Нуржігт Алтынбеков
үшін өлген кеміргіштерді 1 тәуліктен кейін бағалайды, газдау алдында арнайы
биобақылау тесттерін қояды.
Биологиялық жою әдісінде кеміргіштердің табиғи жауларын және патогенді
бактериялардың дақылдарын қолданады. Бактериологиялық жою үшін адамға зиянсыз
сүзек, сальмонеллез қоздырғыштары, ал табиғи жаулары ретінде мысық, ит, түлкі, кірпі,
жылан, құстар қолданылады. Дератизациялау жұмыстарын ұйымдастыру:
1. Ошақтық дератизация – жұқпалы ауру таралған ошақта, құрылыста жасалады.
2. Таңдаулы дератизация – белгілі аймақта, мекемелерде, ет, балық өндірісінде,
элеваторда, қоймаларда жасалады.
3. Жаппай, бір мезгілдік дератизация – тұрғын мекендерде жылына 1-2 рет жасалады.
4. Жаппай, жүйелі түрдегі дератизация – үлкен қалаларда, порттарда жаппай түгелімен
жүйелі түрде өңдеу жасалады.
Дератизацияның сапасын бағалау.
Кеміргіштердің толық жойылғанын білу үшін үш көрсеткіш қолданылады.
1) Тағамдардың бүлінуі, экскременттердің болуы, жаңадан заттардың зақымдалуы
бойынша белгілерін анықтау.
2) Кеміргіштердің інін тампон немесе қағазбен жапсырып қойғанда, олардың жыртылуы
жаңа індердің пайда болуы.
3) 3 тәулік бойы кеміргіштерді қақпанмен аулау. Теріс нәтижелер мекеменің
кеміргіштерден тазарғанын көрсетеді. Қақпанды мекеменің 30 м2 –ге бір қақпан қою
есебінде есептеледі. Үш тәулік бойы ұсталынған кеміргіштер саны қосылады және 1000
м2 –ге қайта есептеледі.
34. Қауіптілігі әртүрлі кластағы медициналық қалдықтармен жұмыс істеу
қағидалары
медициналық қалдықтар - медициналық қызмет көрсету және медициналық қол
әрекетін жүргізу үрдісі барысында түзілетін қалдықтар;
медициналық қалдықтармен жұмыс істеу - медициналық қалдықтарды жинауға,
залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға байланысты жұмыстың түрлері;
медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру - механикалық, физикалық, химиялық
немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін
азайту немесе жою;
Достарыңызбен бөлісу: |