-2009-
1. Алаш. Алашорда. Энциклопедия. (Құраст.: Әнес Ғ., Смағұлова
С). – Алматы: Арыс, 2009.-544 б., (Мектептегі А. Азамет серік-
тігі. Б. 15-16; Сүлеймен Ж. Академиялық орталық. Б. 21-22;
Қойгелдиев М. «Алаш» қозғалысы. Б. 32-34; Замзаева Т. «Алаш»
партиясы бағдарламасының жбасы. 41-б.; Смағұлова С. «Алаш»
партиясынан құрылтай жиналысына аталған депутаттар тізімі.
41-б.; Нұрпейісов К. Алаш ісі. Б. 48-49; Қирабаев С., Сыздықова
Р., Қойгелдиев М. Ахмет Байтұрсынов. Б. 90-96; Сүлейман Ж.
Байтұрсыновтың В.И.Ленинге хаттары. 96-б.; Байтұрсыновтың
мұражай-үйі. 97-б.; Бекметова Ж. Бекметов Мұхамед-Мақсат
Хамидоллаұлы. 100-б.; «Қазақ»газеті. Б. 206-207.; Жұбаева О.
Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. Б. 207-208; Смағұлова
С. Торғай облыстық Алаш комитеті. 310-б.; Шашаев Ә. Торғай
облыстық Қазақ съезі. Б. 310-311; Барбосов С. Тоталитаризм. Б.
312-313; )
2. «Алаштың» тілдік мұрасы: Мақалалар жинағы. (Құраст.:
Шүкірұлы С., Тілешов Е). – «Алматы: КИЕ» лингвоелтану инно-
вациялық орталығы, 2009.-364., (Шаймерден Е. Алаш зиялы-
ларының тілдік мұрасы: арналы бастау, өміршең дәстүр. Б. 3-9;
Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 15-104; Дулатұлы М. Тіл құрал. Қазақ
тілінің сарфі. Шығарушы Байтұрсынов А. Б. 161-164; Шонанұлы
Т. Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту және әдебиет саласында.
Б. 250-259).
3. Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия (қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде). – Алматы: ИП Волошин, 2009.-400 б.,
(А.Байтұрсынұлы атындағы көше. 79 б).
4. ҮІІІ-ші Әуезов оқулары. Халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясы. – Алматы: Тау-Самал, 2009.-268., (Ойсылбай А.
Әдебиет теориясы: А.Байтұрсынұлы және М.Әуезов. Б. 65-70;
Имаханбетова Р. Ахмет Байтұрсынұлы және Қырық мысал. Б. 76-
83).
5. Байқадамова К. Байқадамовтар әулеті: Деректі хикаят. – Алматы:
Білім, 2009.-296+40 б., (Тарихи тұлғалар: Ахмет Байтұрсынұлы.
Б. 140-143).
6. Қазақстан музейлері. Құраст.: Мерекеева С. – Алматы: Алматыкі-
тап ЖШС, 2009.-280 б. (Имаханбетова Р. Ахмет Байтұрсынұлының
музей-үйі. Б. 174-184).
354
7. Омарова Б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті,
2009.-202 б., (Ахмет Байтұрсынұлы – ана тіліміздің атасы. Б. 45-
48; А.Байтұрсынұлы – әдебиеттану ғылымының негізін салушы.
Б. 48-51).
8. Салқынбаев М. Қазақ-араб әдеби байланыстары (ХХ ғасыр). Мо-
нография. – Астана: Астана полиграфия, 2009. -208 б., (А.Бай-
тұрсынұлына қатысты материалдар. Б. 126-135).
9. Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009.-560
б., (Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 153-208).
10. Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. – Алматы: Таңбалы, 2009.-
376 б., (Ахмет Байтурсынов и Михаил Бахтин общность теоре-
тических мыслей. Б. 131-146; Ахмет Байтұрсынұлы және көркем
сөздің теориялық мәні. Б. 177-185; А.Байтұрсынұлының «Әдебиет
танытқышы» мен Қ.Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы». Б. 186-
196; З.Қабдолов және Алаш әдебиеттануы (А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұхаммедұлы).
11. Шүкірұлы С. Тілтану белестері. – Алматы: Сардар, 2009.-248.,
(Ел деп өткен адар ер. Б. 3-5; Ахаң арманын алға апарайық. Б. 6-7;
Тіл базарында балық үлесіп жатқандаймыз. Б. 68-74; Алаш ама-
наты. Б. 91-96; Барын халқына берген жан. Б. 97-101; Мен ұлтыма
жауаптымын деп жүрсе... Б.101-107; Семинар өтті, не білдік? Б.
120-124; Таңбадан жеріп, дыбыстан шошымайық. Б. 125-138;
Ахаң әліпбиі һәм тіл дыбыстары. Б. 167-174).
12. Шүкірұлы С. Қолтаңба. – Алматы: Сардар, 2009.-200., (Бір тол-
ғаудың хикаяты: Өткенге салауат, бүгінге бірлік. Б 172-184;
Мұсабаев Х. Ахмет Байтұрсынұлының назасы. Толғау. Б. 177-
180).
-2010-
1. Әнесұлы Ж. Мақтанышы елімнің. – Алматы: sANJAr-u, 2010.-
198., (Ұлылықтың үлгісі болған Ахмет Байтұрсынов. Б. 6-18).
2. Имаханбетова Р. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының
шығармашылық ғұмырбаяны (мұрағат деректері негізінде). – Ас-
тана: Педагогика ПРЕСС,-304 б.
3 Ұлағатты ұлт ұстазы. Құраст.: Имаханбетова Р., Байдебеков Қ.
– Алматы: Сардар, 2010.
– 276+24 ж.б.
355
ҒЫлЫМи ТүСІНІК
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының
бір саласы – ел арасында ауызша айтылып жүрген жырларды
(фольклор) жинап, өңдеп, баспаға дайындап, жарыққа шығару
болған. Ондағы мақсатын автор өзі айтқандай: «...әдебиет
тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет ада-
сып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда,
мұны естен шығармау керек» – деп, 1926 жылғы жарияланған
«23 жоқтау» жинағының алғысөзінде жазған болатын.
Кейінгі басылымдарды салыстырып, сараптау барысын-
да 1923 жылы Мәскеудің Ұлттар комиссариаты қарауындағы
«Күн шығыс» баспасынан жарық көрген «Ер Сайын» жырының
түпнұсқасының А.Байтұрсынұлы мұражайының қорына
берілген телкөшірмесі негізге алынды. Кітаптың түпнұсқасы
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ, Қолжазба бөліміне 1965 жылдың
шілде айында 99-нөмірмен тіркелген. Түпнұсқаның ішкі
мұқабасында: «Жыршылар айтуынан алып, өңдеп өткеруші:
Байтұрсынұлы Ақымет» деп жазылғанына сүйенсек, атал-
ған жыр құрастырушы тарапынан біршама өңделіп, редак-
цияланғанға ұқсайды.
ЕР САЙЫН (МӘСКЕУ, 1923)
1991 жылы «Жалын» баспасынан «Ахмет Байтұрсынов.
Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публистикалық мақалалар
және әдеби зерттеу» атты жинақ қайта басылым көрді. Бұл
А.Байтұрсынұлының есімі ақталғаннан кейін қайта жарияла-
ным көрген екінші кітап. Осындағы «Ер Сайын», «23 жоқтау»
және кейбір көсемсөздері бірінші рет кирил әрпіне түсірілген
еді. Кітапты құрастырып, алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген
академик Р.Нұрғалиев. Кейінгі жинақта түпнұсқада ғы «ай-
туынан» деген сөз 1991 жылғы жинақта 97-бетте: «аузынан»
деп өзгеріске түскен.
Тарихи жырдың беташарына белгілі орыс ғалымы Григорий
Николаевич Потаниннің 80 жылдық мерейтойына арналған 3-
бетте тарту өлеңі берілген. Осындағы 3-4-беттегі: «Иамыштың,
айақ» деген сөздер бүгінгі емлеге түсіріліп түзетілген, яғни,
356
1991 жылғы жинақта 98-бетте: «Ямыштың, аяқ» деп жазылған.
Жыр соңында Г.Н.Потанинді қазақ оқырмандарына жете та-
ныстыру үшін ғалымның өмірбаяны, қызметі, қазақ халқына
жасаған еңбегі жайында түпнұсқада 86-91-бетте: «Григорий
Николайыш Потанин» атты көлемді мақала берілген. Мақала
авторы – «Қыр баласы». 1923 жылғы түпнұсқада осы «Қыр ба-
ласы» атынан берілген мақала 1991 жылғы жинаққа енбеген
екен. Түпнұсқаға сүйеніп, мақала қаз-қалпында берілді.
«Қыр баласы» деген бүркеншік есімнің – Әлихан Бөкейхандыкі
екені әдебиетші, тілші, тарихшы ғалымдардың зерттеулері-
нен белгілі. Мұнан байқайтынымыз: А.Байтұрсынұлы бұл
жинақты құрастырып, бастыруда Ә.Бөкейханмен бірге жасаған.
1994 жылы «Қазақстан» баспасынан «Әлихан Бөкейханов.
Шығармалары» атты жинақ жарық көрді. Жоғарыда аталған
мақала осы жинақта (276-279 б/б.) қайта басылым көрді.
Мақаланың кейбір тұстары өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы «Ер Сайын» жыры мен кейінгі 1991 жылғы ба-
сылымды мәтін бойынша салыстыру барысында төмендегідей
айырмашылықтар кездесті. Мәселен, жыр түпнұсқа да «1 бөлім»
деген тек «І» рим цифрымен белгіленсе, 1991 жылғы басылым-
да: 99-бет: «Бірінші бөлім» деп жазумен берілген. 1923 жылғы
басылымда 4-бетте: «Көп жатқан, мешел болып, келекеде, Аң
бітіп, жаңа ғана айақ басып» деген өлең жолдарындағы «ке-
лекеде», «аң», «айақ» деген сөздер 1991 ж. жинақта 98-бетте:
«Көп жатқан, мешел болып, көлеңкеде, Әл бітіп, жаңа ғана
аяқ басып» деп, асты сызылған сөздер, 10-беттегі: «Тойын жа-
сап, ұзатып» деген жолдар 101-бетте: «Ойын-сауық жасатып»
деп өзгерген. Жетінші жолдағы «Несіне өлім бермедің?!» деген
өлең жолдары «Тезінен өлім бермедің?!» деп түпнұсқа бойын-
ша түзетілді.
Бір ескере кететін жайт: Жырдағы «молла» деген сөз қазіргі
емле бойынша «молдасы» деп 1991 ж. басылымда өзгертілген.
Түпнұсқадағы 20 беттегі: «Жаңа туған жас төлдің!» деген
тармақ 1991 ж. жинақта 106-бетте: «Жаңа туған жас ұлдың»
деп, 22-бетте: «Мирадына жеткен соң» деген жол «Мұратына
жеткен соң» деп өзгертілген екен. Бұл өзгертулер түпнұсқаға
сәйкестендіріліп, түзетілді. Түпнұсқадағы: «Дағдардым,
357
жұртым, мен дейді, ақыл тауып бер дейді!» (22-б.) деген өлең
жолдары 1991 ж. жинақта 108-бетте: «Дағдардым, жұртым,
мен енді. Ақыл тауып бер енді» деп, «Күмістен бесік ілдірді,
Бөреннен түбек құйдырды» деген екі тармақ «Күмістен бесік
ойдырды, Бөреннен түбек қойдырды» деп, «Ақырында, балам,
құл», деген өлең жолы 1991 ж. жинақта: «Ақырында, бәлем,
құл» деп, «Мың кісіні қолға алып», деген қатар 1991 ж. басы-
лымда: «Мың кісілік қолды алып» деп өзгеріске түскен. Өлең
жолдары түпнұсқамен қайта түзетілді.
1923 ж. түпнұсқада: «Жүремін деп ойладың», деген өлең
жолы, 1991 ж. жинақта:«Жеңемін деп ойладың» деп өзгерген.
Бұл өлең жолы түпнұсқаға сәйкестендірілді. «Айыубике сұлу
нар» «Аюбике сұлу бар» деп, «Бірің шығып тұрмаңыз …Мұнша
неге кернедің?», деген өлең тармақтары 1991 ж. басылымда:
«Бірің шығып ермеңіз!» деп өзгерген. Өлең жолдары, түпнұсқа
бойынша түзетілді. Түпнұсқадағы: «...Түстенісе қалысты...»
деген өлең жолы «Түсе-түсе қалысты» деп, «Қашан қалған
шашылып» деген өлең жолынан соңғы «Ертоқымнан ада-
сып» деген жолы 1991 ж. жинақта түсіп қалған екен. Түпнұсқа
қалпына келтірілді. «Қара олатты бөрбайлап» деген тармақ
«Қара оланы бөрбайлап» деп, «Сайыным қайда деген де» деген
өлең жолы «Сәбиім қайда дегенде» деп, «Болдағы алтын ой
болат...», «...Қызыл ойран боярсың!, Қолы бетің қызарып...»,
деген өлең жолдары 1991 ж. жинақта: «Болдағы алтын ақ бо-
лат...», «....Қызыл ою боярсың!, Қолы, бетің қызарып...», – деп
өзгерген екен. Біз түпнұсқа бойынша өзгертілген өлең жолда-
ры қайта қалпына келтірілді.
Ескерту: «Ер Сайын» жырының І-ші бөлімі аяқталған тұста
түпнұсқада 64-бетте: «Соңы. Ер Сайынның айағы (1)» деп жа-
зылса, 1991 ж. жинақта 132-бетте: «Екінші бөлім» деген атау
жазумен беріліп, келесі жолына «І» рим цифры қойылған. Бұл
түпнұсқаға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, «Ер Сайын» жырының
екінші бөлімінің басындағы 7 қатар өлең жолы 1991 ж. басы-
лымда қалып қойған екен. Яғни, «...Батырды сұлу жоқтады:
Беліндегі бес қару» (131 бет) деген жолдармен басталады. Бұл
томда осы өлең жолдары түпнұсқа бойынша толықтырылды.
Яғни:
358
«Сайын сүйтіп қалған соң,
Оны сұлу білген соң
Екі бетін алады,
Қара шашын жайады,
Үйге кетті жулқынып,
Жын қаққандай құтырып,
Сұрын салды отырып» (Түпнұсқа: 65-бет).
Түпнұсқадағы 65-бет:
«Жеті Алашты қыдырсам...»,
«...Ер қасқамнан адастым...»,
«...Қасқам ішіне келмеген...»,
«...Ойнар-күлер шағында...» –
деген өлең тармақтары 1991 ж. жинақта 132-бет:
«Қыдырсам алты Алаштан...»,
«...Ер қасқамнан адасқан...»,
«...Қасқам ішіне енбеген...»,
«...Ойнап-күлер шағымда...» –
деп өзгеріске түскен. Бұл өлең жолдары түпнұсқамен сәйкес,
түзетілді.
Түпнұсқадағы: «Қара қабат секілді...» деген өлең жолы
кейінгі жинақта 132-бетте: «Қара қабат секілді» деп берілгені-
мен, «қабат» деген сөзге: «түсіне кірген қара бетті» деп сіл-
теме бар. Мұндай сілтеме түпнұсқада жоқ.
Түпнұсқадағы 67-бет:
«Екеуі есінен адасты…»
«…Тегіс кезін қарармын…»,
«…Бұл барғаннан бармасам…»,
«…Құнан тайдай тебіскен….», –
деген өлең жолдары 1991 жылғы жинақта:
«Екеуі естен адасты…»,
«...Тексеріп қағармын…»
«…Бұл сапарға жүрмесем…»,-
деп өзгертілген. Өлең жолдары түпнұсқамен сәйкес-
тендіріліп, түзетілді.
Түпнұсқадағы:
«…Біріне-бірі ем екен…»,
359
«…Сөйлесетұғын тілі жоқ…»
«…Ойнап ойын қанады,
«Келе жатыр кемпір сұм…»,
«…Еңсен келген анасы…», –
атты өлең жолдары 1991 ж. жинақта:
«…Тегіс кезін қарармын…»,
«…Біріне-бірі тең бе екен?...»,
« …Сөйлесетін тілі жоқ…»,
«…Ойнап-күліп қалады,
Келе жатыр кемпірдің…»,
«…Аңсап келген анасы…», –
деп өзгертілген екен. Бұл жолдар түпнұсқа бойынша берілді.
1991 ж. басылымдағы:«Сайынды іздеп жүр еді, Үстіне келіп
орнады», деген өлең жолдары арасында қалып қойған: «Са
йын іздеп жүр еді, Жатқан жерін көреді, Үстіне келіп орна-
ды…» деп, асты сызылған бір жол енгізіліп, түпнұсқа бойынша
түзетілді.
Түпнұсқадағы: «Қорасын жылқы көрместі, Сайынды қолға
берместі…», «…Қоланың шашын қидық деп», деген өлең
жолдары 1991 ж. жинақта: «Қорасын жылқы көрмейді, Сай-
ынды қолға бермейді», – деп, «Қылармын деп кіжініп» деген
жол «Қылармын деп кідіріп», – деп, «Қалмаққа кіріп кетеді,
Бөкембай мен Қобыланды…» деген тармақтар «Қалмаққа ер
жетеді, Бөкенбай мен Қобыланды» деп өзгерген екен. Бұл
өлең жолдары түпнұсқадағы қалпына келтірілді.
Бір ескеретін жайт – 1991 ж. басылымда «Бөкембай» барлық
жерде «Бөкенбай» деп берілген. Батыр есімі түпнұсқа бойын-
ша түзетілді.
Түпнұсқада «Ер Сайын» жыры біткенде: «соңы» деген белгі
бар, ол 1991 ж. басылымда берілмейді. «В.В.Радловтан» деген
түсініктеме соңында «Қыр баласы» атынан берілген мынадай
мәлімет толықтыра түседі 85-бет: «Ахмет өңдеп өткерген «Ер
Сайынның» жыры батыр Сайын деп В.Радлов жазған жыр-
мен бір екен. Екеуінің айырмасы мына осы «Ер Сайынның»
«айағы» деп басылған. Өзге жырлар айтушыға қарай өзгеше
бола береді. Өзге жырдағы кісілер қата өлеңдетіп келеді, өзге
әңгіменің бәрі қара сөзбен айтылады. Ер Сайын, қара қыпшақ
360
Қобыланды, (Ташкенде басылған) Манас қана алғы өлеңмен
келеді. Тыңдаушы жаратқансын жыршылар жырдың қара
сөзінде өлеңге аударып жіберген ғой. Манас қырғыз тілінде.
Мұны да «Күн шығыс баспасы басады».
Көрнекті түркітанушы ғалым В.Радловтың 1993 жылы қайта
басылым көрген «Алтын сандық» (256-б.) атты жинағындағы
«Сайын батыр» жырымен А.Байтұрсынұлы нұсқасы салысты-
рылды. Бұл кейінгі жинақты құрастырып, баспаға дайындағандар
– С.Қасқабасов, К.Ісләмжанұлы. Біріншіден, жоғарыда айтып
өткеніміздей, «жырдың тақырыбы А.Байтұрсынұлы жинағында
«Ер Сайын» деп берілсе, В.Радлов нұсқасында ол «Сайын ба-
тыр» деп көрсетілген. Жыр А.Байтұрсынұлы өңдеген нұсқада
екі бөлімнен тұрса, В.В.Радлов жинағында тұтас берілген. 1923
ж. А.Байтұрсыұлы дайындаған нұсқада жыр:
«Бұрыңғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда
Үш шарбақты, үш кентті.
Ноғайлы деген жұрт өтті
Бір замандар болғанда.
Ауыр дәулет мол кетті,
Жарлылықтың зары өтті», –
деген өлең жолдары В.Радловтың нұсқасында:
«Бұрыңғы елдің барында,
Өткен елдің заңында,
Сол елдердің тұсында
Ноғайлы деген халық өтті
Үш шарбақты кент өтті.
Ноғайлының үш кент,
Заманында жарлы өтті…» –
деп келеді.
Салыстыру барысында А.Байтұрсынұлы «жырдың І бөлімі
В.В.Радловтан алынды» деп сілтеме жасағанымен, жыр
мәтінінде өзгерістер бар, әрі жыр жолдары толықтырылып,
көлемі көбейгені бірден аңғарылады.
361
23 жОҚТАУ (МӘСКЕУ, 1926)
Ғасыр басындағы қазақ әдебиетшілері ел аузындағы ескі
әдеби мұраларды зерттеп, халық игілігіне жаратуды өзекті
мәселе деп қараған. А.Байтұрсынұлы жинаған сөз үлгілерінің
топтамасының бірі – 1926 жылы Мәскеуде жарық көрген «23
жоқтау». Жинақтың «бастырушыдан» дейтін алғысөзінде кітап
бастырудағы мақсатын, топтастырылып отырған елден жинаған
жоқтаулардың жазу әдебиетіне қажетті сөз қорегі екенін автор
өз тарапынан түсіндіріп өтеді.
Бұл кітап қазіргі әріпке түсіріліп, 1990 жылы «Боздағым» атты
жинаққа енген. Кейін 1991 жылы «Ақ жол» атты жинақта қайта
басылым көрді. 1923 жылғы түпнұсқа кейінгі басылымдардың
алғашқысында көптеген өзгерістерге түсіп, тіпті бірінші құрасты-
рушысы Ахмет Байтұрсынұлының есімі аталмаған. 1991 ж.
жинақ пен түпнұсқа арасында айтарлықтай өзгешелік жоқ.
Жоқтауларға жасалған мәтінішілік салыстырулар кітаптағы
орналасу реті бойынша жіктеліп, таратылды:
1.Мамай батыр – бұл батырдың шешесі Қараүлектің бала-
сы қаза болғандағы шығарған жоқтауы. Түпнұсқада: «Мамай
– Едіге бидің нәсілінен, ХҮІ ғасырда өмір сүрген ноғайлының
батыры» деп жазылған. Нұсқа бойынша жоқтау 190 жолдан
тұрады.
1990 жылғы жинақта – 137 жолы ғана берілген. Яғни, 53
жолы қысқартылған. Түпнұсқа бойынша: «Айбалтасы қанды
Орақ» деген 11-ші жолы, «Құлынды өлген ақ байтал, Енді
саған күн қайда Ондай бала туатын» деген (30, 31, 32) үш
жолы, 1990 ж. жинақтың 17 бетіндегі: «Өткір еді алмасың...»
деген тұсына көп нүкте қойылған, осы тұста 19 жолы қысқарып
кеткен. Осы беттегі «Қолыңды алға сермедің» деген жолдағы
«алға» сөзі нұсқа бойынша «айға» болуы керек. 18 беттегі:
«Тарқамаса игі еді» деген жолдағы «игі» сөзі түпнұсқа бойын-
ша «жақсы», ал осы беттегі түпнұсқа бойынша 97 жол: «Тең
азамат жинаған» деген жолдар жоқ. 19 бетте: «...Әбеу кес-
кенді батырды Басып кесіп күніндн, Аш бөрідей аттаған. Ақ
сүңгінің қияғын Күміспенен қаптаған. Ноғайлыны жау алса,
Үйде қарап жатпаған...» (114, 115, 116, 117, 118, 119, 120) алты
362
жолы қысқартылған. Осы бетте: 136-141 жолдар да қысқарған.
«Жұртыңды жаулар қамады» деген жолдағы «Жұртыңды
жаулар» деген тіркес түпнұсқа бойынша «Өзіңді қалмақ» деп
жазылған, «Жұртыңды дұспан ториды» деген жолдағы асты
сызылған сөз түпнұсқа бойынша «қалмақ» деп жазылуы керек.
20 бетте: «...Анаңнан болып туған соң, Атқа мінбей өлмедің»
(162, 163) деген жолдар түсіп қалған. Осы бетте: «...Артыңда
қалды жиғаның, Тарқап кетті миманың. Ұжмақты қылып
құдайым, Жолдасың болсын иманың!» деген түпнұсқадағы
жолдар қысқарған. «Алғаның қалды тұлдықта» деген жолдағы
асыт сызылған сөз түпнұсқада «Алмасың» деп жазылған. Соңғы
10 жолы да қысқарған.
Түпнұсқа бойынша жоқтау былай аяқталады: «...Өлдің Ма-
май, қор болдың! Қарадан туып, хан болдың, Ерлігің мен билігің
Он сан атты ноғайға Көрсе, күнде таң болдың. Жайауларға
жол болдың, Аттыларға тіл болдың, Өлдің, Мамай, күл болдың,
Күл ұшырған жел болдың, Иманың болғай жолдасың».
2.Қаз дауысты Қазыбек би – 153 жолдан тұратын жоқтау.
Жоқтауды бидің қызы Қамқа шығарған. 1990 жылғы басы-
лымда әрбір жоқтаудың алдына қысқаша түсінік беріп отыра-
ды. 1926 жылғы жинақта керісінше жоқтау соңынан деректі
оқиғаларға анықтамалық мағлұмат берілген. Бұл жоқтау кейін-
гі басылымда көп қысқартуға ұшырамаған. Бірақ кейбір сөздер
өзгеріске түскен. Екі жолы түсіп қалған. 23 бетте: «...Соларме-
нен бірдей ғып», «...Тақта отырған хан болып» деген жолдар
жоқ. Түпнұсқадағы: «Олқысыз – Ұлықсыз», «мазаққа – хан бо-
лып», «жанға – ханға», «дұғаңды – дуаңды» болып өзгерген.
1990 ж. жинақта 22 беттегі: «Қазақ болып зарлады» деген жол
түпнұсқада кездеспейді.
3. Кеңгірбай – 62 жолдан тұратын жоқтау. Авторы бел-
гісіз. 1990 жылғы жинақта 55 жол. 36 бетте: «...Суытып
қойған тұлпары, Алпыс басты ақ орда, ...Алладан қайтты
назарым, Бір күнде кетті базарым, ...Жаздың күні болғанда
Күннің көзі байланған, Ақсұңқар ұшып ұядан» деген жеті жолы
қысқарған.
4. Алтай тәті – 174 жолдан тұратын жоқтау. Мұның да авто-
ры белгісіз. 1990 жылғы кітапта 150 жол. 24 жолы қысқарған.
363
102-106 беттердегі: «Туысын – қуысын, ұлындай – аулындай,
ғалымдай - Әлімдей, сарғайған – сарғаюмен, мал – бал, Тәті –
Тәти, Дұғай – Дуай, тойласын – бұласын» т.б. сөздер өзгеріске
түскен. 1990 ж.ж. 104 беттегі: «Бөз-бояқтай жұмсаған» деген
жол түпнұсқа бойынша «Бозтайлақтай айдаған» болуы ке-
рек.
5. Кенесары – Наурызбай – 101 жолдан тұрады. Жоқтаудың
Мәскеуде басылған нұсқадан алынғаны айтылған. 1990 жылғы
басылымға енбеген. Ол жөнінде түсінік берілмейді.
6. жантай – қырғыз жоқтауы. В.В.Радловтың жинаған
нұсқасы екеніне ескерту берілген. 131 жолдан тұрады. 1990
жылғы жинақта 99 жолы берілген. Мұнда да көптеген сөздер
өзгеріске түскен. 32 жолы қысқартылған (1990 ж.: 294-297 б/
б.).
7. Шоқшолой қызының жоқтауы – қырғыздыкі. 88 жол-
дан тұрады. Жарияланған бұл жоқтау В.В.Радловтан алын-
ғанын нұсқа. 1990 жылғы жинақта 81 жол. Түпнұсқадағы:
«…Қазақтардың оттығын, Түндігінен көтерген, Альп және
тептірген, …Жақсы шыққан торғайдай, Сайрайды едің, Жан
атам! Құры мене сенектей, Үн алысып жатарға» деген жеті
жол кейінгі басылымда кездеспейді. Біршама сөздер 290-292
беттерде: «қой – той, Шомқар – Шұмқар, Қоғалы – Қопалы,
елің - өлең, Қу – аққу. Қалдырдың –қараттың, Молдасына –
жолдасына» деп өзгеріске түскен. Сол беттегі: 25-ші жолдағы:
«Атекем Бейліс (…) өте бар» деген қатардағы «дозақ» сөзі
түсіп қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |