптағы және іш пердесінің сыртындағы
лимфалық түйіндерге тез арада жайып, кейін гематогендік жолмен таратады.
Жатыр денесінің карциномасы көбіне жасы 50-ден асқан әйелдерде
байқалады. Оны дамытатын себеп ретінде гормондар тепе-теңдігінің
(эстрогендер мөлшерінің) өзгеруіне үлкен мән беріледі. Өйткені, гормондардың
әсерінен жатырдың кілегейлі қабықшасы гиперплазиялы болып, кейін қатерлі
ісікке айналады. Карцинома
ракалдылық үдерістерден туындайды; оларға
эндометрийдің гиперплазиясы мен полиптері жатады.