биологиялық әсері сәуленің энергиясы мен организмнің
тіндерінің алғашқы өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне негізделеді және
организмнің мүшелері мен тіндерінің құрамындағы атомдардың иондалып,
қозуынан басталады. Осындай алғашқы физикалық әсерден соң сәулеленудің
екінші фазасына тән үдерістер орын алып, ішкі ортада өте қарқынды
радиохимиялық өзгерістер өрістейді. Бұл өзгерістер – түрлі мүшелермен
жүйелерге ортақ, жалпы биологиялық мәні бар үдерістер. Тірі тіндердің
барлығының құрамында су мол, сондықтан судың иондалуының маңызы өте
зор. Құрамындағы судың молекулалары иондалса, организмнің тіндерінде жат
өнімдер, яғни белсенді радикалдар мен өте күшті тотықтырғыштар түзіледі. Бос
радикалдың өмірі өте қысқа (секундтың мыңнан бір бөлігіндей ғана) болғанмен,
тіндерде сол сәтте тізбекті реакция басталып кетеді. Сәулеленгенде ең
қарапайым биохимиялық реакция өрістейтіні қазір белгілі. Мысалы, коллоидты
ерітінділердің (гиалуронидаза — гиалурон қышқылы жүйесінің ) дисперсілігі
мен тұтқырлығы өзгереді. Сәуленің жоғары мөлшерінен белоктар
денатурацияланса, аз мөлшерінен кейбір ферменттер жүйесі өз қалпынан
таяды. Нуклеин қышқылдары мен белоктардың және көмірсулардың алмасуын
реттейтін ферменттердің белсенділігі өзгеріп, қаныққан және қанықпаған май
қышқылдарының сүйек кемігіндегі синтезі бұзылады. Қазіргі кезде судың
радиолиздік өнімдерінің әсерінен ферменттердің құрамындағы белсенді
сульфгидрильдік топ активсіз дисульфидтік топқа айналатыны белгілі.
Жасушаның тіршілік әрекетінде маңызды орын алатын басқа да ферменттер
жүйесі
өзгеріске
ұшырайды.
Ферменттік
жүйелердің
активтілігі
жоғалғандықтан, жасушаларда митоздық бөліну тоқтап, регенерациялық
үдерістер дұрыс жүрмейді.
Иондағыш сәулелердің биологиялық әсеріне тән көріністердің бірі –
митоз