Нуржігіт Алтынбеков Пункция жасалынып алынған сұйықтан лабораториялық тексеріске материал алынады.
Сұйықтың тығыздығын, жасушалық құрамын, белок пен глюкозаның мөлшерін анықтайды.
Плевраның пункциялы биопсиясын арнайы инемен рентгеноскопия бақылауына сүйене
отырып жасайды. Биопсия сұйық анықталғанда немесе плевра қуысы өсіп, бітеліп, жабылған
жағдайда жасалынады. Әдетте плеврадан гистологиялық тексеріске және ТМБ анықтауға екі
биоптат (үзік) алады.
Шеткі лимфа түйіндерінің пункциялық биопсиясы. Ол аспирациялы (сорып алынған),
трепанация болуы мүмкін. Лимфа түйіндерінен аспирация алу үшін поршень мен ине тығыз
енгізілген кәдімгі шприц пайдаланылады. Лимфа түйіндерін тескеннен кейін 2—3 аспирация
жасалынады (аспирация сайын шприцті инеден ажыратады). Инені түйіннен шығарар алдында
шприцті инеден ажыратады. Өйткені алынған материал шприцке сорылуы мүмкін.
Шприц көмегімен шыққан материал инеден алынып, арнаулы шынының үстіне жағылады
содан соң оны тиісінше өңдеуден өткізеді. Биоптатты цитологиялық, микробиологиялық
әдістермен тексереді. Трепанациялық биопсияны осы тәсілге әдейі бейімделген ине арқылы
жасайды, өйткені ол лимфа түйіндерінен гистологиялық тексеріске тіннің үзігін алуға
мүмкіңдік береді. Трепанациялық биопсияның беретін мәліметі, аспирациялық биопсияға
қарағанда жоғары.
Тыныс және қанайналым қызметтерін (функцияларын) тексеру әдістері
Өкпе туберкулезі, әсіресе онын созылмалы және жайылған түрлері, әдетте тыныс қызметінің
және жүрек-тамыр жүйесінін бұзылуымен ілесе жүреді. Олардың пайда болуы
интоксикацияға, өкпенің, плевраның, бронхылардың зақымдануына байланысты. Тыныс және
қанайналым қызметтерін тексерудің, әдетте нозологиялық диагноз қоюда мәні төмен, алайда
науқастың жалпы жағдайына баға беруде, ауру ағымын бақылауда, емдік әдісті анықтауда,
хирургиялық ем қолданудың керектігін шешуде және оның нәтижесін бағалауда зор маңызға
ие. Тексерістің мақсаты — тыныс және жүрек-тамыр жетіспеушілігін және осы жүйелердің
қалпына келу бейімділігін анықтау. Тыныс және қанайналым қызметтерін науқастың
шағымдары, анамнезі, физикалды тексерістер, кан қысымын өлшеу, рентгенологиялық
тексерістер нәтижесінде бағалауға болады, жан-жақты тексеріс мөлшерленген жүктеме беру
жағдайында арнайы аппаратуралардың және зертханалық диагностикалық тексеріс көмегімен
жүргізіледі.
Тыныс қызметінің бұзылуына санды және сапалы анықтама беру үшін әралуан тәсілдер
қолданылады. Олардың ең маңыздылары — спирография, жалпы плетизмография, қанның
газды құрамын және қышқылды-негізді қалпын анықтау болып табылады.
Спирография уақыт бойынша өкпе көлемінің өзгерісін көрсететін тыныс қозғалысын
графикалық түрде зерттеу. Спирография жасау кезінде кеңірдек бронхы өткізгіштігіне баға
беретін Вотчал — Тиффно сынамасын жүргізуге болады. Сынама науқас мейлінше демді ішке
тартып алғаннан соң, алғашқы секунд ішінде демді жедел, қарқынды түрде тездетіп сыртқа
шығару көлемімен анықталады (қалыпты жағдайда 70%-тен кем емес). Қазіргі кезде сыртқы
тыныс функциясының кептеген керсеткіштерін бағалау үшін компьютерлі аппаратқа
жабдықталған спирография әдісі кеңінен жүргізіледі. Осы тексерістің көмегімен науқасқа
ауыртпалық жасамайтын, әрі жеңіл, әрі қарапайым сандық көрсеткіштерді алуға болады.