Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет67/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
сыртынан коршап, олардың кап- суласын кұрайды. Қылтамырлык шумактар мен капсулалар 
бірігіп бүйрек 
денешіктерін күрайды. Алдынғы бүйректін дамуы барысында пайда болған мезонефральды өзек 
арткы ішекке ашылады. 
Тұракты бүйрек эмбрионалдык дамудын екінші айында дами бастай- ды, бірак онын толык дамуы 
бала туылғаннан кейін аякталады. Бұл бүйрек екі бастамадан — мезонефральды өзектен және 
нефрогендік тіннен да­ миды. Соңғысы үрыктын каудальды бөлігіндегі мезодерманын сегмент 
аякшаларына бөлінбеген аймактары. Мезонефральды өзек нефрогендік бастамаға карай өседі және 
кейін одан несепағар, бүйрек тостағандарымен бүйректің түбегі, ал олардан — өсінділер шығып, 
жинактаушы өзектер мен түтікшелерге айналады. Бұл түтікшелер нефрогендік бастамада 
түтікшелердің дамуының индукторы болып табылады. Нефрогендік бастамадан жасуша- лар 
шоғыры пайда болады, олар кейін тұйыкталған көпіршіктерге айналады. Көпіршіктер ұзынынан 
өсе келе түйыкталған бүйрек түтікшелеріне айналады және өсу барысында S-тәрізді иіледі. 
Түтікшенің кабырғасының жинактаушы түтікшенің тұйыкталған өсіндісіне жанаскан жағымен 
әрекеттескенде, олардың куыстарының косылуы өтеді. Бүйрек түтікшесінін карама-карсы 
тұйыкталған үшы екі кабатты тостағанға ұксайды, оның ойысына артериалдык кылтамырлардын 
шумағы енеді. Бүл жерде бүйректін тамырлы шумағы калыптасады, ол капсуламен бірге бүйрек 
денешігін кұрайды. Пайда болы- сымен тұракты бүйрек тез өсе бастайды және жүктіліктін екінші 
жартысында кері дамитын алғашкы бүйректен 3-ші айдан бастап жоғары орналасады. 
Эмбриондық кезеңде бүйрек мезодерманың нефротом (сегмент аяқшалары) бөлігінен дамып, үш 
кезеңнен өтеді: 
−алғашқы бүйрек (1–pronephros) 8–10 сегмент аяқшаларынан дамиды, несеп өндіру 
функциясын атқармайды кері дамуға ұшырайды; 
−біріншілік бүйрек (2–mesonephros) бүйрек денешігінің капсуласы мен капилляр шоғырлары 
қалыптасады; 
−тұрақты бүйрек (3–metanephros) ұрықтық дамудың 2–ші айынан басталып нәресте дүниеге 
келгенше жүреді. Мезодерманың сегменттелмеген каудалды бөлігінен нефрогенді тін және 
мезонефральді түтік қалыптасады. Нефрогенді тіннен бүйректің өзекшелері дамиды. 
Мезонефральді өзектен несепағар, бүйрек қуыстары мен тостағаншалары, жинақтау түтіктері 
дамиды.
Функциялары: 1) несепөндіру және заттек алмасуының соңғыөнімдерін шығару;
2) тұз – су алмасуын реттеу; 
3) қышқыл– сілтілік тепе-теңдікті тұрақтандыру; 
4) эндокринді (ренин, простогландин, эритропоэтинді бөлу). 
Құрылысы: Бүйрек жұпты ағза, сыртқы беткейінен тығыз талшықты дәнекер тінімен, ал оның беті 
сірлі қабықшамен жабылған. Әрбір бүйректе қыртысты және милық бөлікті ажыратамыз. 
Қыртыстық бөлігі қызғылт қоңыр түсті және капсула астында орналасқан. Милық бөлігі ашық 
түсті 8–12 пирамидаға бөлінген. Пирамида төбелері бүйрек қуысына шығып тұрады. Даму 
барысында бүйректің қыртысты заты ұлғайып пирамида аралығына кіріп бүйрек бағаналарын 
құрады. Милы бөлік қыртысты бөлік ішіне қарай кіріп сәулелер түзеді. 
Бүйрек стромасын дәнекер тіні (қантамырлар мен нервтер), 
ал паренхимасын(нефрондар) эпителий тіні қалыптастырады. Бүйректің структуралық–
функциялық бірлігі нефрон болып саналады, әрбір бүйректе 1 млн. 
Бүйректің қыртысты бөлігін 3 түрлі нефрондардың бүйрек денешіктері, иректі проксималды 
өзекшелері, иректі дисталді өзекшелері, ЮГА аппаратының компоненттері қалыптастырады. 
Бүйректің милық бөлігін проксимальді тік өзекшелері, жіңішке өзекшелері, дисталды тік 
өзекшелері, жинақтау түтіктері қалыптастырады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет