О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Өзіме қалай кеңшілік 
қыламын?
«Өмір мені кешіруден гөрі, кешірім іздеуге үйретті» 
IQUProject
Қ
ате 
әрекетімен 
немесе 
салғырттығымен, 
кемшілігімен және басқа да істерімен өзіне 
әділетсіздік істемеген ешкім жоқ. Өйткені біз өзімізге 
көп әділетсіздік етеміз. Өзімізді кейде тіпті жарға жығып 
жататын кездеріміз де болады. Әбу Бәкір Алла елшісіне: 
«Маған намазымда оқып жүретін дұға үйретіңізші», – 
дейді. Алла елшісі: «Аллаһым, шынында мен өзіме өте 
көп зұлымдық жасадым. Ал күнәларды тек Сен ғана 
кешіресің. Мені кешірші және мейірім етші. Шынында 
Сен өте кешірімдісің және мейірімдісің», – деп айт», – 
дейді.
Міне, бұл өзіңе дұрыс қарым-қатынас жасаудың ең 
абзал үлгісі. Өйткені өзіңді шектен тыс жазғыра беру 
адам жанын тежейді. Оған зақым келтіреді. Ешқандай 
жетістікке жеткізбейді. 


iqup
77
Өзіңе дұрыс қарым-қатынас жасау - оны тәрбиелеуге 
қатысты қабылдаған құр шешіміңнен ғана тұрмау 
керек. Керісінше, өзіңді тәрбиелеуге септігін тигізетін 
бүкіл құрал, тәсіл жан-жақты қолданылғаны жөн. 
Психолог Гай Уинч «Алғашқы рухани жәрдем» атты 
кітабында: «Өзіңе кеңшілік қылуды өз жаныңмен 
бәстесу (вызов) деп елестетуіңе болады. Бұл тәсілден 
үміт етілетін нәтижелер, сөзсіз, күш-жігердің 
жұмсалуына тұрарлық. Соңғы зерттеулер адамның 
өзіне кеңшілікпен қарауы - өзін шектен тыс кінәлі 
сезінуден сақтайтынын анықтаған. Сондай-ақ, мұндай 
тәсіл бір адамның алдында қателік істеп қойғандықтан 
одан қашқақтамауға көмектеседі. Бұл да өмірден ләззат 
алуға деген жігерімізді арттырады. Өзімізді шектен тыс 
жазалауға немесе нәтижесі бізді құлдырауға апаратын 
тәсілдерді қолдануға жол бермейді. 
Өзімізге қажет кезде кеңшілік қылмаған шақта 
басымыздан кешіретін ең ауыр сезім ол – шектен 
тыс жаныңды жегідей жеп, кінәлі сезіну. Салдарынан 
бұл сезім тұлғаның ықыласын құртады. Күш-жігерін 
тауысады. Өмірде ашылып, жетілуге, қуануға жол 
бермейді. Бұл мәселенің ақырында жасайтын ең 
бірінші қадамымыз, ол – әрекетімізден туындаған 
жауапкершілік пен ісіміздің салдарын мойынмен 
көтеру. Адамның өзін есепке алуы - өте маңызды іс. 
Өйткені сахаба Омар: «Ертең есепке тартылмас бұрын 
өз-өздеріңді есепке тартыңдар», – деген. Расында, 
өзіңді есепке тарту күнделікке ұқсайды. Өзіңді 


Кешіру
78
қадағалап жүруіңді, тиянақтылығыңды білдіреді. 
Сондай-ақ тұлғаны жетілдіруге, кемелдендіруге 
көмектеседі. Себебі, сен өзіңді құр жазалау, жазғыру 
үшін есепке тартпайсың ғой. Керісінше, өз тұлғаңды 
дұрыстау, түзеу мақсатында есепке тартасың. 
Өзіңді есепке тарту әрекеті қателігің үшін өзіңді 
жазғырудан ғана тұрмайды. Керісінше, оң нәтиже 
беретін әрекеттеріңді нығайта түсіп, олардың 
біршамасын дамытудан тұрады. 
Сен қателікті ешқашан қайталамауға және қатеңді 
түзейтін істі істеуге нық сенімді болуың жеткілікті. 
Бұған сенімді болған кезіңде, бойыңдағы кертартпа 
жағымсыз сезім қайта оянбас үшін өзің үшін қуана біл! 


iqup
79
EXERCISE 
Оң өзгеріс сыйлайтын іс-тәжірибе. Өміріңде орын 
алған жағдайлардың бірін таңда да соған іс-тәжірибе 
жүргіз: 
• Бойыңдағы белгілі бір сипатқа немесе өзіңе ұнамаған 
бұрынғы әрекетіңе кеңшілікпен, кешіріммен қара; 
Өзіңе ұнамсыз бір сипатыңды немесе бұрын істеп 
қазір көңіліңді көншітпейтін әрекетіңді анықта. Сосын 
«осы мәселеде өзіме кеңшілікпен, кешіріммен қарауым 
керек» деп шеш. Өзіңе осы сәтте ең абзал таңдау 
жасағаныңды айт. Кеңшілігіңді жария етіп, оң әрекетке 
бағыттауға шешім қабылда; 
• Өзге адамдардың өздеріне кеңшілік етуіне көмектес.
Оған 
не 
айтатыныңды, 
оны 
қалай 
қанағаттандыратының туралы жақсылап ойлан. Сосын 
оған не үйренгеніңді айт. Не болмаса оған пайдалы бір 
кітапты таңдап, соны оқуға кеңес бер. 



ІI LEVEL
Өзгелерді кешіру 
ең сүйкімсіз кезең


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет