Төртінші ерекшелігі
– балалардың қатерлі ісіктерінің даму барысы,
ересектердің қатерлі ісіктеріне қарағанда өзгешелеу. Балалардың ішкі
мүшелеріндегі қатерлі ісіктер (эмбриондық нефрома мен гепатома) қатерсіз ісік
сияқты ұзақ уақыт экспансивті өсіп, көпке дейін метастаз жаймайды. Ал,
Нуржігіт Алтынбеков
596
балалардың ангиома сияқты, кейбір қатерсіз ісіктері инфильтрациялы өседі.
Ересектерде еш уақытта байқалмайтын, балаларға ғана тән ғажайып құбылыс –
қатерлі ісіктің (мысалы, нейробластома) қатерсіз ісікке (ганглионевромаға)
айналуы; бұл құбылыс ісіктің
реверсиясы
(кері дамуы) деп аталады. Балалар
қатерлі ісіктердің көбі 6 жасқа дейін байқалады. Әсіресе, 3–5 жастағыларда
жиірек дамиды, бұл канцерогендердің құрсақтағы шаранаға әсерінің дәлелі.
Классификациясы
. Балалар ісіктерінің басым көбі дизонтогенездік сипатта
дамитындықтан, оларды жіктеу қиын. Оның үстіне, баладағы ісіктің белгілі бір
нысанының құрамында гистогенезі әртүрлі тіндер болады және ісіктің
эмбриондық сипаты, қай тіннен өрбігенін анықтауды қиындата түседі.
Сондықтан
балалар
ісіктерінің
барлығын
ересектердің
ісіктеріндей
гистогенездік тұрғыдан жіктеу мүмкін бола қоймайды. Дегенмен, онтогенездік
тұрғыдан, балалар ісіктерін үш негізгі типке жіктеуге болады.
Ісіктердің І типіне
тератомалар
, яғни
тератоидтық,
дизонтогенездік
ісіктер
жатады. Қазір тератомалардың даму себебі урогениталдық жотаның
құйрық жақтағы ұшы қалыптасқан кезде ұрықтағы жыныстық жасушалар
қалыпты орнынан таюымен байланысты деп пайымдалады. Тератома осы
жотаның құйрық жақтағы ұшынан толыспай бөлініп, ұзақ сақталған
(персистенциялы) жыныстық жасушалардан туындайды.
Гистологиялық
құрылысы
тұрғысынан,
тератомалар
гистиоидтық
,
органоидтық
және
орнанизмоидтық
болады («
Ісіктерді
» қара). Олар және
эмбриобластылық элементтерден өнетін –
эмбриондық тератомаға
,
трофобластылық элементтерден өнетін –
экстраэмбриондық тератомаға
бөлінеді.
Эмбриондық және экстраэмбриондық тератомалардың жетілген және
жетілмеген –
тератобластома
деп аталатын түрлері бар.
Жетілген тератомалардың тіні оның иесінің тінімен синхронды (бір мезгілде)
жетіледі. Мысалы, шарананың тератомасындағы тіндердің толысу деңгейі оның
құрсақта даму мерзіміне сәйкес болып, ол туар кезде толық толысып үлгереді.
Сондықтан жетілген тератомада толық дербестік байқалмайды және олар өршіп
дами қоймайды. Бұл – жетілген тератомалардың шынайы қатерлі ісіктерден
айырмашылығы. Ал тератобластомалардың құрамында жетілмеген, көбіне
экстраэмбриондық тіндер болады, сондықтан олар өрши дамып, метастаз
жаяды, яғни олар шынайы қатерлі ісіктер.
Гистиоидтық
тератома
гамартома
деп
аталып,
қатерлі
болса,
гамартобластома
деп аталады. Гамартома (грекше:
hamarta
– қате) –
эмбриондық тіндерден туындайтын ісік; ол иесінің тініндей толық толысып
үлгермей, тоқтап қалып, біркелкі өспей, тым артық өнген тіндер кешенінен
(мысалы, артық өнген қан тамырларынан) дамиды. Балалар гамартомаларына
ангиомалар, невустар, ішкі мүшелердің эмбриондық ісіктері, мезодермалық
және мезенхималық тіндердің қатерсіз және қатерлі ісіктері жатады.
Гамартомалар тобы сондай-ақ дер кезінде кері дамымай, қалып қойған
эмбриондық кезеңдегі мүшелердің (мысалы, жоталық хорда, желбезектік доға,
гипофиз жолы, т.б.) қалдығынан, яғни
прогономалардан
туындайтын ісіктерді
де қамтиды.
|