Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет548/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   832
Байланысты:
струков патан

Орталық жүйке жүйесінің аурулары 
Орталық жүйке жүйесінің
(ОЖЖ) 
аурулары
алуан түрлі себептерден 
дамып, әртүрлі болады. Ол себептердің әсері кейде тұқым қуалап, тума болса, 
енді 
бірде 
жарақаттармен, 
метаболизмнің 
өзгеруімен, 
жүрек-тамыр 
ауруларымен сабақтас («
Гипертония ауруын», «Атероссклерозды», «Ми 
тамырларының ауруларын»
қара). 
Орталық жүйке жүйесінде дистрофиялық («дегенерация») пен мие-линсіздену 
(демиелинизация) де, қабыну үдерісі мен ісіктер де дамиды. Сондықтан бұл 
жүйенің аурулары осы үдерістерге сәйкес жіктеледі. 
Дистрофиялық
(«дегенерациялық») 
аурулардың
әр нысанында мидың әр 
түрлі аймақтарының нейрондары басымырақ зақымдалуы мүмкін. Мысалы, 
Альцгеймер ауруы негізінен мидың қыртыстық қабатын, Гентингтон хореясы 
мен Паркинсон ауруы базал ганглийлер мен орталық миды, ал бүйірлік 
амиотрофиялық склероз көбіне мотонейрондарды басым қамтиды. Мида 
дистрофиялық сипаттағы үдерістердің дамуына тиамин, витамин В сияқты 
заттардың тапшылығы, метаболизмнің бұзылуы (бауырлық энцефалопатия), 
уытты заттар (алкоголь

мен физикалық факторлардың (мыс., сәуленің) әсері де 
себеп болады. 
Миелинсіздену аурулары
миелиндік қабықшаларды зақымдайды (біріншілік 
миелинсіздену 
аурулары); 
миелиндену 
үдерісін 
олигодендроглия 
қадағалайтыны белгілі. Ал салдарлық миелинсіздену аксондар зақымдалғанда 
дамиды. Бұл топтан жиі байқалатын ауру — шашыранды (рассеянный) склероз. 
Қабынулық ауруларға
менингиттер 
(«Балалық шақ ауруын»
қара) мен 
энцефалиттер жатады. Кейде мидың қабықшалары мен өз тіні бірге қабынады 
(менингэнцефалит


Орталық жүйке жүйесінің 
ісіктерінен
бірқатар ерекшеліктер байқалады 

Орталық жүйке жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктерін
» қара). 
Төменде орталық жүйке жүйесі ауруларының әр тобынан ең маңыздылары 
берілген: Альцгеймер ауруы, бүйірлік амиотрофиялық склероз, шашыранды 
склероз, энцефалиттер; орталық жүйке жүйесінің ісіктері бұрын берілген-ді 
(«Ж
үйке жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктерін
» қара). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет