О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,76 Mb.
#668
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

21. ТүзЕТІлГЕН ӘРІП
Араб әрпіне тағылатын міннің ең зоры баспа түрінің төрт 
тұрпаттылығы  еді.  Ол  кемшілік  араб  әрпінің  бойына  біткен 
кемшілік емес, кейіннен кез болған кемшілік еді. Араб әрпін 
жазбадан  баспаға  айналдырғанда  сөзді  әріп  жігінен  кеспей, 
буынсыз  жерінен  бұтарлаған.  Әр  әріп  тұрған  жерінде  ту-
ралып,  бір  әріптің  айағы  екінші  әріптің  басына,  басы  басқа 
әріптің айағына қосылып, бір әріп бірнеше бөлініп кеткен. Со-
нан баспадғы әріптер жазбадағыдай емес, тіркесетіндері төрт 
тұрпатты, тіркеспейтіндері екі тұрпатты болып шықты. Оның 
әр тұрпаты әріп кассасында өз алдына ұйа алып тұратын болған 
себепті ұйа көбейіп, касса үлкейіп, баспа жұмысына кемшілік 
келтіретін еді. Сол кемшлігі жазу машинасын жасауға да көпке 
дейін  бөгеу  болған  еді.  Сол  кемшіліктің  кесапаты  әрі  кесу, 
қалып жасау, әріп құйыу жұмысына тиетін еді. Баспамен істес 
болған жұрттар осы қолайсыздығын көріп, көптен-ақ түзетуге 
ойланса да, патша заманында пәтуасыз молдалар ықпалы жүріп 
тұрған кезде батылдық етіп түзете алмаған еді.
Октиабір  өзгерісі  болып,  мәдиниет  ісі  молдалардың  құр- 
сауынан  босаған  соң,  араб  әрпінің  айтылған  қолайсыздығын 
жойып,  кемшілік  кесапаттарын  аршу  талабына  кірісушілер 
бола бастады. Солардың 7-8 жылдан бері өткен еңбектерінің 
нәтижесі  бірнеше  түзеу  жобасы  болып  шыққан.  Жобаларды 
қарап, ақылдасып, қайсысын алау туралы кеңеспекке Татарыс-
тан білім ордасы түрік республикаларынан өкілдер шақырған, 
әріп  мәселесіне  араласып  жүрген,  әріп  жобаларын  жасап 
жүрген адамдарды шақырған. Кеңес октиабірдің 20-нда ашы-
лып, 26-нда бітті.
Кеңеске толып жатқан жобалар түсті. Жобалар қарай кел-
генде екі негізге бөлінді: 1) араб әрпін еуропашалау негізінде 
жобалар, 2) араб әрпін өз негізінше түзеу жобалары.
Алдыңғы түрде жоба жасаушылар: бұрынғы Дамей, Қари- 
тонұлылар, қазіргі Қасен, Қали, Тайыр, Молдашұлылар.
Бұлардың  жобаларында  араб  әрпінің  тұрпаты  Еуропа 
әріптерінің тұрпатына ұқсас болып шығады. Соған ұқсату үшін 

264
араб  әріптерін  кереді,  созады,  иеді,  бүгеді,  әйтеуір,  жақын- 
дастыруға  тырысады.  Бұлардың  ойлауынша,  әріптер  жазбада 
тұтасса  да,  баспада  Еуропа  әріптерінше  дара-дара  басыларға 
керек.
Екінші түрде жоба жасаушылар: Бұрнаш, Алпар, Ыдырыс, 
Тоқай, Шарап, Орманшыұлылар. Бұлардың жобалары бір не-
гізінде, өзара айырылатын жерлері бар. Бұрнашұлының жобасы 
әріптің бас тұрпаты мен жеке тұрпатын алып, екеуін үйлестіріп, 
қиындастырғандығынан, бұрынғы баспадан айырғысыз болып, 
түзеткені түк сезілмейтін дәрежеде жасалған.
Алпар,  Ыдырыс,  Тоқай,  Шарапұлыларының  жобалары 
әріптің бір-ақ тұрпатын алып жасаған жобалар. Бұлардың әр 
тұрпатты әріптері бұрынғы бас тұрпатқа жақын. Сөздің басын-
да, ортасында келгенде, бұрынғы баспадан айырғысыз болып, 
жалғыз-ақ  сөздің  айағында  ғана  құйрығының  шолақтығынан 
жаңаланғаны білініп қалады. Білінгенімен де оқуға кемшілігі 
жоқ, өйткені, сөздің сүгіреті соңындағы жалғыз әріптен елер-
лік болып өзгермейді.
Орманұлының жобасы араб әріптерін негізінше алған. Бірақ 
нүктелерін әріпке қосып, тұтас мүше іспетті жасаған. Нүктелері 
тұтасқандықтан, әріп ұсқыны жатырқалық болып көрінеді. 
Сын  нарқына  алған  негіздегі  шарттардың  көбіне  тура  ке-
летін  жоба  Бұрнашұлыныкі.  Оның  жобасындағы  әріптер 
ұқсастығымен  де,  сұлулығымен  де  бұрынғы  баспадан  түк 
айырылмайды.  Бірақ  қолайлылық  жағына  келгенде,  жалғыз 
тұрпатты әріп алған жобалардан төмен. Төмендігі сол – бір әріп 
орнына екі әріп алады. Түзетілудегі мақсат бір әріптің бірнеше 
тұрпатты болуын жойыу болған соң, неғұрлым тұрпат түрлері 
кемісе, соғұрлым көздеген мақсат жақын болмақ. Сондықтан 
Бұрнашұлының  жобасы  түпкілікті  алынбай,  уақытша  алына-
тын болды. 
Түпкілікті  баспаға  тек  жалғыз  тұрпатты  әріп  жобалары 
алынатын болды. Ондай жоба ұсынушылар: Алпар, Ыдырыс, 
Тоқай, Шарапұлылар. Бұлардың жобалары бір негізді: алатын-
дары әріптің жалғыз тұрпаты. Араларындағы айырымдары аз. 
Сондықтан төртеуінің де жобалары қабыл алынды.

265
Орманұлының  жобасы  жалпы  баспаға  алынбағанмен, 
әріптерді түрлендіру жүзінде түр үлгісінің бірі болып алынуға 
жарарлық делінді.
Сөйтіп, кеңестің шығарған қарары мынау болды:
1. Әріптің бір ғана ұсқында болуы оқыту жағынан да, қара- 
жат жағынан да, баспа жұмысы жағынан да зор жеңілдік кел-
тіретін болғандықтан, түрік-татар жұрттары тұтынып отырған 
араб әріптері баспада бір ұсқынды болуы тиіс.
2.  Бір  ұсқынға  әріптің  бұтарламаған,  тек  қысқартылған 
сүгіреті алынады.
3. Бір ұсқынға алынған әріп сүгіреті сөздің басында да, ор-
тасында да, айағында да, қандай әріппен қатар тұрса да, жалғыз 
ғана  сүгіретті  болып,  халықтың  көзі  үйренген  тұрпатына 
мүмкін қадарлы жақын болуы тиіс.
4. Баспа жұмысына қолайлы болу жағынан қарап, әріптер 
толық  пункттерге  сыйымды  болып,  подрезкасыз,  шпонсыз 
тізілерлік болсын. Жалпы, баспаның 14-нші кегілінен артпасқа 
тиіс.
5. Алдағы 1927-28-нші оқу жылына басылатын оқу кітапта-
ры жоғарыда айтылған бір ұсқынды әріптермен басылсын.
6.  Бір  ұсқынды  әріп  баспаханаларға  таралып  болғаннан 
кейін, газеттер, журналдар, кітаптар (қара бұқараға деп айыр-
мастан) бір ұсқынды әріптермен басыла басталуы керек. 
7.  Қара  бұқараның  бір  ұсқынды  әріпке  көшу  жолын 
жеңілдету үшін әріптердің сөз айағындағы түрлерін бірден тас-
тамай, бірте-бірте тастау керек: бірақ бір жылдың ішінде әріп 
құйрықтары жоғала-жоғала барып, ақтығында тек бір ұсқынды 
ғана әріптер болуы керек.
8.  1928  жылғы  ғинуардың  бірінен  бастап  татар  мен  қазақ 
баспаларында бір ұсқынды әріптерге көшіп болу кркек.
9. Татар мен қазақ баспалары үшін төрт ұсқынды әріп құйыу 
қазірден тоқтатылсын.
10. Жазу машыналарына қазірден-ақ жоғарыда айтылған бір 
ұсқынды әріптерді қолдану керек.
11.  Мектепте  үйретілетін  қол  жазбалары  бір  ұсқынды 
әріптердің тұрпатынан онша алыстамасқа тиіс.

266
* * *
Әріпті  бұлай  түзетуден  көретін  иігілігіміз  қандай?  Мұнан 
көретін игілік есепсіз көп.
Әуелі,  әріп  жасау  жұмысын  азайтады.  Қазақша  баспаға 
бұрынғы бойынша 77 әріп жасадың орнына 35 ғана әріп жаса-
лады. Бұл әріп жасау ісін үш еседен де артық жеңілдету бола-
ды. Ашық түрде айтқанда, үш әріптің орнына бір-ақ әріп жасау 
болады.
Әрине, бір әріпті жасауына кететін уақыт пен еңбек, қаржы-
қаражат  үш  әріп  жасауына  кететін  уақыт  пен  еңбек,  қаржы-
қаражаттан үш есе кем болмақшы. Әріп кесуінен бастап, сол 
үш  есе  жеңілдік  әріп  қалыбын  жасау,  құйыу,  оған  төлейтін 
ақыға дейін барады.
Екінші, әріп тізу жұмысын жеңілдетеді. Әріп аз болса, әріп 
кассасының ұйасы да аз болмақ. Ұйасы аз болса, касса шағын 
болмақ. Касса шағын болуы мен ұйа аз болуы әріп тізі жұмысын 
оңайлатпақ. Түзетілген араб әрпі бір ұсқынды ғана болған соң, 
кассасының  ұйасыын  азайтады.  Ұйасы  аз  болған  соң,  касса 
шағын болады. Мәселен, қазақ әріптеріне бұрынғыша 77 ұйа 
керек болса, енді оның орнына 25 ұйа ғана керек болады. Бұл 
68  пыратсентке  жақын  жеңілдену,  басылған  нәрсенің  бағасы 
арзандау болады.
Оның үстіне, касса шағынданса, әріп тізушілер бұрынғыдай 
түрегеп тізбей, отырып тізуге мүмкін болады. 
Үшінші, жазу машиналарын жақсылауға жол ашады. Бұрын- 
ғы әріптерге орын көп керек болғандықтан, жазу машинасынның 
түрткіштеріне (клавитеріне) сыймай, әурелейтін еді. Енді жазу 
машинасына бір түгіл, екі әліп-бидің әрпін сыйдыруға болады. 
Мәселен, бір машинаны енді әрі қазақша, әрі орысша басуға 
жарайтын етіп, екі әліп-бидің әрпін сыйдырып жасауға бола-
ды.
Төртінші,  оқыту  ісін  жеңілдетеді.  Араб  әрпі  оқыту  әдісін 
жақсы білетін адамдардың қолында бұрын да оқыту жүзінде 
онша  қиындық  қылмайтын.  Оқыту  әдісін  шала  білетіндерге 
ғана төрт тұрпатты болуы қиын көрінетін. Енді әріп тұрпаты 

267
бір ұсқынды болған соң, оқыту әдісін білетін, білмейтіндердің 
бәріне бірдей жеңіл болмақшы.
Бесінші,  басқа  да  машинамен  істелетін  баспа  жұмысы- 
ныңкөбіне  пайдасы  тимек.  Соңғы  замандарда  шыққан  ли-
нотип, минотип деген әріпті әрі қойып, әрі жыйып, кітаптың 
бір жолын біржолата тізіп шығаратын машиналарға келгенде, 
түзеткен  араб  әрпінің  қолайлылығы  тағы  артықша  болмақ. 
Сондай машиналардың түркіштеріне орыстар, басқа да Еуро-
па жұрттары бір ғана әліп-бидің әрпін сыйғызғанда, жаңарған 
араб әрпімен екі әліп-би әрпін сыйғызуға болады.
Қысқасы,  жаңарған  араб  әрпі  баспа  дүниесі,  жазу  маши-
насы, оқыту жұмысы жағынан орыс әрпінен де, басқа Еуропа 
жұрттарының әріптерінен де анғұрлым артық болмақ.
1927 ж.

268
ҒАлЫМ МҰРАСЫНЫң КӨРСЕТКІШІ 
(хронология бойынша)
жарық көрген еңбектері:
1.  Байтұрсынұлы  А.  Қырық  мысал.Крылов  мысалдарының  аудар-
малар жинағы. Санк-Петербор, 1909.-116 б.; Қазан, 1913.-96 б., 
1922.-96 б.; 
2.  Байтұрсынұлы А. Маса.Өлеңдер және аудармалар жинағы. Орын-
бор, 1911.-92 б.; Қазан, 1914.-94 б.; 1922.-95 б., Қолжазба. (Жылы 
көрсетілмеген); 
3.  Байтұрсынұлы А. Оқу құралы. Бірінші кітап: Балаларға арналған 
әліппе. Орынбор, 1912.-40 б.; О., 1913.-40 б.; О., 1914.-96 б.; О., 
1916.-98 б.; О., 1921.-90 б.; О., 1922.-70 б.; Ташкент, 1922.-95 б.; 
О., 1923.-126 б.; О., 1925.-72 б.; 
4.  Байтұрсынұлы  А.  Оқу  құралы.  Екінші  кітап:  Алифбаға  жалғасты. 
Орынбор, 1913.-54 б.; Қазан, 1913.-52 б.; О., 1923.-73 б.; О., 1924.-72 б.;
5.  Байтұрсынұлы  А.  Оқу  құралы.  Усул  сотие  жолымен,  қазақша 
әліпбиге байаншы. Қазан, 1913.-15 б.; Ташкент, 1921.-14 б.;
6.  Байтұрсынұлы А. Оқу құралы. Бірінші кітап: Үлкендер үшін. Се-
мей, 1921.-30 б.;
7.  Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Бірінші бөлім: Грамматика (Дыбыс 
жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914.-53 б.; Ташкент, 1918.-32 б.; 
Т., 1922.-90 б; О., 1924.-48 б.; Қызыл-Орда, 1925.-39 б.; Семей, 
1927.-38 б.; Қ-О, 1927.-39 б.; 
8.  Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Екінші бөлім: Этимология (Сөздің 
жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914.-120 б.; Ташкент, 1920.-96.; 
Қазан, 1920.-104 б.; Т., 1922.-96 б.; О., 1923.-128 б.; О., 1924.-128 
б.; Қызыл-Орда, 1925.-122 б.; Қ-О., 1927.-122 б.; 
9.  Байтұрсынұлы  А.  Тіл  –  құрал.  Үшінші  бөлім:  Синтаксис  (Сөйлем 
жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1923.-68 б.; О., 1924. 67 б.; Қызыл-Орда, 
1925.-73 б.; Қ-О., 1926.-73 б.; Қ-О., 1927.-73 б.; Қ-О., 1928.-72 б.; 
10.  Байтұрсынұлы А. Байаншы. Әдістемелік құрал. Қазан, 1920.-15 б.;
11.  Байтурсынов  А.  Уголовный  кодекс  РСФСР.  (Түпнұсқа  табыл-
мады.  Баспаға  1921  жылы  дайындалып,  өндіріске  жіберілгені 
жөнінде мұрағаттық мәлімет бар).
12.  Байтұрсынұлы А. Ер Сайын. Мәскеу, 1923.-95 б.;
13.  Байтұрсынұлы А. Мәдениет тарихы.Қызыл-Орда, 1923.-беті бел- 
гісіз.  (Түпнұсқа  табылмады.  Бұл  кітаптың  1923  жылы  басыл- 

269
ғандығы  туралы  М.Әуезовтің  мағлұматы  бар.  Және  А.Байтұр- 
сынұлының  1929  жылы  тергеуде  берген  мәлімдемесінде  де  ай-
тылады). 
14.  Байтұрсынұлы А. Әліпби. Жаңа құрал. Қызыл-Орда, 1926.-116 б.; 
Қ-О/Ташкент, 1927.-116 б.; Қ-О, 1928.-116 б.; 
15.  Байтұрсынұлы  А.  Әліппе  –  астары.  Әліппеге  жетекші  құрал. 
Орынбор, 1924.-26 б.; 
16.  Байтұрсынұлы  А.  Сауат  ашқыш.  Ересектерге  арналған  әліппе. 
Орынбор, 1924.-114 б.; Семей, 1926.-83 б.; 
17.  Байтұрсынұлы А. 23 жоқтау. Мәскеу, 1926.-155 б.; 
18.  Байтұрсынұлы  А.  Әдебиет  танытқыш  әдебиеттануға  кіріспе. 
Қызыл-Орда, 1926.-286 б.; Ташкент, 1926.-286 б.;
19.  Байтұрсынұлы  А.  Оқу  құралы.  Хрестоматия  (Т.Шонанұлымен 
бірге, Қызыл-Орда, 1926.-412 б., Қ-О, 1927.-412 б.;
20.  Байтұрсынұлы  А.  Тіл  –  жұмсар.  Бірінші  бөлім:  Практикалық 
грамматика. Қызыл-Орда, 1928.-46 б.; 
21.  Байтұрсынұлы  А.  Тіл  –  жұмсар.  Екінші  бөлімі:  Практикалық 
грамматика. Қызыл-Орда, 1929.-90 б.;
22.  Байтурсынов А. Практическая грамматика. 2-ое стреотипное из-
дание. Второе книга. – Кзыл-Орда, 1929.
23.  Байтұрсынұлы  А.  Шаруашылық  өзгерісі.  /Қолжазба/.  Әңгіме 
№4.,  Жылы  белгісіз,  беті  көрсетілмеген.  (Мәлімет  ҚР  Ұлттық 
кітапхананың Сирек кітаптар қорынан алынды).
Қайраткердің жетекшілігімен басылған кітаптар:
1.  Аға  тұлпар:  Қаһарман  аға  Ғұмар  Қарашұлы.  Өлеңдер  жинағы. 
(Бастырған: Байтұрсынұлы А). – Орынбор: Дин ва магишат (Өмір 
және дін), 1914.-76 б.
2.  Өтетілеуов Б. Жиған-терген. Өлеңдер. (Бастырған: Байтұрсынұлы 
А).  –  Орынбор:  Каримов,  Хусаинов  уә  ширкәсінің  матбуғасы, 
1914.-60 б.
3.  Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі. 1925. – Астана: ІС-Сер-
вис, 2005, (Емле жөнінде сөйлеген сөзі, алфавит жөнінде жасаған 
байандамасы. Б. 27-31, 44; 47-48, 49; 53-55; Әлібби тақырыпты 
Ақыметтің байандамасы. Б. 72-82).
4.  Орысша-қазақша  әскерлік  атаулары.  Қызылорда,  1926  жыл. 
(Қазақ  білім  кемесиесінің  төрағасы  А.Байтұрсынұлы  бекіткен). 
– Алматы: Атамұра, 2005.-136 б.

270
Мерзімді басылымдарда жарияланған материалдары: 
-1895-
1.  Байтурсынов А. Киргизские приметы и пословицы // «Тургайская 
газета» №39, 24 сентября 1895. 
-1911-
1.  Байтұрсынұлы  А.  Кітаптар  жайынан  (Қол  қойған:  Маса)  // 
«Айқап» №1, Б. 12-13, 1911.
2.  Байтұрсынұлы А. Қазақтың өкпесі //«Айқап» №2, Б. 12-14, 1911.
3.  Байтұрсынұлы А. Жазу тәртібі // «Айқап» № 4, Б. 84-86, 1911.
4.  Байтұрсынұлы А. Тағы да жер жайынан // «Айқап» №4, Б. 1-4, 
1911.
5.  Байтұрсынұлы  А.  Аз  уақытта  көп  білу  жолының  басы  (Қол  қ.: 
А.Б.Б.) // «Айқап» №4, Б. 82-83, 1911.
6.  Байтұрсынұлы А. Жазу тәртібі (Жалғасы, басы №4) // «Айқап» № 
5, Б. 104-107.
7.  Байтұрсынұлы А. Тағы да народный сот хақында // «Айқап» №6, 
Б. 6-10, 1911.
8.  Байтұрсынұлы А. Бастауыш мектеп // «Айқап» №6, 1911.
9.  Байтұрсынұлы А. Қазақ әм түрлі мәселелер // «Айқап», 1911.
10.  Байтұрсынұлы  А.  Закон  жобасының  баяндамасы  //  «Айқап», 
1911. 
11.  Байтұрсынұлы  А.  Қазақ  пайдасындағы  жерді  алу  турасындағы 
низамдар, бұйрықтар // «Айқап» №9, Б. 9-13, 1911.
-1912-
1. Байтұрсынұлы А. Қазақ жерін алу турасындағы низам (Жалғасы, 
басы №9) // «Айқап» №10, Б. 14-16, 1912.
2. Байтұрсынұлы А. Шәйзіман мырзаға (Ш.Жияшевтің 1912-ші жылы 
№6-7-ғы «Бірге қозғалайық» мақаласына жауабы) // «Айқап» № 
9, Б. 212-214, 1912.
3. Байтұрсынұлы А. Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен санда) 
// «Айқап» №10, Б. 229-233, 1912.
4. Байтұрсынұлы А. Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен сандар-
да) // «Айқап» №11, Б. 251-254, 1912. 
5. Байтұрсынұлы А. Қазақ һәм төртінші Дума // «Айқап» №12, Б. 259-
262, 1912.

271
-1913-
1.  Байтұрсынұлы А. Құрметті оқушылар! // «Қазақ» №1, 2 ақпан 1913.
2.  Байтұрсынұлы  А.  Жақын  арада  басылып  шыққан  кітаптар  әм 
шығатын кітаптар // «Қазақ» №1, 3, 1913.
3.  Байтұрсынұлы  А.  Қазақтың  тарихы  (Қол  қ.:  Түрік  баласы)  // 
«Қазақ» №4, 10 ақпан 1913.
4.  Байтұрсынұлы  А.  Қазақша  сөз  жазушыларға  //  «Шора»  №4,  Б. 
110-113, 1913. 
5.  Байтұрсынұлы А. Бес мың десетина жер // «Қазақ» №6, 1913. 
6.  Байтұрсынұлы А. Бас қосу турасында // «Қазақ» № 8, 1913.
7.  Байтұрсынұлы А. Тағы да народный сот хақында // «Қазақ» №8-
9, 1913. 
8.  Байтұрсынұлы А. Оқу жайы // «Қазақ» №11, 21 сәуір, 1913.
9.  Байтұрсынұлы А. Қазақша оқу жайынан // «Қазақ» №14, 16 ма-
мыр 1913.
10.  Байтұрсынұлы А. Орыс «мейірманшылығы» //«Қазақ», 1913.
11.  Байтұрсынұлы А. Білім жарысы // «Қазақ» №16, 31 мамыр 1913. 
12.  Байтұрсынұлы А. Білім жарысы хақында //«Қазақ», 1913.
13.  Байтұрсынұлы А. Бас қосу турасында // «Қазақ» №18, 16 маусым 
1913.
14.  Байтұрсынұлы А. Қырық мысал (Аударма өлең туралы) // «Қазақ» 
№18, 19 маусым 1913.
15.  Байтұрсынұлы А. Көшпелі һәм отырықшы норма // «Қазақ» №20, 
29 маусым 1913. 
16.  Байтұрсынұлы А. Шаруа жайынан // «Қазақ» №24, 31 шілде 1913. 
17.  Байтұрсынұлы А. Земство // «Қазақ» №25, 8 тамыз 1913.
18.  Байтұрсынұлы А. Орысша оқушылар // «Қазақ» № 26, 15 тамыз 
1913.
19.  Байтұрсынұлы А. Қазақ жерін алу турасындағы низам // «Қазақ» 
№29-30, 1913. 
20.  Байтұрсынұлы А. Мұсылмандар үшін Петерборда болатын кеңес 
жиылысы // «Айқап», 1914. 
21.  Байтұрсынұлы А. Ауру жайынан. //«Қазақ» №27, 25 тамыз 1913.
22.  Байтұрсынұлы А. Оқыту жайынан // «Қазақ» №29, 7 қыркүйек 
1913. 
23.  Байтұрсынұлы А. Қазақ жерін алу тураасындағы низам // «Қазақ» 
№29, 30. 1913. 
24.  Байтұрсынұлы А. Жауап хат (Қол қ.: Ахмет) (Сейдалин Жиһан- 
шаның  сиез  туралы  мақаласына  жауап)  //  «Қазақ»  №30,  14 
қыркүйек 1913. 

272
25.  Байтұрсынұлы  А.  Жауап  хат  (Қол  қ.:  Ахмет)  //  «Қазақ»  №31, 
(Жалғасы, басы өткен санда), 21 қыркүйек 1913. 
26.  Байтұрсынұлы А. Уақ қарыз // «Қазақ» №32, қазан 1913. 
27.  Байтұрсынұлы А. Егін егу (Қол қ.: А.) // «Қазақ» №33, 9 қазан 1913.
28.  Байтұрсынұлы А. Жер жалдау жайынан // «Қазақ» №34, 1913.
29.  Байтұрсынұлы А. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №34, 16 
қазан 1913.
30.  Байтұрсынұлы А. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №35, 
(Жалғасы, басы №34-те), 24 қазан 1913.
31.  Байтұрсынұлы А. Бас қосуға рұқсат берілмеді // «Қазақ» №35, 24 
қазан 1913.
32.  Байтұрсынұлы А. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №36, 
(Соңы, басы өткен сандарда), 31 қазан 1913.
33.  Байтұрсынұлы  А.  Орынбор  әм  31  октәбір  //  «Қазақ»  №36,  31 
қазан 1913.
34.  Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №39, 23 қараша 
1913.
35.  Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №40, (Жалғасы, 
басы өткен санда), 30 қараша 1913.
36.  Байтұрсынұлы А. Алаш азаматтарына (М.Дулатұлымен бірге) // 
«Қазақ» №42, 15 желтоқсан 1913.
37.  Байтұрсынұлы  А.  Бас  қосу  турасынан  //  «Қазақ»  №42,  15 
желтоқсан 1913.
38.  Байтұрсынұлы  А.  Қазақтың  бас  ақыны  //  «Қазақ»  №43,  (Соңы, 
басы өткен сандарда), 22 желтоқсан 1913.
-1914-
1.  Байтұрсынұлы А. Мұсылмандар үшін Петерборда болатын кеңес 
жиылысы (Қол қ.: А.Б.) // «Айқап» №7, Б. 112-114, 1914.
2.  Байтұрсынұлы А. Жаңа кітаптар («Оқу құралы» кітабының 2-рет 
басылуы туралы) // «Айқап» №9, Б. 153-154, 1914.
3.  Байтұрсынұлы А. Ғұлама // «Қазақ», 20 қаңтар 1914.
4.  Байтұрсынұлы  А.  Роман  не  нәрсе?  //  «Қазақ»  №48,  31  қаңтар 
1914. 
5.  Байтұрсынұлы А. «Аңдаспаған мәселе» турасында (Қол қ.: А.Б.) 
// «Қазақ» №48, 31 қаңтар 1914.
6.  Байтұрсынұлы  А.  Қазақ  оқырмандарына  арнау  сөз  //  «Қазақ» 
№49, 2 ақпан 1914.
7.  Байтұрсынұлы  А.  Қазақ  әм  түрлі  мәселелер  //  «Қазақ»  №49,  2 
ақпан 1914.

273
8.  Байтұрсынұлы А. Губернатор өзгертілуі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» 
№50, 14 ақпан 1914.
9.  Байтұрсынұлы  А.  «Маса»  (Жинақтың  екінші  рет  басылуы)  // 
«Қазақ» №50, 14 ақпан 1914.
10.  Байтұрсынұлы  А.  Досмайыл  қажыға  ашық  хат  (М.Дулатовпен 
бірге) // «Қазақ» №52, 28 ақпан 1914.
11.  Байтұрсынұлы А. Наурыз құтты болсын! // «Қазақ» №53, 9 нау-
рыз 1914.
12.  Байтұрсынұлы А. Қазақ һәм түрлі мәселелер // «Қазақ» №59, 23 
сәуір 1914.
13.  Байтұрсынұлы А. Бастауыш мектеп // «Қазақ» № 61, 9 мамыр 1914.
14.  Байтұрсынұлы А. Мектеп керектері // «Қазақ» №62, 17 мамыр 1914.
15.  Байтұрсынұлы А. Ән, өлең һәм оның құралы // «Қазақ» №67, 23 
маусым 1914.
16.  Байтұрсынұлы А. Соғысушы патшалар (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» 
№72, 31 шілде 1914.
17.  Байтұрсынұлы А. Бұ заманның соғысы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» 
№73, 8 тамыз 1914.
18.  Байтұрсынұлы А. Алашқа (Қол қ.: Ахмет, Міржақып, Қыр бала-
сы) // «Қазақ» №78, 16 қыркүйек 1914.
19.  Байтұрсынұлы А. Закон жобасының байандамасы (Жалғасты ма-
териал) // «Қазақ» № 79-80, 1914.
20.  Байтұрсынұлы А. «Тіл – құрал» (Оқулық туралы) // «Қазақ» №87, 
1914.
-1915-
1.  Байтұрсынұлы А. Б.Л.Бурцев //«Қазақ», 1915.
2.  Байтұрсынұлы А. Бұ қалай? // «Қазақ» № 91, 13 қаңтар 1915.
3.  Байтұрсынұлы  А.  Құрметті  оқушыларымыз!  //  «Қазақ»  №93,  4 
қаңтар 1915.
4.  Байтұрсынұлы А. «ов» туралы // «Қазақ» №102, 8 ақпан 1915.
5.  Байтұрсынұлы  А.  Жәрдем  комитеті  //  «Қазақ»  №107,  25  ақпан 
1915.
6.  Байтұрсынұлы А. Жәрдем комитеті (Жалғасы, басы өткен санда) 
// «Қазақ» №108, 28 ақпан 1915.
7.  Байтұрсынұлы А. Газетімізге штраф // «Қазақ» №115, 31 наурыз 
1915.
8.  Байтұрсынұлы  А.  Ержан  Айманұлы  (Қол  қ.:  А.Б.)  //  «Қазақ» 
№129, 23 мамыр 1915.

274
9.  Байтұрсынұлы  А.  Екі  қажы  (Қол  қ.:  А.Б.)  //  «Қазақ»  №139,  30  
маусым 1915.
10.  Байтұрсынұлы  А.  Шаруалық  өзгерісі  (Жалғасты  материал)  // 
«Қазақ» №145-148, 158, 161, 163, 1915.
11.  Байтұрсынұлы А. Ауқатты Алаш азаматтарына! // «Қазақ» №151, 
30 қыркүйек 1915.
12.  Байтұрсынұлы А. Дағдарыс (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» 
№161, 16 желтоқсан 1915.
13.  Байтұрсынұлы  А.  Қойан  (Өлең.  Қол  қ.:  Байқаушы)  //  «Қазақ» 
№163, 31 желтоқсан 1915.
-1916-
1.  Байтұрсынұлы А. Туған тілім (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» 
№167, 31 қаңтар 1916.
2.  Байтұрсынұлы  А.  Шекіспей  бекіспейді  //  «Қазақ»  №167,  31 
қаңтар 1916.
3.  Байтұрсынұлы  А.  Тағы  не  істеуге?  Петроград  хат  //  «Қазақ» 
№173, 16 наурыз 1916.
4.  Байтұрсынұлы А. Қазаққа ашық хат (Мал есебі туралы) (Әлихан, 
Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №174, 23 наурыз 1916.
5.  Байтұрсынұлы  А.  Орынбор  әм  8-іиүіл  (Тыл  жұмысына  алу 
мәселесі) // «Қазақ» №188, 8 шілде 1916.
6.  Байтұрсынұлы А. Қазақ жұртына (Әлихан, Міржақыптармен бір-
ге) // «Қазақ» №192, 11 тамыз 1916.
7.  Байтұрсынұлы  А.  Алаш  азаматтарына!  Мұсылман  фракциясы-
на Петроград хаты. (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» 
№192, 11 тамыз 1916.
8.  Байтұрсынұлы А. Сібір депутаттарының мәжілісінде // «Қазақ» 
№192, 11 тамыз 1916.
9.  Байтұрсынұлы А. Орынбор һәм 31 октәбір // «Қазақ» №203, 31 
қазан 1916.
10.  Байтұрсынұлы А. Торғай әм Ырғыз халқына (Міржақып, Сейіт- 
қазым, Мұхамедиярлармен бірге) // «Қазақ» №207, 1916.
-1917-
1.  Орынбор, 2-ші пеуірал // «Қазақ» 9 ақпан 1917.
2.  Байтұрсынұлы А. Бостандық қарызы (Әлихан, Міржақыптармен 
бірге) // «Қазақ» №227, 26 сәуір 1917.

275
3.  Байтұрсынұлы А. Күтілмеген көсемдік // «Қазақ» №232, 3 мау-
сым 1917.
4.  Байтұрсынұлы А. Алаш азаматтарына (М.Дулатұлымен бірге) // 
«Қазақ» №233, 11 маусым 1917.
5.  Байтұрсынұлы  А.  Шорай  ислам.  Жалпы  мұсылман  сиезі  (Ах-
мет,  Әлихан,  Міржақып,  Кәдірбаев  Сейдәзім,  Омаров  Елдес, 
Әлімбеков Имам, Бегіметов Нысанәлі) // «Қазақ» №233, 11 мау-
сым 1917.
6.  Байтұрсынұлы  А.  Қазақ  халқына  //  «Қазақ»  №234,  24  маусым 
1917.
7.  Байтұрсынұлы А. Бұ заманның соғысы // «Қазақ», 1917.
8.  Байтұрсынұлы  А.  «Алаш»  партиясы  //  «Қазақ»  №244,  5  қазан 
1917.
9.  Байтұрсынұлы А. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №250, 14 қараша 
1917.
10.  Байтұрсынұлы А. «Алаш» партиясының проғырамасының жоба-
сы // «Қазақ» №251, 21 қараша 1917.
11.  Байтұрсынұлы А. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №253, 2 желтоқсан 
1917.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет