Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет70/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
в)базалды бөлімде қатпарлары мен сызық түрінде орналасқан митохондрияның (қанға 
қатпарлары арқылы суды, ал митохондрия электролитті кері сорады) болуы. 
Нефронның жіңішке өзекшесі
Жіңішке өзекше (қабырғасы өте жұқа) диаметрі 12–15мкм. болатын бірқабатты жалпақ 
эпителиймен жабылған . Эпителиоциттердің цитоплазмасы ашық түсті, органеллалары және 
ферменттері аз ғана мөлшерде. Жасушаның ядросы бар бөліктері өзекше қуысына қарай шығыңқы 
болып көрінеді (ТЭМ суретті қара). 
Функция – пассивті түрде 1–лік несептен судың кері сорылуы жүреді, ал жоғарлаушы бөлімдегі 
өзекшеде (d.30мкм) электролиттер сорылады. 
Нефронның бұл бөлімі жіңішке төменгі және жуан дисталды тік өзекшелерден қалыптасқан және 
ол нефрон ілмегі деп аталады. 
Нефронның дисталды бөлімі
2 бөлімнен: а) тік және иректі өзекшелерден тұрады. Өзекше қуысы айқын анық. Тік өзекше 
диаметрі 30 мкм, ал иректі өзекшеде диаметрі 30–50 мкм. болады. Қабырғасы бірқабатты төменгі 
цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған. 
Жасушаның ерекшеліктері: 
а) апикалды бөлімде жиектері болмайды; 
б) базалды бөлімде қатпарлары мен сызықша түрінде орналасқан митохондрияның болуы. 
в) цитоплазмасы мөлдір болады. 
Жинақтау түтікшелері нефрон құрамына кірмейді. Қыртысты бөлікте жинақтау түтікшелер 
қабырғасы бірқабатты кубты, ал милы бөлікте бірқабатты төменгі цилиндр тәрізді эпителиймен 
жабылған.
Жасушалары 2 түрлі:
1) күңгірт түсті жасушалар, тұз қышқылын секреттейді (тұрақты несепті қышқылдандыру).
2) ашық түсті жасушалары тұрақты несептен пассивті түрде суды кері сорады (қандағы 
антидиурентті гормон (гипоталамуста өндіріледі) концентрациясына байланысты, егер гормон 
жетіспеушілігі байқалса, онда жинақтау түтікшесі және дисталды өзекше қабырғаларында су кері 
сорылмай несеп концентрациясы төмендейді. Пирамида тұсында ашылатын жинақтаушы 
түтікшелерінен несеп шығару жолы басталады (келесі тақырып материалы). 
57. Бүйректің эндокриндік аппаратына сипаттама. 
Бүйректің эндокриндік аппараты 
I. юкстагломеруллярлы аппарат (ЮГА); 
II. простогландинді аппарат; 
III. калликреин–кининді аппарат. 
I. Юкстагломеруллярлы аппарат –қанға ренин (ағзада қантамырларын тарылтып,гипертензияны 
тудыратын ангиотензиннің түзілуіне жағдай жасайды. Бүйрекүсті безден альдостеронның бөлінуін 
ынталандырады. Гипоталамустан АДГ синтезін күшейтіп, эритропоэтин, биогенді аминдерді 
бөледі. ЮГА–ның құрамы: 
1) ЮГА жасушалары; 
2) тығыз дақ; 
3) юкставаскулярлы жасушалар; 
4) мезангиялық жасушалар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет