Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет71/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84
Коагглютинация реакциясы. 
Бұл реакция - агглютинация реакциясының бір түрі: стафилококктың 
А—белогы иммуноглобулиндердің IgG тобы молекуланың Ғс-фрагментімен 
спецификалық емес байланысуға қабілетті. Коагглютинация реакциясын қою 
үшін стафилококктың Cowan—1 штаммын қолданылады (осыдан әдістің 
атауы - Co—(Ко-)-агглютинация. 
Коагглютинация реакциясьгн екі вариантта қолданылады: 
1.
Әр түрлі биологиялық сұйықтықтарда патогенді микроорганизмдердің 
антигендерін табу үшін (несепте т.б.) Бүл үшін антиденелік Ко— 
диагностикум дайындайды: - стафилококк жасушаларының үстінде белгілі 
спецификалық IgG-ді адсорбциялайды (жабыстырады). Зерттейтін құралда 
антиген (Аг) бар болса еңгізген Ко— диагностикумымен тез арада 
агглютинация болады. 


93 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
б) антигені бар зерттеу құралға қосу. 
Осындай вариант кӛкжӛтел, менингококтық инфекциялардың және т. б. 
тез арада анықтауын қою үшін қолданылады. 
2.
Созылмалы бактериялық инфекцияларды анықтау үшін. 
Созылмалы 
инфекциялардың 
қоздырғыштары 
ӛз 
беткейінде 
спецификалық антиденелерді тасымалдайды, сондықтан олар стафилококк 
Cowan-1 штаммымен агглютинация реакциясын беруі мүмкіндігі бар. 
Мысалы, пиелонефрит ауруында әр түрлі шартты-патогенді бактериялар 
бӛлінеді (E.coli, P.aeruginosa, эпидермальды стафилоккк және т.б.). 
Шығарып алынған дақыл Cowan-1 штаммымен агглютинация берсе, бұл 
созылмалы инфекция деп есептелінеді. 
Кумбс реакциясы (антиглобулинді реакция) 
Бұл реакцияны құрамында 1 ғана белсенді орталығы бар және 
антигеннің бір детерминантты тобымен байланысатын толық емес 
(моновалентті, тежеуші) антиденені анықтау үшін қолданады. Сондықтан да 
пайда болған антиген-антидене комплексі микроагрегат, тұнба түзбейді, 
лайланбайды және басқа да ӛзгерістерге ұшырамайды. Ал Кумбс реакциясы 
нәтижені кӛзбен қарап-ақ бағалауға мүмкіндік береді. Диагностика үшін: 
резус-келіспеушілікте, бруцеллезде, аутоиммунды ауруларда (қызыл бӛрі 
ауруы, полиартрит) қолданады. 
Мақсаты: Жүкті әйелдің зерттелетін сары су құрамында, резус-антигенге 
қарсы толық емес антиденені анықтау үшін. Ингредиенттері: зерттелетін 
сары су, қоянның антиглобулинді сарысуы (АГС), құрамында резус-антигені 
бар эритроцит. АГС-ті қоянды адамның глобулиндерімен иммунизациялау 
жолы арқылы дайындайды. АГС-тің құрамында адамның әртурлі 
глобулиндеріне қарсы толық, бивалентті антиденелер бар. 
Техникасы және нәтижесі: 


94 
Зерттелетін сарысуға резус-антигені бар эритроцит қосылады. 1 сағат 
инкубациядан 
кейін 
АГС-ті 
енгізеді. 
Реакция 
нәтижелі 
болса, 
гемагглютинация байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет