Нуржігіт Алтынбеков Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысы жэне зиянсыздыгы туралы эңгіме жүргізіңіз.
2. Таңертең ашқарынга зерттеу откізілетінін науқасқа хабарлаңыз.
3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сагат 6-да (тольщ- кружка) жэне зерттеуге дейін 2
сагат бүрын (толмаган кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
4. Түп-тура зерттеу алдында науқастың қуыгын босатуын сүраңыз.
5. Науқасты манипуляңиялық ( ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.
6. Науқасты палатага апарып, бақылауды жэне тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту: - ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;
- ішектегі жедел қабыну процесі басылган соң,
ректороманоскопия жүргізіледі;
- егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы
қойылады;
- науқастың ішегін
дайындау және зерттеу арасында 2 сагаттай үзіліс болуы қажет, неге
десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиги түрін біршама уақытқа өзгертеді.
37. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (колоноскопияға) дайындау
және мақсаты.
НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ Колоноскопия – бұл аспаптық әдіс. Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігін
эндоскоптың иілгіш сүңгісі көмегімен зерттеу.
Әдістің диагностикалық маңызы:Колоноскопия жуан ішектің сілемейлі қабығын
тұп-тура қарайды. Эндоскоп жуан ішектің кез-келген бөлігіне анал тесігі арқылы енгізіледі.
Қарағанда қабыну үдерісі, ішкі геморрой, сызат, эрозия, қан құйылу, қатерлі ісікті табылады.
Әдісте мазок жағынды алу, шырышты қабаттан соскобты жасау. Биопсия жүргізу.
Мақсаты:науқасты зерттеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету, науқасқа хабарлау және
науқасты оқыту.
Науқастың күрделі мәселелері: Науқастың мәселелері:
- Алда болатын манипуляцияға, науқастың негативті қарым- қатынасы;
- Араласу алдындағы қорқыныш;
- Ұялшақтық;
- Емшараны жүргізгенде дискомфортты сезіну.