Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет522/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   832
Байланысты:
струков патан

морфологиялық ерекшеліктерін
микроскоппен ғана айқындауға болады (240-сурет). Ол ерекшеліктер мыналар: 
фолликулдардың призмапішінді эпителийі цилиндрпішінді эпителийге 
айналады; эпителий көбейіп, фолликулдардың ішінде тарамдалған бүрлер 
түзіледі; коллоид сұйылып, құрамында йод азайып, көпіршіктеніп, боялу 
сипатын өзгертеді (бояуды нашар сіңіреді); бездің стромасын лимфоциттер мен 
плазмациттер жайлап, орталықтары көбейген лимфалық фолликулдар 
қалыптасады.
240-сурет. Токикалы диффузды жемсау (Базедов ауруы):
эпителий көбейіп, бүртіктер түзген; стромаға 
лимфоцитер мен плазмациттер шоғырланаған.
 
Базедов ауруынан ішкі мүшелер де өзгереді. Жүректің бұлшықетті қабаты 
қалыңдап (
гипертрофия
) , уытты әсерден аралық тінінде ұйымалы су сіңіп ісіну 
мен лимфалық сіңбелер байқалады, бұлшықет талшықтарының іші де су сіңіп 
ісінеді (
тиреотоксикоздық жүрек

, ақырында 
диффузды аралық склероз
дамиды. Бауырдың тіні де ұйымалы 
су сіңіп ісініп
, кейде оның ақыры циррозға 
ұласады (
бауырдың тиреотокстоздық фиброзы
). 
Аралық ми
мен 
сопақша
мидың
жасушаларын дистрофия шарпып, қан тамырларының төңірегіне 
жасушалар шоғырланады. Айыршық без ұлғайып, лимфалық тін көбейеді, 
бүйрекүсті бездері семеді. 
Базедов ауруымен сырқаттар жүрек қызметі жеткіліксіздігінен немесе қатты 
жүдеп 
өледі
. Кейде жемсауға операция жасаған кезде бүйрекүсті безінің жедел 
жеткіліксіздігі байқалады. 
Тиреоидиттер.
Бұл аурулардың ең маңыздысы — 
Хасимото тиреоидиті 
яғни Хасимото ауруы. Ол — шынайы аутоиммундық ауру. Организм 
микросомалық антиген мен тиреоциттердің бетіндегі антигенге және 
тиреоглобулинге 
қарсы 
антиденелердің 
әсерінен 
аутоиммунданады. 
Гистосыйысушылықтың DR-антигенімен себептік байланыстағы аутоиммундық 
үдерістің әсерінен бездің тінінде лимфоциттер мен плазмациттер көбейіп, 
лимфалық фолликулдар түзіледі. Негізінен иммундық эффекторлық 
жасушалардың ықпалынан бездің паренхимасы жойылып, оны дәнекер тін 
жайлайды. Ауру меңдеген кезде оның морфологиялық бейнесі Ридель 
тиреоидитіне (жемсауына) ұқсауы да мүмкін. 
Ридель тиреоидиті (Ридель жемсауы). 
Бездің тінін жуанталшықты дәнекер тін 
жайлап, фолликулдардың эпителийі семеді 

фиброзды жемсау). Без өте қатаяды 
(«темір» немесе «тас» жемсау). Фиброзды тін қалқанша бездің төңірегіне жайылып, 
бұл жемсауды қатерлі ісік тәрізді етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет