Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет738/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   734   735   736   737   738   739   740   741   ...   832
Байланысты:
струков патан

Бүйрекүсті безінің милық қабаты
қанталап, жасушаларын дистрофия мен 
некроз шарпиды; 
қыртыстық қабатында
некрозды ұсақ ошақтар қалыптасып, 
липидтері жойылады. 
Бүйректе
некрозды нефроз өрбиді, дифтерия ауыр әсерлі 
уытты болса, қыртыстық қабат ауқымды некрозға ұшырайды. Талақтың 
фолликулдарының 
В-тәуелді 
аймақтары 
ұлғайып, 
олардың 
өскелең 
орталығында айқын бейнелі кариорексис орын алады, пульпаны қан кернейді. 
Өлімнің себептері
. Антиуытты сарысу дер кезінде қолданылмаса немесе ауру 
ауыр әсерлі уытты болса, науқастың өліміне миокардиттің салдарынан дамыған 
жүректің ерте кезеңдік параличі, кейде паренхималық невриттің зардабы 
ретінде өрістеген жүректің, яки диафрагманың кешеуіл кезеңдік параличі себеп 
болады. 
Тынысалу жолдарының дифтериясы
кезінде көмей, кеңірдек, бронхылар 
крупті қабынып, фибринді қабыршық түзіледі; ол қабыршық оңай сыдырылады. 
Кейде тіпті жөтелгенде сыдырылған қабыршықтың бетінде тынысалу жолының 
бедері қалады (319-сурет). Тынысалу жолының жоғарғы бөлімі мен 
бронхылардың шырышты қабыршықшасы өзінің астындағы дәнекер тінмен 
тығыз бірікпеген, өйткені призма және цилиндр пішінді эпителиймен 
астарланған, сондықтан да фибринді қабыршық одан оңай ажырайды. Оның 
үстіне шырыш тым көп түзіліп, қабыршықтың оңай ажырауына қолайлы жағдай 


Нуржігіт Алтынбеков 
584
туғызады. Осы себептерден микробтың уыты организмге сіңбей, дифтерияның 
бұл нысанында уытты әсермен байланысты үдерістер байқалмайды.
319-сурет. Аңқа мен көмейдің дифтериясы. 
Дифтериядан көмейде дамыған фибринді
қабыну үдерісі 
шынайы круп
деп, 
ал ол бронхылардың ұсақ тарамдарына жайылса, 
құлдырама круп
деп аталады. 
Круптің соңғы нысаны кейде ошақты пневмония туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   734   735   736   737   738   739   740   741   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет