О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы


Өзіңді бағалау мен кешіру



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Өзіңді бағалау мен кешіру
Кешіру мықтылардың ісі. 
Әлсіздер кешірімді бола алмас.
Махатма Ганди
Ө
зін бағалау мен кешірімді болудың арасында 
тығыз байланыс бар. Сен өзіңді бағалаған сайын 
адамдарды мейілінше кешіріп, оларға кеңпейілділік 
танытасың. Эгодан, яғни өзімшіл болудан аулақ 
тұрасың. Әрине, өзімшіл болмаған дұрыс. Адам өзін-өзі 
қаншалықты төмен бағалаған сайын кешіру, кеңшілік 
қылу оған соншалықты ауыр тиеді. Алайда ол бұл ізгі 
жол арқылы, кешіру ұғымын, пайымын берік ұстану 
арқылы өзін өте жоғары бағалап, кемелдене түседі. 
Адамдармен жиі араласқан сайын, оларды жақсы 
тани бастайсың. Адам баласының жаны, болмысы 
туралы оқыған сайын, олардың түрлі, ала-құла екенін 
түсіне бастайсың. 
Адам өзін-өзі бағалау тұрғысынан үш түрге бөлінеді. 
• 
Бірінші түрі: өзін шектен тыс бағалайтын адам.
• Екінші түрі: өзін тиісінше бағаламайтын адам. 
• Үшінші түрі: өзіне дұрыс баға бере алатын адам. 


iqup
63
Өзін шектен тыс 
бағалайтын адам
«Кешір деп, кешіре алмай тұрған кезде айтады»
Ө
зін шектен тыс бағалайтын адам бойында эгосы, 
яғни менмендігі шектен тыс көрініс табады деген 
сөз. Көп жағдайда мұндай адам қоғамда мансапқа, 
беделге ие. Өзгелерден мақтау естуге әдеттенген. 
Бала кезіндегі тәлім-тәрбиесінде шектен тыс еркелету 
- мінезін бұзған. Бірақ әрбір мансапты, беделді адам 
өзінің бағасын асырып жібереді деп айтуға келмейді. 
Өмірде 
адамның 
өзін 
асыра 
бағалауына, 
дандайсынуына 
итермелейтін 
себептер 
болуы 
мүмкін. Дегенмен мұның өзі - жағымсыз қылық. Ал 
ең жағымсызы – себепсіз туған астамшылық. Ислам 
діні мұндайға үзілді-кесілді тыйым салған. Имам 
Муслимнің «Сахих» жинағындағы Әбу Һурайрадан 
жеткен хадисте Пайғамбарымыз: «Алла қиямет күні 
үш пендемен сөйлеспейді, оларды тазартпайды және 
оларға қарамайды. Сондай-ақ оларға ауыр азап бар», 
– деп сол үшеуінің арасында тәкаппар кедейді атаған. 
Дандайсынуына себеп жоқ бола тұра өзін өзгеден 


Кешіру
64
жоғары санаған адамды меңзеген. Пақырдың қолында 
түгі болмаса да тәкаппарланып, өзін асыра бағалауына 
итермелейтін нендей себеп болмақ?
Өзін шектен тыс бағалайтын адам төмендегі 
сипаттарымен 
танылады:
• Сын-пікірді немесе насихатты қабылдамайды. 
Әрдайым өзінікін дұрыс деп санайды. 
• Іс-әрекетінде асыра сілтеушілік байқалады, әсіресе, 
түймедейді түйедей етіп көрсетуге шебер.
• Өзгелерге үстемсініп, дандайсып қарайды. Оның 
үнемі: «Олар мені тыятындай кім еді?! Сендер маған 
насихат айтатындай кімсіңдер?! Сен маған үйрету 
үшін келдің бе?!» – деп жатқанын естисің. 
• Бойындағы тәкаппарлық пен масаттану шегінен 
шығып, барлығынан өзіне ерекше мәміле, қарым-
қатынас жасауын талап етеді. Адамдар оған үнемі 
лайықты құрмет көрсетпейді деп санайды.
• Өзін маңызды тұлға сезінеді. Ал қалғандары оны 
бақылап, сол сияқты болғылары келеді деп есептейді. 
Серіктері қызғанышпен қарайды деп ойлайды. 
• Кешіруді, кеңшілікті танытудың жолын білмейді. 
Керісінше, қатыгездік пен іштарлықтың былығына 
батып күн кешеді. Әрдайым қате-кемшіліктерін 
кешірілетін, болмашы іс санайды. Ал өзгелердің 
қате-кемшіліктерін болса, кешірілуі мүмкін емес 
ауыр іс көреді. 


iqup
65
• Еңсесін даңғойлана көтереді. Құдды ісініп тұрғандай 
болады. Басын менменсіп жоғары ұстайды. 
• Өзімшілдікті, менмендікті білдіретін сөздерді жиі 
қолданады. Өзі жайлы, басынан кешірген оқиғаларын 
жиі айтады. Сондай-ақ өзі ғана сөйлегенді жақсы 
көреді. 


Кешіру
66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет