Нуржігіт Алтынбеков 13. Дәрілік заттардың түрлері мен нысандары. Дәрілік зат -бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат
бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада
шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік
препараттың түрі.Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.Қатты түрдегі
дәрілік формаларға:таблетка, драже, ұнтақтар жатады.Бұлардың ішінде таблетка мен драже
кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы.Қазіргі кезде ішуге арналған
дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе
драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде
беріледі.Сұйық түрдегі дәрілік формаларға:ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма
мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады. Жұмсақ түрдегі
дәрілік формаларға:майлар, паста мен ем балауыздар жатады. Дәрі-дәрмекті пайдалану емдеу
процесінің басты бөлігінің бірі болып табылады.Дәрі-дәрмектер ағзаға жергілікті, сонымен
қатар жалпылай әсер етеді.Дәрі-дәрмектер адам ағзасына әртүрлі жолдармен енгізіледі.Ағзаға
дәрі дәрмекті енгізу әртүрлі жағдайға байланысты. 1.
Әсердің
басталу
жылдамдығына;
2.
Әсердің
көлеміне;
3. Әсердің ұзақтығына;
14. Дәрілік заттарды енгізу жолдары. Пароралды (ауыз арқылы) енгізу Кең таралған;
Дәрі ащы ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі;
Солай жалпы қанайналымына қосылып, ағзаға сіңіріледі.
Сублингвалдық (тіл асты арқылы) енгізу Дәрі тіл асты шырышты қабаты арқылы тез ыдырап, қанға араласады;
Мұнда бауырдан өтіп, асқазанға әсерін тигізбейді;
Энтералды
Ауыз арқылы
Тіл асты арқылы
Тік ішек арқылы
Парентаралды
Тері ішінде
Тері астында
Бұлшық ет ішіне
Тамырға
Күретамырға
Қуыстарға
Сүйек ішіне
Субарахнойдалдық
кеңістікке
Сыртқы
теріге
Дененің шырышты бөлігіне
Бүріккен
Тыныс жолдары арқылы