Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет19/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84
Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы. 
Саңырауқұлақтар Fungi әлеміне (Mycetes Mycota) жатады.Олар 
кӛпжасушалы немесе бір жасушалы, жасуша қабығы бар хлорофильсіз 
микроорганизмдер. Эукариоттар яғни «Eucarya» доменіне жатады. Табиғатта, 
әсіресе топырақта кең таралған. Саңырауқұлақтардың ядролық қабығы, ядро, 
цитоплазма, органеллалар, цитоплазмалық мембрана және бірнеше типті 
полисахаридтер (маннан, глюкан, целлюлоза, хитин), ақуыз, липидтен және 
т.б. құралған кӛпқабатты, ригидті жасуша қабығы бар. Кейбір 
саңырауқұлақтар капсула түзеді. Саңырауқұлатар грам оң микробтар, 
вегетативті жасушалары қышқылға тӛзімсіз, саңырауқұлақ денесі-талломом 
деп аталады. Ащытқы саңырауқұлақтар жеке сопақшалы торшалар түзеді. 
Кӛгерткіш саңырауқұлақтар құрылысы жасушалық жіпше тәрізді - 
гифтер

Мицелий
- гифтердің шоғырлануы - басты морфологиялық құрылысы 
Саңырауқұлақтар жынысты және жыныссыз жолмен кӛбейеді. Вегетативті 
кӛбею барысында мамандандырылған репродуктивті құрылысы - споралар- 
конидии түзеді. 
Медициналық маңызы бар кӛптеген саңырауқұлақтардың 


23 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
түрлері үшін конидиялардың болуы ( немесе экзоспора), жыныссыз 
жолмен кӛбею түрі. Олардың жиі кездесетін түрлері- 
бластопоралар, 
хламидоспоралар, артроспоралар, конидиоспоралар

Вирустардың морфологиялық сипаттамасы. 
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, ӛзгеруге, кӛбеюге бейім 
ӛте 
ұсақ, 
тірі 
микроорганизмдер. 
Вирустардың 
бактериялардан 
айырмашылығы – жасушалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин 
қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Жасуша ішінде генетикалық 
дәрежедегі паразиттер болып саналады. Ақуыз синтездейтін рибосомалары 
болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді. Вирус құрылысының 
компоненттері: капсомер-ақуызды бӛлек бірлігі, капсид-капсомерлерден 
құралған, нуклеокапсид – нуклеин қышқылы мен капсид ақуызының кешені, 
вирион – вирустың бүтін бӛлшегі. Вирустардың құрамы ӛте қарапайым. Олар 
нуклеин қышқылынан және оларды қоршап жататын – капсид және 
суперкапсид деп аталатын қабаттардан, сондай-ақ вирус қабығының 
сыртындағы рецепторлардан (синонимі – бекітуші ақуыздар, тікенектер) 
құралады. Аздаған ферменттер болады, олардың біреулері вирус нуклеин 
қышқылдарының 
репликациясына 
және 
вирус 
ақуыздарының 
транскрипциясына қажет, ал басқалары – жасушаның ішіндегі метоболиттік 
процесстерді ӛзгертіп немесе тежей отырып, зат алмасу процесстерінің 
вирустардың бӛлшектерін құрастыру үшін жұмыс істейді. 
Вирустарды жіктеуде мынадай қасиеттері мен негізгі белгілері 
ескеріледі:нуклеин 
қышқылының 
типі, 
нуклеин 
қышқылының 
молекуласындағы шынжыр тізбек саны, вирионның мӛлшері мен саны,әрі 
симметриялық типі, сыртқы қосымша капсидінің болу-болмауы,негізгі ӛсіп- 
ӛніп, кӛбейетін жері т.б. 
Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бӛлінеді: 
1.
жай, қарапайым құрылысы – нуклеин қышқылы және оны қоршаған 
капсидтен тұрады (полиомиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы) 
2.
күрделі құрылысты – нуклеин қышқылынан, капсид және 
суперкапсидтен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет