Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84
Капсула 
- бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын 
кӛп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бӛліне 
алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, ӛйткені ол 
бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялар капсуланы 
тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада ӛсіргенде жоғалтады. Ал 
капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай 
жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі 
қызметі: микроорганизмдердің әр түрлі улы заттардың, фагоцитоздың 
әсерінен қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің жабысуына 
кӛмектесу. 
Талшықтар
-цитопалзмадағы 
базальді денешіктерден басталатын
бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. 
Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір 
шетінде бір талшығы болса - оны 
монотрих
, екі шетінде бір немесе бір неше 
талшығы болса - 
амфитрих
, бір шетінде бір топ талшығы болса - 
лофотрих

ал барлық жағынан шығатын болса-
перитрих 
деп атайды. 
Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз – флагеллинен 
(
flagellum – 
талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес 


17 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ширатылған. 
Кірпікшелер немесе фимбриялар 
-бактериялардың сыртқы қабатында 
болатын ақуыз табиғатты ӛсінділер. Фимбриялардың жынысты және 
жыныссыз типтері болады. 
Споралар - с
пора түзу тек қана таяқша тәріздес бактерияларға тән 
қасиет. Спора түзу үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезде 
цитоплазманың тиісті жерінде нуклеоид және рибосома шоғырланады, қатая 
бастайды, мембраналармен қоршалады, сонан соң ол мембрана кальций 
тұздарынан және дипиколин қышқылынан тұратын қалың қабатқа айналады. 
Спорадағы су байланысқан күйде болады. Сондықтан споралы бактериялар 
ӛте тӛзімді болады, сыртқы ортада бірнеше ондаған жылдар сақталады
бірнеше минут қайнатқанда да ӛлмейді. Бактериялардың спора түзуі, пішіні 
мен жасушада (вегетативті) орналасуы түрлік қасиеті бола отырып, оларды 
бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Спораларды орналасуына 
байланысты: 
орталық, субтерминальді 
және 
терминальді
. Спораны анықтау 
үшін Ожешко әдісін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет