Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін қаузайтын дүниені танудың айрықша формасы.
Тұлғааралық: Философия әртүрлі мәдени-рухани позицияларды өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.
Жүйелік:Философия рухани өндірістің, оның басқа формаларына (дін, ғылым, өнер, мораль) сайылмайтын ерекше формасы. Философия дүниені практикалық және рухани игерудің нәтижелерін, қоғамдық өмірдің мәдени-әлеуметтік дамуының, мәдени сәйкестікті анықтау мен іздеудің мүмкін болар стратегиялары мен таңдау жолдарын ұсына отырып синтездейді және жалпылайды.