Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет740/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   736   737   738   739   740   741   742   743   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Скарлатинаның 
I кезеңінде
аңқа мен 
бадамшаның («
алаулаған аңқа
») және ауыз қуысы мен тілдің (
таңқурай тіл



Нуржігіт Алтынбеков 
585
шырышты қабықшасының қан тамырларын қан кернеп кетеді. Бадамшалар 
ұлғайып, қызарып, 
катарлы ангина
дамиды. Көп кешікпей оның үсті мен терең 
қабаттарында бозғылттау, көмескілеу некрозды ошақтар пайда болып
скарлатинаға тән 
некрозды ангина
орын алады (320-сурет). Аурудың ағымына 
қарай, кейде некроз жұмсақ таңдайға, жұтқыншаққа, дыбыс (Евстахий) түтігіне, 
ортанғы құлаққа және лимфалық түйіндер арқылы мойынның клетчаткасына 
жайылады. Өлі тін сыдырылса, орнында жара қалады. 
320-сурет. Скарлатина. 
Некрозды жедел тонзиллит; аңқа өте гиперемиялы (А.В. Цинзерлингтен). 
Микроскоппен зерттегенде
бадамшаның тіні мен шырышты қабықшасына 
қан толып, некрозды ошақтар пайда болғаны байқалады. Некрозды ошақтардың 
айналасы сулы ісініп, зақымдалмаған тінмен шектес жерлерге шамалап 
лейкоциттер шоғырланады. 
Мойынның лимфалық түйіндері
қан толып, ісініп, ұлғаяды, кейде тінінен 
некрозды ошақтар ұшырасып, миелоидты өзгерістер байқалады (
лимфаденит
). 
Жалпы өзгерістер
токсемияға негізделеді; олардың ішінде бастысы – 
бөртпелер. Олар әсіресе қызыл түсті, ұсақ дақтардан қалыптасып, аурудың 
алғашқы 2 тәулігінде бүкіл денені жайлайды, мұрын-ерін үшбұрышы 
аймағында ғана болмайды. Бұл үшбұрыш өзінің бозғылт түсімен алаулап 
қызарған беттің реңінен оқшауланып тұрады. Тері қан толып, суланып ісінеді, 
қан тамырларының төңірегіне лимфоциттер мен гистиоциттер шоғырланып
экссудат жиналады. Эпителийдің үстінгі қабаттарын дистрофия шарпып, 
паракератоз дамып, некрозға ұласады. Бөртпелер бір-бірімен тұтасып, жұқа 
қабыршықтанып
, аурудың 2–3-аптасында сыдырылып, 
түлей
бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   736   737   738   739   740   741   742   743   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет