О.Бөкей шығармаларындағы (ауыл хикаялары) жазушының тілдік стилі
Шамшадинқызы Ақнұр 87757576833@mail.ru
Ә.Шәріпов атындағы № 16 орта мектептің «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі
Бұл мақалада О.Бөкей шығармаларындағы қаламгердің өзіне тән тілдік стилі талданған.
Оқырманға О.Бөкейді басқа қырынан таныту мақсатында «Ауыл хикаялары» таңдап алынды. Әр бөліміне ерекше тоқтала отырып, жазушының өзіне тән стилдік ерекшелін және талдау жұмыстарын жүргізбей тұрып, теориялық ақпараттар келтірілген.
Кілттік сөздер: О.Бөкей, шығармалары, тілдік стилі, «Ауыл хикаялары».
В данной статье проанализирован характерный для писателя языковой стиль в произведениях О. Букея.
«Сельские истории» были выбраны с целью удивить читателя О.Бокея с другой стороны. В каждом разделе представлены теоретические сведения, характеризующие характерную для писателя стилевую специфику и прежде чем проводить анализ.
Ключевые слова: О. Бокей, произведения, языковой стиль, "Ауыл хикаялары".
This article analyzes the language style characteristic of the writer in the works of O. Bukey, "Rural stories" were chosen in order to surprise the reader of O. Bokey from the other side.Each section provides theoretical information that characterizes the specific style of the writer and before conducting an analysis.
Keywords: O. Bokey, works, language style, "Ауыл хикаялары".
«Оралхан Бөкейұлы – әдебиетке бірден және өз бетімен, өз жолымен келген жазушы. Ол ешкімге еліктеген, солықтаған жоқ, яғни шәкірттік кезеңді аттап өтті. Оралханның өңделген, өзгерген, қайта жазылған не жарамсыз, жарияланбай қалған бірде-бір шығармасы болмауы осы пікірімізге толық дәлел. Бұл оның әдебиетке таланты толысып, дарыны дараланған тұста келгендігінің нақты көрінісі. Ал құдай берген таланты қанша болса да, өмірді танудың өзгешелігі бар. Ол болашақ жазушының өмірді білуге қажетті дүние құбылыстарын: аңғарғыштық, байқағыштық, сезімталдық сияқты қасиеттерге байыта түсетіні рас. Сондай-ақ, ауылда жүрген қаламгердің болашақ кейіпкерлерін оңай олжалайтыны бар. Ел ішінде он күн ойлап, қиялыңнан құрастыра алмайтын, кесек мінезді кісілермен, қилы-қилы тағдырлармен жолығып қалуың жеңіл екенін де ескерген жөн. Оң-солын танымаған, жоғары оқу орнын жаңадан бітірген балаң жігіттің таланты тасып бара жатса да, не жазарын білмей қалары сөзсіз. Әлгі, өмірді білмейтін, санасынан емес, саусағынан сорып жазатын жазушыларды жазғыруымыз да осы себептен ғой. Оралхан міне, осы жағынан келгенде көптен озды. Оның үстіне ол қаршадайынан газет жұмысына жегіліп, жазу-сызудың үлкен, тәлімді мектебінен өтті. Оралхан жазған очерктер көркем әңгімеге бергісіз, қызықтыра оқылатынын замандастары жақсы біледі» деп Қуанышбай Құрманғали Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі баға берген болатын.[1.1 б] Расымен қай шығармасымен таныссаңыз да кейіпкерлер сіздің айналаңыздағы таныс адамдардай көрінеді. Себебі: олардың болмысы мен сипаты барлығы оқырманға таныс. Жат кейіпкер жоқ. Бұның сыры қаламгердің тілдік стилі мен ерекшелігі екені даусыз.
Қазіргі таңда стилистика ғылымының да қоғамдық-әлеуметтік, функционалдық-коммуникативтік қызметі күшейіп, негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, қолданыс аясы кеңейе түсуде.
Қазіргі кезеңдегі функционалды стилистиканың өзектілігі мен дамуы құрылымдылықтан функционалдыққа лингвистикалық зерттеудің жалпы сипатталуымен байланысты көрінеді. Осыған байланысты прагматикалық бағыттарға, соның ішінде стилистикаға осы сипатталу бағдары жатады, өйткені стилистиканың негізгі қарастыратын мәселесі – мәтін, яғни тілдің функциялану заңдылықтары енетіні кездейсоқтық емес. Стилистиканың негізгі екі бағыты – «тіл құралдарының (ресурстар) стилистикасы» және «функционалды стилистика», бұлар – тілдің құрылымдық және функционалдық екі аспектісін көрсетеді. Функционалдық тек стилистикаға ғана қатысты емес, сонымен қатар тіл ғылымының басқа да салаларымен тығыз байланысты екені белгілі. Бұлардың ішінде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін тіл (ресурстар немесе құрылымдық) стилистикасы саласы – әріден келе жатқан дәстүрлі сала. Оны сипаттама стилистика десе де болады. Ол тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарын, тілдік тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін, мағыналық қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданылатын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың құрамына жатады. [1; 13 б.]
Тілдің стилистикалық синонимдік қатары – оның негізгі зерттеу аймағын құрайды. Бір сөзбен айтқанда, жалпыхалықтық тілдік қордың (байлықтың) стилистикалық құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың негізгі базасын құрайды. Көркем әдебиет стилистикасы туралы ғылыми бағыт жөнінде В.В.Виноградовтың пікіріне жүгінсек: бұл лингвоәдебиеттанушылық сипаттағы тарихи ғылымды білдіреді. Ол тарихи тұрғыдан дамуда әдеби тіл мен көркем әдебиеттің әртүрлі стильдік ерекшеліктерін зерттейді, ол бәрінен бұрын нақты бір даму деңгейіндегі әдеби тіл мен көркем әдебиеттің стилистикалық бағытын, талабын қаншалықты қамтамасыз ете алатындығын қарастырады. В.В.Виноградовтың 16 іліміне тән тың пікірлерінің бірінде қалыптасқан ұлттық әдеби тілдің негізінде функционалды стильдердің даму мүмкіндігі көрсетілген. Ал, негізінде ХІХ ғасырдағы орыс әдеби тілі осы бағытта болатын. Бұл бағытқа жеке сөйлеу стилистикасы немесе жазушы стилі мен жеке көркем шығарма стилін жатқызуға болады.
«Белгілі зерттеуші В.В.Виноградов негізін салған көркем әдебиет стилистикасының негізгі мәселелерінің бірі – көркем шығармадағы автор суреттеуінің берілуін зерттеу болып табылады. Әрбір сөйлеуші мен айтушының есінде болатын стилистикалық басты ұстанымдарының негізгісі – қарым-қатынас саласына байланысты тіл құралдарын орынды әрі тиімді қолдану керек, одан кейін оның мақсаты мен міндетін, жағдаят, айтылым мазмұны, жанр және т.б. экстралингвистикалық факторларды да естен шығармаған жөн» дейді ғалым өз еңбектерінде.[2.64 б.]
Теориялық тұжырымдар мен нақты тілдік талдау үлгілерінде мәтін стилистикасының анықтамалары В.В.Виноградов еңбектерінен бастау алып, Г.О.Винокур, Б.А.Ларин т.б. зерттеулерінде жалғастығын табады. Аталған зерттеушілердің еңбектеріндегі пікірлерге сүйене отырып, В.В.Одинцов тіл білімі тарихының жаңа сатысында стилистиканың қазіргі таңдағы жаңа бағыттағы мәтін лингвистикасына қатынасын анықтады. Өз еңбектерінде ол мәтін стилистикасына неғұрлым терең және теориялық тұрғыдан негізделген сипаттама береді.
В.В.Одинцовтың анықтамасы бойынша «Мәтін стилистикасы сөйлесу шығармашылығы (көркем әдеби) композициялық стилистикалық түрлер мен формалар, конструктивті әдістер мен сөз құралдарындағы сөз қызметінің құрылымдық-стилистикалық 20 мүмкіндігі бар. Мәтін стилистикасы сөйлеу стилистикасының құрамына кіреді». [1. 21 б.]
Сөйлеу стилистикасының құрамдас бөлігі бола тұрып мәтін стилистикасы белгілі бір мазмұнды беру, жеткізуде қарым-қатынас процесінде қолданылатын күрделі тілдік стилистикалық құрылымдарды қарастырады. Мәтін стилистикасы, біріншіден, көркем шығарма тілін немесе сөйлеушінің тілін терең әрі толық түсінуге көмектеседі. Екіншіден, мәтінді құрудың немесе дұрыс сөйлеудің жолдарын көрсете отырып, тілдік мәдени бірліктер мен дағдыларды жетілдіруге, дамытуға көмектеседі. Ол үшін мәтінді талдаудың методологиялық негіздері мен әдістемелік ұстанымдарын білу керек. Мәтінді стилистикалық талдау тілдік шығарманың басты идеясын, негізгі ойды терең түсіне білуге үйретуді көздейді.
Қаламгер шығармашылығының ең үздіктері деп бөліп алар туынды жоқ. Әр шығармашылығы өзіндік оқырманын таба білген, кейіпкерлерімен қатар ойланып, автордың өзіне шиеленіс сәтінде кітап ішінде жүргендей сезімді сезінеді. Бұның барлығы жоғарыда айтқандай қаламгердің ерекшелігі, өзіне тән стилдік бояу.
Жеке адам санасы мен әр түрлі кейіпкер іс-әрекетін оқи отырып, әр түрлі сезім мен «Атау керені» оқу арқылы психологиялық ахуалды, «Өз отыңды өшірме» романын оқу арқылы оқырман философиялық құбылыстарды, «Бәрі де майдан» оқи отырып сананың пластикасын беру мен түрлі монологтарды және «Құм мінезді» оқи отырып сыртқы құбылыстар (кейіпкер іс-әрекеті жеке портреті, сезімдік құбылыстар мен түрлі ишараларға) ерекше көңіл аударылғандығын аңғаруға болады. Повестерінің «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жетім бота», «Мынау аппақ дүние», «Өліара» әрқайсысы өз алдына бір төбе.
Ауыл хикаялары бірінші және екінші тараудан тұрады. Бірінші тарауының өзі он жеті тақырыпты қамтиды.
«БАСТАУ» алғашқы абзац оқыған кез-келген кейіпкерге немесе студент болсын өз ауылын егер ол жырақта жүрген болса, ішкі сезімін көз алдына елестетіп береді. Сағынышы мен ауылға деген аңсарын дөп басады. «Ойлап отырсам, күні бүгінге дейін, демек, ат жалын тартып мініп, қолыма қалам, қағаз алып, жазу өнерін қуғаннан бермен, елден ұзап шыққан жиырма жылдың ішінде кезекті еңбек демалысымды бірде-бір рет бөтен жұрт, өзге жерде өткізбеген екенмін-ау. Кейде «биыл көдедей көп демалыс үйлеріне барайыншы-ақ» деп қамданамын, амал не, жеме-жемге келгенде, «Қайдасың, ауылым» деп аңырата тартамын-ай, туған жер, өскен елге. Бұл не?» деп оқырманмен тікелей байланыс жасай отырып, сұрақ қоя және тікелей жауабын талап етеді. Оқырманда ішкі ойын кітапты парақтай отырып, жауап береді. [1; 8 б]
Авторы «Ауылға барған сайын, сол бір... беттері күнге тотыққан, тіпті қалай болса солай киіне салатын шаруа баққан жерлестерімді көремін. Қол беріп амандасамыз. Баяғыны еске аламыз. Той-томалағы болғандарға құтты болсын, ал өлім-жітімі барларға көңіл айтамын» деп бірінші жақта жазып сипаттап отыр. [1; 9 б] Оқыған оқырман бұл шығарманы жеңіл әрі жадында мәңгі жаттауының сыры неде? Жеңіл тіл және шыңайылықта. Шынымен де, әрбір қаладан келген әпке-аға, жеңге-көкелеріміз келе сала өлім мен жетімді аралайтыны ақиқат нәрсе тіпті көрген оқиға көз алдымызға еріксіз елестеп «ана, бәленше келгенде расымен-ау, солай жасап еді ғой, аралап еді....» деп кітап ішіне қайта жалғасын оқу мақсатында өз ойымыздан кітапқа сүңгиміз. Одан кейін әңгіме жалғасы «Астау» тақырыбына жалғасады. Автор: «Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...» деп аяқталады. [1; 20 б.] Себебі, атасы мен әжесінің қойынында еркелелеп өскен авторға апасымен қоштасу қиынға соғады. Ал, сол шешімді «Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...» деген қорытынды сөзінен толық ойды анық түсінуге болады. [1;20б.] Ауыл адамдары туралы сырда «Бес тиын» тақырыбы да бекерден тұрмаса керек. Оқырмандарына осы шығармасы арқылы автор әділдікті жеткізгісі келгендей. Тексерушінің «Міне, тазалық, әділдік деп осыны айт! - Аудандағы бастығы алақанын шапалақтап қуанды. Әйел адам еді, Зәкеңнің сауысқан шоқығандай шұрық-шұрық бетінен сүйіп алды. Облыстан келгендер де алғашқы әзірейіл қалпын өзгерткен. Күліп: «Молодец!» - деп, арқасынан қақты» деген пікіріне қуанудың орнына «Мен үшін құнсыз еш нәрсе жоқ. [1;26 б.] Жиырма бес жылдан бері тұңғыш рет бес тиын қате жібердім. Ертең ауылдастарымның, бала-шағамның бетіне қалай қараймын... Пәленің барлығы осы бес тиыннан басталмай ма... Атаңа нәлет-ай, қайда жібердім, неғып қара басты мені...» деп налуының астары адамзатты әділдікке шақыру деп түсінуіміз керек. [1; 26 б.] «Биғаң» бөлімі арқылы автор өз оқырмандарын жамандықтан тияды және атап көрсетеді. Оған құдағиы мен Биғаш диалогы мысал бола алады:
« – Биғаш-ау, әкем – деді шешем, өз-өзіңді қинап қайтесің.
– Әне, өйстіп зорлайсыңдар енді, - көзін ашып жіберді.
Дегенмен, осы ит маған жағатын секілді.
Стаканды ақырын ғана алып алдына койды. Сипалап отырып:
– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең ішіп мас болып, көшеде құлап қалғанын көрдіңіз бе?
Көргем жоқ.» деген мысал арқылы жеңіл тілмен, қалжыңды араласытыра отыра тәрбие береді. [1; 34 б.] Оны қабылдау әрине оқырман еншісінде. «Иғаң» тарауы арқылы қалың оқырманға жас ерекшелігіне қарамай-ақ, еріншектік қасиетін жілігін шағып талдап береді. «Еріншек-ақ кісі еді... Еріншек болғанда дәл сондай, алдындағы асты алып жеуге ерінетін адамды көрген де бар, көрмеген де бар» деп жеткізген сөзі барлық тақырыпты анық айтып отыр. [1; 37 б.]
Қорытындылай келе, О.Бөкей шығармаларындағы жазушының тілдік стилін талдау барысында нақты дәлелдермен анықтай отырып «Ауыл хикаялары» деп аталатын әңгімелерін талдай отырып, өткен ғасырдың 60-70 жылдарын осы топтамадағы шағын әңгімелер арқылы оқырман жақынан көріп, оқып таныса алады. Мұндағы әрбір әңгіме кезінде оқырманын да, әдеби ортаны да тіл көркемдігімен сүйсінткен, ой тереңдігімен тәнті еткендігін толығымен аңғара аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. О.Бөкей шығармалары. Бірінші том. – Алматы, 2013 «Ел-шежіре» ҚҚ
2. Қанабекова М.Қ. «Қазақ тілі стилистикасының негіздері» – Алматы: «Эверо» ЖШС, 2011. – 148 бет
3. Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики ВЯ, 1, 1955.
Достарыңызбен бөлісу: |