Нуржігт Алтынбеков
Алдын алу шаралары: жыныстық
қатынас алдында қорғану, ине алмасу бастамасы
(қолданылған инені жаңасына тегін алмастыру), жұқтырғандарды емдеу, жұқтыруға
дейінгі және кейінгі профилактика және ерлерді сүндетту.
Аурудан толық айықтыратын
дәрі не вакцина жоқ; десе де, антиретровирусты терапия ауру ағымын баяулатып, өмір
сүрудің әдеттегі ұзақтығына әкелуі мүмкін.
Диагноз қойылған сәттен бастап, емдеуді
бастау ұсынылады. Ауру жұқтырған адам емделмесе, шамамен 11 жыл өмір сүреді.
Анасына да, балаға да антиретровирусты терапия жүргізу
арқылы нәрестеде аурудың
дамуын алдын алуға болады.
АИВ/ЖИТС — жаһандық пандемия. 2016 жыл дерегі бойынша әлемде шамамен 36.7
миллион адам АИВке шалдыққан, сол жылы жаңадан инфекция жұқтырғандар саны – 1.8
миллионға жуық. 2001 жылы бұл көрсеткіш 3.1 миллион болған. Жұқтырғандардың
жартысынан сәл көбі – әйелдер, ал 2.1 миллионы – балалар. 2016 жылы бұл сырқаттан 1
миллион адам қаза тапса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 1.9 миллион болған.
Ең көп инфекция жұқтырғандар Сахараның оңтүстігіндегі Африкада тұрады. 2010 жылы
барлық АИВ жұқтырғандардың 68% (22.9 миллион) және барлық өлімнің 66% (1.2
миллион) осы аймақтан шыққан. Бұл дегеніміз аймақтағы ересектердің шамамен 5%-ы
АИВ жұқтырған және бала өлімі себептерінің 10% осы ауруға тиесілі. Басқа аймақтармен
салыстырғанда бұл жердегі жұқтырғандардың 60% – әйел.
Келесі ең көп жұқтырғандар тұратын аймақ – Оңтүстік және Оңт-Шығ Азияда;; 2010
жылы бұл аймақта шамамен 4 миллион адам (барлық жұқтырғандардың 12%) АИВ
жұқтырған, оның 250 000 қайтыс болған. Шамамен 2.4 миллоны – Үндістаннан шыққан.
2019 жылғы қыркүйекте белгілі болған мәлімет бойынша Қазақстанда 24 289 (0,14%)
адамның статусы оң деп анықталған (60% – ерлер), олардың 70%-ға жуығы (416 бала)
ретровирустарға қарсы терапия қабылдайды. АИВ жұқтырғандардың басым бөлігі (71%)
20-39 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдар. Негізігі жұқтыру жолы –
гетеросексуалдар арасындағы жыныстық қатынас (53,1%).
Достарыңызбен бөлісу: