Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет724/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   720   721   722   723   724   725   726   727   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Ауру басталған кезде теріде қызыл түсті, 
томпақтау, қыши беретін дақтар пайда болады. Дақтардың орталығы тез арада 
везикулаға
айналып, ішіне мөлдір сұйықтық жиналады. Везикула кебірсіп, 
ортасы ойысып, қоңыр немесе қара түсті қабыршықпен жабылады. 
Везикулалардың басым көбі денеде және бастың шашты жерлерінде жайғасып, 
бет пен қолда, аяқта аз болады. Бөртпелер әртүрлі мерзімде қалыптасқандықтан, 
тері тарғыл тартады. Науқастардың 40%-ының ауыз қуысы мен кеңірдегінің 
шырышты қабықшасы да бөртеді. Мүшелердегі бөртпелер жидіп, эрозияға 
айналады. 
Терідегі везикулалардың микробейнесі 
эпидермистің тікенді қабатының 
баллонды дистрофиясынан
басталады және сол жерлерде 
көпядролы алып 
жасушалар
пайда болады. 
Эпидермисі жойылған жерлер ұсақ қуыстарға айналып, бірігіп, ішіне 
ұйымалы сұйықтық жиналған везикулалар түзеді. Везикулалардың түбі 
эпидермистің көбею қабатымен, үсті қасаң эпителиймен шектеледі (313-сурет). 
Дерма сулы ісініп, шамалы толыққандылық байқалады. 
Эрозиялар
– шырышты 
қабықшалардағы эпителийдің ақаулары. Шырышты қабықшаның өзі мен оның 
астындағы дәнекер тін сулы ісініп, тамырларына қан толады. Кейде қан 
тамырларының төңірегіне эритроциттер шығып, аздап лимфоциттер мен 
гистиоциттер шоғырланады. Жел шешек 
жалпы жайылып, бүкіл ішкі 
мүшелерді
зақымдаса, 
некрозды
ошақтар мен 
эрозиялар
өкпе мен бауырда, 
бүйрек пен талақта және асқазан мен ішектің, тынысалу және несеп-жыныстық 
мүшелердің шырышты қабықшаларын да қамтиды. Зақымды жерлердің 
макробейнесін жиегі қоңырлау қызыл, ал өзі сұрғылт жасыл, дөңгелек, ұсақ 
ошақтар құрайды. Бұл ошақтар бауыр мен өкпе қабығының астынан және 
мүшелердің паренхимасының кесіндісінен айқын көрінеді. Олардың 
микробейнесі 
коагуляциялық некрозды ошақтардан
түзіледі, айналасына бірлі-
жарым жасушалар жиналып, қанды дақтармен қоршалады. Некрозды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   720   721   722   723   724   725   726   727   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет