белсенділігінің бәсеңдеуі
. Сондықтан да, физиологиялық және репарациялық
регенерациясы жасушалық регенерация негізінде жүзеге асатын мүшелер
иондағыш сәулелердің әсеріне ерекше сезімтал келеді. Ондай мүшелер тобына
қан жасайтын мүшелер, жыныстық бездер, тері мен асқорыту жүйесінің
эпителийі жатады. Иондағыш сәуленің биологиялық әсері оның мөлшеріне
байланысты. Сәулелік аурудың
жеңіл нысаны
денені толық шарпыған рентген
Нуржігіт Алтынбеков
619
сәулесінің мөлшері 258х10
-4
– 516х10
-4
Кл/кг
6
(100–200 Р),
орташа
нысаны
–
516х10
-4
–774х10
-4
Кл/кг (200-300 Р),
ауыр
нысаны
– 774х10
-4
–1290х10
-4
Кл/кг
(300–500 Р) болса дамиды да, сәуленің мөлшері 1290х10
-4
Кл/кг (500 Р) тең
немесе одан асса, науқас тез арада өледі.
Классификациясы
. Сәулелік ауру жедел және созылмалы болады. Бұл
ауруға тән бейнені оның жедел нысанында көреміз. Созылмалы нысанының
бейнесі әрқилы.
Сәулелік жедел ауру
. Ғылыми әдебиетте рентген сәулесімен бүкіл денеге
әсер етіп, ұзақ емдегенде дамыған сәулелік жедел ауру сипатталған. Ал оның
тұрғындарды жаппай қамтыған нысаны 1945 ж. Хиросима мен Нагасаки
қалаларында атом бомбасын жарғанда байқалды.
Патологиялық
анатомиясы
.
Сәулелік жедел ауру негізінен
қан жасайтын
жүйені
зақымдайды. Сүйек кемігіндегі қан жасайтын құрылымдар тез азайып,
ауру меңдесе, толық дерліктей жойылып (
панмиелофтиз
), тек қана төзімі
ерекше ретикулалық жасушалар сақталады. Қан азайып лейкопения мен
тромбоцитпения орын алады. Лимфалық түйіндердегі, талақ пен асқорыту
жолының
лимфалық
құрылымындағы
лимфоциттер
ыдырап,
дұрыс
жаңармайды. Аурудың қан жасайтын жүйені басымырақ зақымдаған нысаны –
сәулелік жедел аурудың
сүйек кеміктік нысаны
деп аталады.
Қан жасайтын жүйемен қатар,
қанайналымы
да бұзылып,
геморрагиялық
синдром
дамиды. Микроциркуляциялық тамырлардың қабырғасы қатты
зақымдалып, олардың өткізгіштігі тым артып, тромбоциттер азайғандықтан,
қанды дақтар пайда болады.Түрлі мүшелер мен тіндердің қанайналымы
бұзылып, су сіңіп ісінеді, қанды дақтар қалыптасады. Бұл өзгерістердің, әсіресе
мида басым
болуы сәулелік жедел аурудың
жүйкелік (милық) нысанына
тән.
Қанды дақтар тым көп болғандықтан, шырышты қабықшаларда некрозды
ошақтар мен ойық жаралар қалыптасады. Шырышты қабықшаның эпителийі
иондағыш сәуленің әсеріне сезімтал екендігі бұрын айтылған-ды, сол себепті
некрозды-ойық жаралы үдерістер асқорыту жолында, әсіресе аш ішекте жиі
дамиды. Бұл үдерістер ішекте басым болса, ауру сәулелік жедел аурудың
ішектік нысаны
деп аталады.
Қанды дақтар тым көбейіп, әсіресе ауыз бен ішектегі өзіндік микрофлораға
қарсы бағытталған табиғи иммунитет құлдырап, аутоинфекциялық үдерістер
дамиды, шірікті немесе гангреналы стоматит, глоссит, баспа және энтероколит
орын алады. Токсемия жиі байқалып, сәулелік жедел аурудың
токсемиялық
нысаны
туындайды.
Сәулелік жедел ауруда дамитын
қабыну үдерісінің
бірқатар ерекшеліктері
бар: некрозды ошақтар мен микробтар шоғыры көп болғанмен, лейкоцитті
жауап өрістемейді және грануляциялық тін қалыптаса қоймайды.
Терінің
сәуле шарпыған жерлері қызарып, күлдірейді, ұзақ уақыт
жазылмайтын жаралар пайда болып, нейтрофилдер онда да пайда болмайды.
Көбіне шаш түсіп (эпиляция), бас тақыр болып қалады. Сәуле шалғайдан әсер
6
СИ жүйесінде сәулеленудің (рентгендік пен γ-сәулеленудің) экспозициялық өлшемінің
бірлігіне рентгеннің орнына кулон/килограмм қабылданған (Кл/кг)
.
1Р=2,58
.
10
-4
Кл/кг.
|