Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
 
Нуржігіт Алтынбеков 
генетикалық информация ӛткізетін цитоплазмалық кӛпірше қызметін 
атқарады. Коньюгация кезінде бактерия хромасомасының фрагментін ӛткізе 
алатын микроб штамдарын H|r- бактериялар деп атайды, яғни 
рекомбинациялық қабілеттілігі күшті жасушалар. Олардың жыныстық 
факторы хромасомада орналасады. Генетикалық информация коньюгация 
кезінде бір бағытта, яғни аталық жасушадан (Ғ+) аналық жасушаға (Ғ-) 
беріледі. Осының нәтижесінде ДНҚ фрагменті бірінен екіншісіне ӛтеді. 
Плазмидалар- хромасомадан тыс орналасқан, ӛзінше репликациялану 
қабілеттілігі бар жабық сақиналы құрылымнан тұратын ДНҚ. Олар жасушаға 
қосымша пайдалы қасиет береді. Бактериялардың плазмидасы ӛзінше 
жойылуы мүмкін (элиминация), бірақ олардың негізгі қасиеттеріне әсер 
етпейді, яғни негізгі қызметін сақтайды және де оларда мутациялық, 
рекомбинациялық ӛзгерістер болуы мүмкін. 
Бір 
бактериядан 
екіншісіне 
коньюгация 
кезінде 
берілетін 
плазмидаларды коньюгативті немесе трансмиссивті плазмидалар деп атайды. 
Коньюгативсіз плазмидалар тек қана коньгативтілердің кӛмегімен беріледі. 
Плазмидалар арқылы әртүрлі генетикалық заттар беріліп, микроб жаңа 
қасиетке ие болады. Ондай факторларға жатады: R-фактор-антибиотикке 
тӛзімділік қасиеті; 
H|r-фактор-күшті коньюгациялық қабілеттілік қасиеті; 
Col-фактор-колицин синтездеу қасиеті,т.б.; 
R- факторы бар бактериялар арнайы белок заттар синтездейді. Алғаш 
рет осындай заттарды ішек таяқшасында болатыны дәлелденген, сондықтан 
ондай заттарды колицин (Е.Coli) деп атаған, кейіннен колицин тәріздес 
заттарды басқа да микробтар бӛліп шығаратыны анықталды, сондықтан 
оларды жалпы бактериоциндер деп атайды. Бактериоциннің антибиотиктен 
ерекшелігі сол, олар ӛз түріне жататын немесе ӛте жақын туыстас 
микробтарды қырып-жояды. Колицин сезімтал микробқа жабысады да, оның 
метаболизмін бұзып, микробты ӛлтіреді. 
Вирустарда модификациялық (фенотиптік) ӛзгергіштік вирионның 
суперкапсидімен байланысты. Суперкапсидтың құрылысы ӛзгеруімен 
байланысты вирустардың репродукциялануы бұзылады. 
Вирустарда болатын мутацияның нәтижесінде олардың әртүрлі 
қасиеттері ӛзгереді. Спонтанды мутация олардың нуклеин қышқылдарының 
репликациялануы кезінде пайда болады. Индуцияланған мутациялар 
бактерияларға әсер ететін факторлардың нәтижесіндегідей болады. Ондай 
факторлардың кейбіреуі (азотты қышқыл, гидроксиламин) жасушадан тыс 
орналасқан вирусқа, ал басқалары (акридин т.б.)- жасуша ішіндегі вирусқа, 
оның нуклеин қышқылының репликациялану кезінде әсер етеді. Сезімтал 
жасушаға 
бір 
мезгілде 

вирус 
енген 
жағдайда 
генетикалық 
рекомбинациялар, реактивация және фенотиптік араласу болуы мүмкін. 
Генетикалық рекомбинация 2 және одан да кӛп ДНҚ-ы вирустардың ген 
алмасуының нәтижесінде болады. РНҚ- вирустарда мұндай құбылыс сирек 
кездеседі. 
Генетикалық реактивация - ол рекомбинацияның ерекше түрі. Екі 


56 
туыстас вирустың әртүрлі гендерінің белсенділігі тӛмен болып, егер екеуінің 
арасында буындасу (скрещивание) болса, жаңадан толыққұнды вирус 
бӛлшектері пайда болады. 
Вирустардың генотиптік емес ӛзара әрекетіне комлементация және 
фенотиптік араласу (смешивание) жатады. Комплементация бір вирустың 
генімен кодталған белок, екінші вирустың репродукциялануына себепкер 
болған жағдайда ғана болады, яғни, бір вируста жетіспейтін нәрсені екіншісі 
оған жеткізгенде болатын құбылыс. Фенотиптік араласу- аралас вирустармен 
жұқтырғанда, бір вирустың ұрпағы басқаның фенотиптік белгілерін ӛзіне 
қабылдағанда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет