Нуржігіт Алтынбеков
411
Созылмалы
эндометрит
кезінде жатырдың кілегейлі қабықшасында
созылмалы катар дамып, кейде іріңді шырыш немесе ірің тым көп бөлінеді (ақ
етеккір —
fluor
аlbus
). Толыққанды кілегейлі қабықшақа лимфоциттер,
плазмациттер мен лейкоциттер шоғырланады. Эндометрийдегі бездердің
эпителийі тым түлеп, көбейеді. Эндометрит ұзаққа созылса, бездер семіп,
кілегейлі қабықшаны фиброз бен лимфоциттер шоғыры жайлайды
(
атрофиялық эндометрит
). Бездің өзекшелерін фиброзды тін қысып тастаса,
саңылауындағы сұйықтық қойылып, кисталар қалыптасады (
кисталы
эндометрит
).
Созылмалы эндометрит кілегейлі қабықшаның гиперплазиясына ұласса,
гипертрофиялық эндометрит
деп аталады. Оны жатырдың кілегейлі
қабықшасының гиперплазиясынан ажырату қиын.
Мастит
— сүт безінің қабынуы; ол да жедел және созылмалы ағымды.
Жедел ағымды іріңді (флегмоналы) мастит
көбіне жаңа босанған әйелдерде,
әдетте стафилококтің әсерінен дамиды.
Созылмалы
маститтің
көбі жедел
маститтен өрбіп, іріңді болады.
Орхит
— еннің (аталық бездің) қабынуы. Бұл ауру да жедел және созылмалы
ағымды.
Жедел орхит
іш сүзегі, безгек, соз сияқты бірқатар инфекциялар мен көбіне
эпидемиялы паротит (20—30%) асқынғанда байқалады. Енде, әдетте іріңді
қабыну дамиды, ал эпидемиялы паротиттен диффузды аралық қабыну өрістеп,
экссудатта лимфоциттер басым болады.
Созылмалы
орхит
жедел орхиттің жалғасы да, туберкулез, мерез,
актиномикоз сияқты созылмалы инфекциялар мен ен жарақатының бір көрінісі
де бола алады. Оның даму барысына аутоиммундық механизмдердің де
қатысты болуы мүмкін (
аутоиммундық
орхит
). Енде созылмалы, диффузды
немесе гранулемалы қабыну орын алады; мүшенің стромасына сперматозоидтар
өтіп кетсе, ерекше бейнелі —
сперматозоидтық
гранулемалар
қалыптасады.
Орхиттің, әсіресе оның созылмалы нысанының ақыры жақсы емес;
ұрықсыздыққа (шәуһетсіздікке) ұрындырады.
Достарыңызбен бөлісу: