О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Өзгелерді кешіру ең 
сүйкімсіз кезең
 «Кешіруді уақыт келе үйренбейді, 
сенің өкпең өзгелерге бәрібір болғанда үйренесің» 
IQUProject
Б
іреудің саған жасаған жамандығы белгілі бір 
ұнамсыз кезеңді басыңнан кешіруге себеп болады. 
Сол кезде бойыңда жағымсыз, ауыр сезім пайда болып, 
артынша күтпеген келеңсіз сезіммен аралас жанайқай 
шығады. Тек саған жасалған жамандықтар ғана мұндай 
жағымсыз әсер бермейді. Тіпті өміріңдегі түйіткілді 
мәселелер, ұмыта алмаған реніш, өкпең секілді ойыңды 
бұзатын барлық дүние осындай жағымсыз шақты 
бастан өткертеді.
Ұмыта алмай, ішіңде жиналған ренішіңнен, өкпеңнен 
арылудың ең абзал жолы ол – кешірімді болу, өміріңде 
болып жататын жайттарға көну. Алайда кешірімді 
болуға, өмірлік жайттарға көнуге, келісуге құр шешім 
қабылдаумен шектеліп, әрекетке көшпеу сенің жан 
айқайыңды арттыра түседі. «Кешірейін бе, әлде 
кешірмейін бе?» деп абдырай бастайсың. 


iqup
83
Психология ілімінде «сезімнің құбылуы» деп 
аталатын термин бар. Бұл термин сыртқы факторға 
жауап ретінде бір сезімнен екінші сезімге ауысуды 
білдіреді. Осы арқылы әуелгі сезім басылып, оның 
орнын жаңа сезім басады. 
Сезімдік құбылуға қатысты мысалдар күнделікті 
өмірімізде жиі қайталанып жатады. Мәселен, бала үйіне 
кешігуі мүмкін. Сонан соң анасы оған қоңырау шалады. 
Бірақ бала анасының қоңырауына жауап бермейді. 
Сол сәтте ананың бойында баласына алаңдау, оған 
уайымдау сезімі оянады. Бала үйіне аман-есен оралса 
болды, ананың уайымдау, алаңдау сезімі әп - сәтте 
ашуға, жазғыруға, баласын жазалау сезіміне ауысады. 
Міне, бұл «сезімдік құбылу» деп аталады.
Сезімнің басты 4 түрі бар. Бізден осы сезімдерді 
бақылай білу, оларды бұзып алудан сақтау және 
қадағалау талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет