Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет73/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Бүйректің қанмен қамтамасыз етуі; Бүйрек қақпасына кірген артерия, бөлікаралық, доғалық, 
бөлікшеаралық, бөлікшеішілік артерияларға бөлінеді, осыдан жоғарыға қыртысты 
нефрондарға, ал төменге милық нефрондарға әкелуші артериолдарға тарамдалады, осыдан 
бүйректе шартты түрде екі қанайналым жүйесін ажыратады: кортикалды және 
юкстамедуллярлы
1) Кортикалді қанайналым жүйесінде әкелуші артериолдар бүйрек капсуласына еніп «ғажайып» 1-
лік қан капиллярлар торын түзеді. Қан капиллярлар шумағы жиналып бірігуінен әкетуші 
артериолаға айналады. Әкелуші артериола диаметрі әкетуші артериоладан үлкен болады, 
сондықтан капсулаға қан көп келіп аз шығады осының нәтижесінде қысым жоғары болып 
(50мм.с.б.) сүзілу жүріп 1–лік несеп түзіледі. Әкетуші артериола капсуладан шығып екінші рет 
нефрон өзекшелерінде тарамдалып перитубулярлы 2–лік қан капиллярлар торын түзеді (10–
12мм.с.б.) қысым төмен болғандықтан 1–лік несептен реабсорбция жолымен 2–лік несеп 
түзіледі. 2–лік қан капиллярлар торы жиналып жұлдызша тәрізді венулаға н/е бөлікшеаралық 
венаға, доғалық венаға, бөлікаралық венаға, бүйрек венасына құяды. 
2) Юкстамедуллярлы қанайналым жүйеде әкелуші және әкетуші артериолдар диаметрі бірдей 
болады, сондықтан қысым да төмен. Әкетуші артериола тік тамырға өтеді, перитубулярлы 
капилляр торына, тік веналарға, доғалы венаға өтеді.Осы ерекшелігіне байланысты милы 
нефронда несеп түзу процесі төмен жүреді, шунт ролін атқарады (қан қысқа және оңай жолмен 
өтеді). 
Несепөндіру процессінің гистофизиологиясы 
Қыртысты нефрондарда несепөндіру процесі үш фазада жүреді: 
1) фильтрация (сүзілу) фазасы – бұл бүйрек денешігінде жүретін процесс, қан капиллярлар 
торында қысым жоғары болғандықтан капсула қуысына қан плазмасы сүзіліп, мөлшері тәулігіне 
180 литрдей 1–лік несепөндірілу жүреді; 
2) нефрон өзекшелерінде жүретін процесс – реабсорбция фазасы, өзекшелер қуысынан қан 
капиллярларына 1–лік несеп (мөлшері 178 литр), кері сорылып (реабсорбия), соңында 2–лік 
несепөндірілу фазасы жүреді;
3) секреция фазасы – жинақтаушы түтікшелерде, ақырғы несептің қышқылдануы жүреді. Ақырғы 
несептің тәуліктік мөлшері 1,5–2литр болады. 
Бүйрек денешігінің құрылысы
Бүйрек денешігі қантамырлар шумағы және капсуладан (Боумен–Шумлянский) тұрады. 
1) Қантамырлар шумағы әкелуші және әкетуші артериола аралығында орналасқан фенестрленген 
25–50 шақты қан капиллялар (50мм.с.б.) торынан тұрады. Фенестрленген қан капиллярлар 
қабырғасы эндотелиймен жабылған. Эндотелийде (0,1мкм.) саңылаулары бар және олар 3 қабатты 
базалды мембранада орналасқан. Базалды мембрананың ішкі және сыртқы қабаттары ашық түсті, 
ал ортаңғысы (d.7нм. саңылаулары бар) тығыз күңгірт түсті. Базалды мембрана қан капилляр 
эндотелийі мен капсуланың ішкі эпителийіне ортақ болады. Қан капиллярлары аралығында 
дәнекер тінде мезангиялық жасушалары орналасқан.
) Шумақша капсуласының пішіні бокал тәрізді және ол ішкі және сыртқы жапырақшадан түзілген, 
аралығындағы қуыстан нефронның проксималды өзекшесі басталады.
Капсуланың ішкі жапырақшасы подоциттермен жабылған, олар әрбір қан капиллярларын жан–
жағынан қоршай жауып орналасқан.
Капсуланың сыртқы жапырақшасы жалпақ немесе текше тәрізді эпителиймен жабылған. Бұл 
нефронның проксималды өзекшесіне өтеді. Екі жапырақша аралығында капсула қуысы бар.
Подоциттер – пішіні дұрыс емес, d.30 мкм. эпителиалды жасушалар Жасуша денесінен ірі 
біріншілік өсінділері – цитотрабекулдар, ал олардан тарайтын ұсақ екіншілік өсінділер – 
цитоподиялары 3 қабатты базалды мембрананың сыртқы бетіне бекінеді. Араларындағы 
фильтрациялы саңылаулары сүзгі функциясын атқарады.
Подоциттің функциясы: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет