Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. 3 жас 2 айлық қыз балада дамыған медуллобластома



Pdf көрінісі
бет763/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   759   760   761   762   763   764   765   766   ...   832
333-сурет. 3 жас 2 айлық қыз балада дамыған медуллобластома. 
Ретинобластома
– эмбриондағы көз торының толыспаған жасушаларынан 
дамитын 
қатерлі 
ісік. 
Кейбір 
зерттеушілердің 
пікірінше, 
ол 
да 
медуллобластыдан өнеді. Ісіктің тіні бозғылт сары түсті, ми сияқты жұмсақ. 
Оны құрайтын сопақтау және жұмыр жасушалар көбінесе қан тамырларын 
қапталдап, қоршап, розеткалар түзеді, некрозға бейім. Некрозды жерлері 
ізбестенеді (кальциноз). Ретинобластома көбіне 2 жасқа толмаған балаларда 
дамып, кейде екі көзді бірдей зақымдайды; бірде спонтанды туындап, енді бірде 


Нуржігіт Алтынбеков 
602
доминантты тұқым қуалайды. Кейбіреуінің 
кері дамып
(реверсия), өздігінен 
жазылғаны жайлы да деректер бар. Ісік төңірегіне жайылып, көзді шарасынан 
ығыстырып, беттің кейпін бұзады, ми сауытының астыңғы бөліміне де 
өрістейді. Метастаздарын сүйектер мен бауырға, кейде өкпе мен лимфалық 
түйіндерге де шашады. 
Нейробластома
– симпатикалық ганглийлер мен бүйрекүсті бездерінің 
түбірлік 
жасушаларынан 
туындайтын 
қатерлі 
ісік. 
Нейробластома 
катехоламиндер
түзетіндіктен, соңғы кезде оның гистогенезі жайлы пікір 
өзгеріп, 
апудомалар
тобына жатқызылып жүр. Көбінесе бүйрекүсті безінде 
және мойындағы, кеуде қуысындағы немесе құрсақ пердесінің сыртындағы 
симпатикалық ганглийлерде дамиды. Мультицентрлі қалыптасып, бірден 
бүйрекүсті безінің екеуінде немесе бүйрекүсті безі мен кеуде қуысындағы, т.б. 
жерлердегі ганглийлерде де өсуі мүмкін. Ісік жұқа қабықпен қоршалған түйін 
түзіп, бүйрекүсті безін зақымдайды, кесіндісі ақшыл қызғылт түсті, тінінен 
некрозды ошақтар мен қанды дақтар байқалады. Оның гистологиялық 
құрамына ядросы гиперхромды лимфоцит тәрізді жұмыр жасушалар мен 
цитоплазмасы аз жасушалар – симпатогонийлер кіреді. Сондықтан да бұл 
ісіктің толыспаған осы нысаны бұрын 
симпатогониома
деп аталатын. 
Жасушалар 
розеткалар
түзеді (334-сурет). Күміспен импрегнациялағанда 
розеткасының орталығынан жүйкелік өсінділер айқындалады. Ісікте көлемі 
үлкен, кариорексті некроз аймақтары мен қанды дақтар болады. Бұл ісіктің 
толысыңқыраған нысаны – 
симпатобластоманың
негізін цитоплазмасы 
молдау, ядросы ашық түсті, ірірек жасушалар қалайды, алып жасушалар да 
ұшырасып, нейрофибриллалық тор айқындау көрінеді. Ал ісіктің одан да 
толысыңқыраған типі – 
ганглионейробластоманың
құрамында атипиялы 
ганглийлік жасушалар болады. Толыспаған нейробластоманың спонтанды 
немесе емнің әсерінен жетіліп, қатерсіз ісікке – 
ганглионевромаға
яки 
ганглионейробластомаға
айналатыны байқалған (335-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   759   760   761   762   763   764   765   766   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет