Нуржігіт Алтынбеков 68
преципитацияның ақырында гиалин белогі түзіледі. Гиалиннің қан
тамырларында түзілу үдерісіне бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары да
қатынасады. Гиалиноз плазма сіңу үдерісінің, фибриноидты ісінудің
(фибриноид), қабынудың, некроздың, склероздың жалғасы ретінде де дамуы
мүмкін.
Классификациясы. Гиалиноздың тамырлық және дәнекер тіндік түрлері бар.
Олар жалпы (жүйелік) және жергілікті болуы мүмкін.
Тамырлық гиалиноз. Гиалиноз
көбінесе
ұсақ
артериялар
мен
артериолаларды қамтиды. Алдымен тамырлар қабырғасының эндотелийі,
мембраналары мен бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары зақымдалып, кейін
оған қанның плазмасы сіңеді.
Микробейнесі. Эндотелийдің астындағы кеңістікте түзілген гиалин
эластикалық табақшаларды сыртқа қарай ығыстырып, бұзады, ортаңғы
қабықшаны жұқартады, ақырында артериолалар қабырғасы қалыңдаған,
саңылауы өте тарылған немесе толық бітелген шыны тәрізді түтікшелерге
айналады (32-сурет).
32-сурет. Талақ тамырларының гиалинозы : а — талақ фолликулының ортасындағы артерияның
қабырғасын біртекті гиалин жентігі жайлаған; б —гиалин жентігі арасындағы фибрин (Вейгерт
тәсілімен боялған); в — гиалинге тұнған IgG иммундық кешендер (люминесцентік микроскоп); г —
артериола қабырғасындағы гиалин (Г) жентігі; Эн — эндотелий; Ас —артериоланың саңылауы.
Электронграмма. 15 000.
Гиалиноз ұсақ артериялар мен артериолаларда жүйелік сипатта дамып,
бүйректе, мида, көз торында, ұйқы безінде, теріде айқындау болады. Ол
гипертония ауруы мен гипертониялық жағдайларға (гипертониялық
артериологиалиноз),
диабеттік
микроангиопатияға
(диабеттік
артериологиалиноз) және иммундық ауруларға тән үдеріс. Қанды қордалау
талаққа тән қызметтік-морфологиялық ерекшелік, сондықтан жергілікті
гиалиноз ересектер мен егде тартқан адамдардың талағынның артерияларында
физиологиялық құбылыс ретінде жиі байқалады.
Тамырлық гиалин гематогендік, яғни қандағы заттардан түзіледі. Оның
түзілуіне гемодинамикалық, метаболизмдік және иммундық механизмдер
қатынасады. Тамырлық гиалиноздың патогенезі тұрғысынан, тамырлық
гиалин 3 түрге бөлінеді: 1) қан плазмасынан өзгермей немесе шамалы ғана
өзгеріп шыққан (инсудация) компоненттерінен түзілген
жай гиалин (қатерсіз
гипертония ауруы, атеросклероз бен дені сау адамдарға тән); 2) липидті және
β-липопротеидті
липогиалин (көбінесе қантты диабетпен сырқаттарда); 3)
иммундық кешендер, фибрин мен қан тамырлары қабырғасының ыдыраған
құрам бөлікшелерінен (32-суретті қара) түзілетін
күрделі гиалин (иммунпатологиялық өзгерістер орын алатын, мысалы, ревматизмдік
ауруларға тән).