Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Мида некрозды және  глиозды ұсақ ошақтар аралас дамып, нейрондарды дистрофия шарпиды.  Герпестің шырышты-терілік тума нысанымен



Pdf көрінісі
бет723/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   719   720   721   722   723   724   725   726   ...   832
Байланысты:
струков патан

Мида
некрозды және 
глиозды ұсақ ошақтар аралас дамып, нейрондарды дистрофия шарпиды. 
Герпестің шырышты-терілік тума нысанымен
сырқаттардың бүкіл 
денесін, беті мен қолын, аяғын, тіпті алақаны мен табанын везикулалық 
бөртпелер жайлап, олар 2–3 апта немесе 1,5 ай бойы жаңарып отырады. Кейде 
ауыздың, мұрынның, жұтқыншақтың, көмей мен кеңірдектің шырышты 
қабықшасы, көздің конъюнктивасы зақымдалады, кератоконъюнктивит пен 
регионарлық лимфаденит байқалады. Аурудың 
арты
жақсы болғанмен, кейде 
жалпы сипатта дамып, өлімге ұшыратады. 
ЖЕЛ ШЕШЕК 
Жел шешек
(
varicella
; бұл – variola сөзінің кішілік мағынасындағы нысаны) – 
балаларға тән жедел инфекциялық ауру; тері мен шырышты қабықшаларда 
дақты-везикулулы бөртпелер дамиды. Көбіне мектеп жасына жетпеген және 
бастауыш сыныптағы балалар ауырады. Екі айға толмаған сәбилер мен 10 
жастан асқан балаларда сирек байқалады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
573
Этиологиясы мен патогенезі
. Жел шешекті герпестік вирустарға жататын 
ДНҚ-лы вирус (поксвирус) қоздырады. Ол – пішіні кокк тәрізді, диаметрі 160–
120 нм қарапайым денешік (Араго денешігі). Адамның тіні мен жасушаларында 
(культурада) өсіргенде
ядроішілік

эозинофилді
және 
базофилді
қосымшалар
түзеді. Жел шешектің вирусы 
белдемелік теміреткінің
вирусына ұқсайды, 
сондықтан олар жұғып, қайшылас сиппатта иммундайды. Вирус ауру адамнан 
(жұғу көзі) ауа-тамшы арқылы жұғады. Плацента арқылы жұқса, кешеуіл 
фетопатия немесе тума жел шешек дамиды. 
Вирус тынысалу жолы арқылы қан арнасына кіріп, инкубациялық кезеңін 
сонда өткізіп, көбейеді. Эктодерматропты болғандықтан, терінің эпидермисі 
мен шырышты қабықшалардың эпителийіне шоғырланады. Бұл ауру жеңіл 
ағымды, мерзімі 2–3 апта, өлім-жітімі 0,01–0,05%-дан аспайды. Бірақ тума 
феталдық нысанымен ауырғандарда және шала туғандарда немесе иммунитеті 
тума тапшы балаларда, сондай-ақ адам иммунитет тапшылығының вирусы 
жұғып немесе жедел лейкозбен, қатерлі ісікпен, басқа да аурулармен 
сырқаттанып, 
иммунитет 
тапшылығына 
ұшыраған 
жоғарғы 
сынып 
оқушыларының өзінде жел шешек кейде ауыр ағымды болып, жалпы сипат 
алып, өлімге ұшыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   719   720   721   722   723   724   725   726   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет