Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Эпидемиологиясына, даму себебіне, функциялық



Pdf көрінісі
бет521/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   832
Байланысты:
струков патан

Эпидемиологиясына, даму себебіне, функциялық 
және
клиникалық 
ерекшеліктеріне
қарай, жемсау ауруы эндемиялық, сирек, диффузды 
токсикалы жемсауға бөлінеді. Уытты әсерлі жемсау Базедов немесе Грейвс 
ауруы деп те аталады. 
Эндемиялық жемсау
кей жерлерде, әдетте таулы аймақтардың 
тұрғындарында жиі байқалады (Орал, Сібір, Орта Азияның кейбір аудандары, 
Еуропада — Швейцария, т.б.). Бұл аурудың басты себебі — ауыз суда йодтың 
аздығы. Қалқанша без едәуір ұлғаяды. Оның құрылысы коллоидты немесе 
паренхималы болады. Бездің қызметі көбіне нашарлайды. Жемсау ауруымен 
балғын шақтан сырқаттанғандардың денесі мен ақыл-ойы дұрыс жетілмейді — 
эндемиялық кретинизм (нақұрыстылық).
Сирек жемсау
жасөспірімдер мен жасы кемелденген адамдарда байқалады. 
Оның құрылысы диффузды және түйінді де, коллоидты және паренхималы 
аралас та болады. Жемсаудың бұл нысанының организмге онша әсері 
болмайды, бірақ ұлғая келе төңрегіндегі мүшелерді (өңеш, кеңірдек, 
жұтқыншақ) қысып, қызметін бұзады (ретроэзофагтық жемсау, ретротрахеялық 
жемсау, т.б.). Кейде фолликулдық эпителий көбейіп, бірен-саран бүртіктер 
түзіп, стромасына лимфоциттар шоғырланып, жемсаудың кейбіреуі Базедов 
жемсауына ұқсайды (базедовификация). Кейде сирек жемсау токсикалы 
диффузды жемсауға айналады. 
Токсикалы дифузды жемсау (Базедов ауруы, Грейвс ауруы) — 
гипертиреоидизм синдромы ең айқын бейнелі ауру, сондықтан оны 
гипертоксикозды жемсау
деп те атайды. Оның даму себебі — аутоиммундану; 
тиреоциттердің жасушалық рецепторлары антидененің әсерінен жанданады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
423
Сол себепті токсикалы диффузды жемсау 
«рецепторлардың антиденелік 
ауруына
» жатқызылып жүр. 
Токсикалы диффузды жемсаудың бірқатар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет