Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет67/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   832
Фибриноидты ісіну (фибриноид) 
Фибриноидты дистрофия
кезінде дәнекер тіннің негізгі заты мен оның 
талшықтары терең ыдырайды (деструкция), тамырлардың өткізгіштігі күрт 
артып, фибриноид түзіледі. 
Фибриноид
күрделі құрамды зат; оның құрамына ыдыраған коллаген 
талшықтарының, негізгі заттың, қан плазмасының белоктары мен 
полисахаридтер және жасушалық нуклеопротеидтер кіреді. Түрлі аурулар 
кезінде түзілетін фибриноидтың гистохимиялық құрамы да әртүрлі. Дегенмен, 
оның құрамына міндетті түрде 
фибрин
(31-сурет) кіреді (сондықтан да 
дистрофияның бұл түрі «
фибриноидты
ісіну
», «
фибриноид
» деп аталады).
31-сурет. Фибриноидты ісіну:
а —фибриноидты ісініп, фибриноидты некроз дамыған бүйрек шумағының 
капиллярлары (жүйелік қызыл ноқта); б —фибриноидты ісініп, көлденең жолақтарын жоғалтқан 
коллаген талшығындағы (КлТ) фибрин (Ф) жентігі. Электронграмма. 35 000 (Гизекингтен).
 
Микробейнесі.
Фибриноидты ісіну кезінде плазманың белоктарын сіңірген 
коллаген талшықтары гомогенді болып, фибринмен бірігіп, ерімейтін берік 


Нуржігіт Алтынбеков 
67
қосындылар түзеді. Ол қосындылар эозинофильді болып, пикрофуксинмен сары 
түске боялады, ШИҚ-реакциясында айқын болымдылық, Браше реакциясында 
пиронинфильділік, күміс тұздарымен жақсы айқындалып (импрегнация), 
аргирофильділік 
байқалтады. 
Негізгі 
заттың 
глизамингликандары 
полимерленбейтіндіктен, дәнекер тінде метахромазия мүлде байқалмайды 
немесе онша айқын бола қоймайды. 
Фибриноидты ісінудің
ақырында кейде дәнекер тін толық ыдырап, 
фибриноидты некрозға жалғасады. Некроз ошақтарының төңірегіне 
макрофагтар шоғырланады. 
Фибриноидты ісіну дамыған мүшелер мен тіндердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет