Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет15/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Нуржігіт Алтынбеков 
7. Күннің әсерінен ыдырайтын дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде (оларды әдейі 
қоңыр флаконда шығарады) сақтайды. 
8. Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, лизол және басқалар) басқа дәрілерге иісі тарамау 
үшін бөлек сақтайды. 
9. Тез бұзылатын препараттарды (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар) және майлар, 
вакциналар, сарысу, ректалдық, балауыздарды және т.б. тоңазытқышта сақтайды. 
10. Спиртті сығындылар, тұнбалар, тығыз тығындалған флакондарда сақталады, өйткені 
спирттің булануына байланысты уақыт өткен сайын олар қоюланып дозасының ұлғаюын 
туғызуы мүмкін. 
11. Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы стерильді 
ерітінділердің сақтау мерзімі 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар 3 тәулік бойы сақталады. 
Тұнбалар, қайнатпалар мен микстураларды сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек. Сол 
уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау 
керек. 
12. Жарамсыздық белгілеріне жатады: 
· Залалсыз ерітінділерде түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы; 
· Тұнбалар, қайнатпаларда лайлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы; 
· Ұнтақтар, таблеткалардың түсінің өзгеруі. 
Мейірбикенің құқығы жоқ : 
· Дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге; 
· Түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге; 
· Дәрілердің этикеткасын ауыстыруға және жөндеуге; 
· Дәрілерді этикеткасыз сақтауға. 
Науқастарға дәрілерді тарату 
Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен таратады. Дәрілерді тағайындауға
тоқтатуға немесе басқасымен ауыстыруға мейірбикенің құқығы жоқ. Тек қана кейбір 
жағдайларда, мысалы - шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге жоғары сезімталдық 
байқалғанда өздігінен дәрі беруге немесе дәріні тоқтатуға болады. Бұл жағдай жылдам 
дәрігерге хабарланады. 
Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас тартады, дәрі 
ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп дәрілерді лақтырады. Осы кезде мейірбике сабырлық 
сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген уақытта арнайы тәртіппен қабылдау 
қажеттігін, қатаң сақтау керектігін байыппен түсіндіру керек. Мейірбике дәрілерді тарату 
кезінде науқастардың дәріні қабылдағандығын мұқият қадағалауы керек. Науқастар 
тарапынан оларға белгіленген дәрілік препараттар жөнінен көптеген сұрақтар туындайды, 
бұл жағдайда мейірбике өз деңгейінде толық жауап беруге (дәрінің көмегі, ерекшелігі) тиіс. 
Кейбір жағдайда науқастар дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді ұят деп ойлайды
сондықтан олар келіспейді. Мейірбике науқасқа бұл емнің дәрігердің тағайындауымен 
жүргізілетіндігін түсіндіре отырып, емді жеке бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық 
туғызбайтын жағдайда өткізу керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет